Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Вокзалдың түсірлеген, күңгірлеген дауыстары, паровоздың ақырған, ентіккен дыбыстары және жерді солқылдатқандай түсірлері естіледі. Бірен-саран адамның дауыстары естіледі. Қысқасы, тыстан жүріп жатқан тіршілік белгісі сезіледі. Банағы от жаққанда қып-қызыл болып қызған пеш тез суыды, пешпен бірге тез вагон да суынды. Қыраулары еріген темірлердің аққан сулары мұз болып, көбейіп, қырауланып қайтадан қатты. Уілдеген суық пен сәуле кіріп тұрған саңылауларға да шоғырланып қырауланып мұз қатты. Вагонның іші бұрынғысынан да жаман суыды. Жолдастар қалжырап, жүдеген, бұрынғы жүдеген үстіне мына вагонның ызғары батайын деді. Бізді енді қайтетінін ешкім де білмейді. Бәріміз де әр түрлі болжау айтамыз. Біздің вагонда отырған жолдастар: Катченко, Шафран, Авдеев, Кондратьева, Монин, Павлов, Дризге, Кременской, оның күйеу баласы — Юрашевич, Богомолов, Трофимов, Мартылого және Монин, Петракеев пен Абдолла, Бекен, Жұмабай, Ананченко, Котов, ал өзге жиырма шақты кісі екінші вагонда...

Аздан соң су әкелуге кеткен Катченколар келді.

Вагонды бекітісімен:

— Хаттар салынды ма?.. Газет бар ма? — деп жапырластық.

Катченко күліп:

— Бәрі де болды, хаттар да жіберілді, газет міне,—деп, қалтасындағы махорка-темекі ораған газетті суырып алды.

— Кім оқиды?.. Кім оқиды?.. Иван Павлович оқысын, Иван Павлович оқысын! — дестік.

Тұқыл шамды жақтық. Иван Павлович (адвокат) Трофимов — «эсерлердің солы» газетті оқыды. Бәріміз жұмылып тыңдап отырмыз. Газет — Омбыда шығаратын Колчактың газеті.

Әрине, Колчак газеті қандай болатынын көрмеген кісі де білуге тиіс: «Большевик жауыз, жойт, бұзықтар... Россияны бүлдіріп жатыр... Большевиктер тұрған қалаларда большевиктердің өздерінен басқа жан жоқ, бәрін құртқан...»—дейді. «Соғыс майданында, біздің пәлен полк «қызылдарды» Стерлитамак ауданындағы пәлен жерден кейін қуып тастады» — дейді.

«Осы қыстың өтуіне шейін ғана большевиктердің өмірі бар», — дейді.

«Совдепияның қазір жан-жағы қамаулы. Күн сайын темір құрсау Совдепияны қысуда. Енді бұл жауыздардың құтылатын жері жоқ», — дейді.

«Рейтер» агенттігінің алған телеграммасынан: «Петерборды жандарал Юденич алды деген қуанышты хабар келді», — дейді.

Қысқасы, осы тәрізді «қуаныш» хабарлар көп. Бірақ онша қуаныш емес те хабарлар бар: «Соғыстың тәсілі үшін біздің әскер Уфа қаласын қалдырып кетті», — дейді. Және: «Біздің әскер Орынбор қаласын қайтадан қамап алды», — дейді.

Көп хабар есітіп, жұрт жан кіргендей болып тіріліп қалды.

Әркім әр түрлі болжау айтып, әңгіме көбейді. Уфа мен Орынбордың алынғанын енді газеттен біліп, жолдастар жап-жақсы көңілденіп қалды.

Тағы да пешті жағып, пештің жарығымен әлгі газетті әрқайсымыз қайта-қайта оқып, көп уақытқа шейін әңгімелесіп отырдық.

Біз қамалып отырмыз. Вокзал, отарба тынбастан өз бетімен жүріп жатты.

Түн ортасы болды. Бүрісіп, оранып ұйықтап қалдық. Өлі нәрсе салып, бекіткен үлкен жәшік тәрізді қараңғы вагон жым-жырт болды.

Таң атты. Қараңғы вагон ала сәуле болды. Біздің тәңіріміз ала сәуле. Вагонның саңылауларынан уілдеп ызғарлы суық кіреді. Саңылаулардың бәрі аппақ қырау. Кейбір, іргеге таяу жатқан жолдастардың іргеге мұз болып киімдері қатып қалыпты. Тыстан ызғарлы суықтың шықырлаған даусы естіледі. Вагон аяз.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий