Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Таң атты. Жұрт көрден тұрғандай қопарылып-қопарылып тұрысты. Біз ашпыз. Басқа жолдастардың астарынан барынша алыстық.

Күн батуға таянғанда едіреңдеп, атаман Анненковтың белгілерін тіккен киімдерін киіп, атаманның солдаттары келді. Тез жиналтып-терілдіріп, төсектерімізді арқалатып, бізді айдап алып жөнелді. Барактағы тірі өліктермен тез қоштасып, шұбатылып шықтық.

Күн ызғырық суық. Шаңғытып жаяу борасын жүріп жатыр. Бізді қаланың ішіне кіргізбей, жолсыз, соқпақсыз тың қармен омбылатып айдап келеді. Беті қатқан кеудірлек қалың қармен келеміз. Кеудірлек қар кейде көтеріп, кейде гүмп етіп ойылады. Көрпе-жастықтарымызды арқалап, шұбатылып, шот аяқтап малтығып келеміз. Жаяу борасын шаңғытып, сырғанап, алды-артымызды орайды. Бізді вокзалға қарай алып келеді.

Вокзалға алып келді. Олай-бұлай өткен адамдар аңырайып қарап өтеді. Кейбіреулер аңырайып, жолды бөгеп қарап тұра қалады.

«Былай жүр! Аулақ жүр!» — дейді атаманның «азаматтары».

Аңырайған жұрт тез жасқанып, аулақ жөнеледі.

Жан-жағымызда, алды-артымызда мылтықтарын даярлап ұстап атаманның «батырлары» келеді. Вокзалдың алдында қатар-қатар шұбатылып жатқан жыландарша тармақ-тармақ темір жолдарда тұратын көп вагондарды аралатып айдап отырып, мал қамайтын бір-екі вагонның қасына келіп бізді тоқтатты.

Арқалаған нәрселерімізді жерге қойып, бәріміз иіріліп тұрдық. Конвойдың бастығының біреуі барып, бір темір жол қызметкерін алып келді. Әлгі біз қасына келіп тұрған мал қамайтын екі вагонды ашты. Вагонның жан-жағын айналып көрді.

— Кәне, енді кіріңдер мына вагондарға, — деді, — екі бөлініп кіріңдер! — деді.

Бөлініп, екі вагонға кірдік.

Вагон суық. Жұқа. Саңылауларынан улеп жел кіреді. Вагонның ішінде көлденең ұстаған бос тақтайлар бар екен. Бәріміз соған мініп, ұйлығып отырдық. Вагонның ортасында қалың темірден істеген пеш тұр. Терезе жоқ, терезенің орнында темір қақпақты тесік бар екен, оны бекіттіріп қойды. Вагонның есігін жапты, сыртынан сылдырлатып темірмен бекітті. Вагонның жанына қарауыл қойып, «батырлардың» өзгесі кетті.

Қараңғы вагонда ұйлығып, жай сөйлесіп біз отырдық.

Біраз уақыт өткен соң вагонның есігін ашты. Күн кеш болған екен. Есік ашқан атаманның солдаттары екен.

— Мә, мына нанды алыңдар, —деп екі бөлек нан берді. Екінші вагонға да екі бөлек нан берді.

— Вагон басынан бір-бір кісі шығыңдар қайнаған су алуға, — деді.

Екі вагоннан екі кісі шықты. Нан әкелген солдаттар қайнаған су алуға екі темір шелек әкелген екен. Шелектерін біздің вагоннан түскен екі кісіге берді. Төрт солдаттың біреуі:

— Онсоң біліп қойындар: егерде біреуің қашамын деп ойласаңдар, сол табан жерде атыласыңдар! — деді.

Конвойлар біздің екі кісіні су әкелуге айдап жөнелді. Есікті жауып қойды. Бір жолдас майшамның тұқылын жақты. Тез су әкелді. Вагонды ашып, суды берді. Шелекті вагонда тұрғандарға беріп, су әкелген жолдас секіріп вагонға мінді. Вагонның басқышы жоқтықтан секіріп мінеді. Вагонның қайта есігін бекітті. Сықсиған тұқылдың жарығымен шай іштік.

Шай ішіп аз жылынып, біраз әңгімелесіп отырдық. Вагон суық. Саңылаулардан улеп мұздай ызғарлы суық жел кіреді. Біздің демімізбен вагонның темір шегелеріне аппақ қырау тұрды.

Вагонға мінген соң, жұрттың ойы күштірек қозғалған тәрізді. Ылғи бір орында еріксіз көп отырған адам не қылғанда да жүруге құмар болады. 1918 жылдың маусымының басынан 1919 жылдың қаңтарының бесіне шейін Ақмола түрмесінде отырдық. Жеті ай!.. Жеті ай қапаста... Оның екі айында қол-аяғымызда қандала, темір шынжыр болды. Екі айдай күн сайын өлім күтіп отырдық. Жеті айда күн сайын төрелердің қорлығын, әрбір қылыш, мылтық асынған «батырдың» кәрін көріп отырдық. Ақырында, 1919 жылдың қаңтарының бесінде, Қызылжарға айдап жөнелді. Ақпан мен қаңтар. Қызыл шұнақ аяз. Қызылжар мен Ақмоланың арасы бес жүз шақырым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий