Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жолдастардың көңілдері әжептәуір көтеріліп қалды.

Ақмола мен Қызылжардың арасына он сегіз күн жүріп келдік. Қаңтардың бесінде Ақмоладан шыққамыз, жиырма үшінде Қызылжарға келіп кірдік.

Қызылжардың үлкен көшесіне келіп кірдік. Тізбектеліп келе жатырмыз. Конвой мылтықтарын ыңғайлап ұстап бізді қоршап келеді. Көшедегі жұрт аңырайып қарап қалады. Қызылжар маған бұрынғыдан бір түрлі зор тәрізді көрінді. Халқы да бұрынғыдан көп тәрізді, адамдары да бұрынғыдан бөтен жат сияқты. Көшеде жүрген әскери киімділер көп. Киімдері орыс солдаттарыныкіндей емес — әдемі. Түрлері сұлу, бойлары сымдай. Чехословактар екенін танып келемін. Жүрістері бір түрлі сейдін. Жаңа ғана бәйге алған аттарша аяңдайды. Сырт-сырт, жалт-жұлт.

«А-ай, мына иттер екен-ау!» — деймін ішімнен.

«Қаланың мешаны мен байларының жақсы асы, жақсы аты, сұлу әйелі бұлардың жолында-ау!» — деймін.

Қызылжардың үлкен көшелерін аралатып отырып, бізді әкеп қаланың шетіндегі жұқа тақтайлардан істеген бірлагерьге қамады.

ІХ. АТАМАН АННЕНКОВТЫҢ «АЗАП ВАГОНЫНДА»

(В «вагонах смерти» атамана Анненкова)

Азап вагонындағы халды айтудан бұрын, Қызылжар қаласының тұтқындарды қамайтын лагері туралы біраз сөз айтып етейін.

Қызылжардың үлкен көшелерін аралап отырып, бізді қаланың шетіндегі лагерьге әкеліп қамады.

Бізді қамаған қорасы ұқыпты байдың мал қамайтын қорасынан нашар. Жұқа тақтайдан қаластырып шегелей салған, төбесін және жұқа тақтаймен бос жаба салған ұзын қора. Төбесінің және іргесінің кей жерлерінің тақтайлары не түсіп қалған, не аралары ашылып ырбиып қалған. Сол ашық жерлерінен қораға улеп қар кіріп тұрады. Қораның лыпасы жоқ. Қарап тұрсаң жел кірмейтін, желмен бірге қар кірмейтін жері жоқ.

Лагерь дегені — қоғамдап салған бес-алты тақтай қора. Лагерьдің қорасын барақ дейді. Барақтың бір-екеуінде жаһангерлер соғысында тұтқын болған Австрия мен Германия әскерлері жатыр екен. Біреуінде Ақмола губерниясында совет құлағанда тұтқын болған біздің қызыләскерлер жатыр екен. Бізді сол өзіміздің қызыләскерлердің үстіне әкеліп қамады. Бәріміз шұбатылып, топырлап бараққа кірдік. Барақ, әлгі айтқандай аңлау-саңлау, саңлауларынан уілдеп желмен бірге қар кіріп тұр. Барақтың орта кезінде сөре тәрізді үш-төрт тақтай тұр. Жер едені қатқан тоң. Барақтың өзі даладай кең. Біз топырлап бараққа кіріп келгенімізде жыртылған сұр шекпендерін солбырайтып он шақты адам алдымыздан шықты. Бірінде адам тәрізді өң жоқ. Беттерінде, бар денелерінде қармаққа шаншым ет қалмаған. Сүйектеріне терілері жабысып кеуіп қалған. Қан жоқ. Көздері үңірейіп ішіне кіріп тұз тәрізді қатып қалған. Тірі өлік тәрізді. Қимылдары түрегеп ұйықтап жүрген есалаң адамдікіндей. Біз кіріп-кіріп келгенімізде азғана аңырайып-аңырайып тұра қалсақ та, тез жапырласып әлгі адамдармен сөйлесіп амандасып, жөн сұрасып жатырмыз. Бұлардың іштерінде бір-екеуі біздің Ақмоланың күздігүні Қызылжарға айдалып кеткен алпыс шамалы қызыләскерінің жігіттері болып шықты.

Біздің Ақмолада тұтқын болған жетпіс шамалы қызыләскерді күзді күні Қызылжарға айдап жіберген еді, бұлардың біразын алып қалып, өзгесін босатып жіберген екен. Сол босатпай алып қалғандардың көбі өліп қалыпты. Қазіргі тірі қалғанының бірі — қызыләскердің үйретушісі болған Капылов екен, бірі—бір аяғына оқ тиген жігіт екен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий