Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Міне, осының тең жартысын әркім жаяу жүрді. Мен оның қақ жартысынан да көбін жаяу жүрдім. Бірақ жолдастардың бәрі де жүргенге ырза. Не де болса жүргенге ырза. Жолдастардың көбі не болса да бір-ақ көргенін жақсы көреді. Ақмола мен Қызылжар жолында он үш күн жүрдік. Қызылжардың лагеріне келіп кірдік.

Міне, вагонға келіп қамалып отырмыз. Суық, қараңғы вагон. Енді қайда апарады? Енді нелерді көреміз? Бұл азаптың бітетін күні қашан туады? Қашан туады ондай күн? Ондай күнді кім көреді, кім көрмейді? Бізді Омбыға апармақ. Омбыда сот болады дейді. Қандай сот?.. Бірақ болсын, тез болсын!..

Жұрт тар вагонда көлденең ұстаған тақтайға төсектерін салып жатты.

Түн ішінде біздің вагондарымызды қозғады. Ерсілі-қарсылы сүйреп, біресе олай апарып қойып, біресе былай апарып қойып, біраз уақытты өткізді.

Жеті, сегіз айдан бері даң-дұңды ұмытқан құлаққа вокзалдың, отарбаның, темір жолдың шуы, тарсылы, самбырласып сөйлесіп, айқайласқан адамдардың дауыстары, отарбаның жер жаңғыртқан ысқырығы, кондукторлардың ысқырықтары, олардың ишарат дауыстары — бәрі бір түрлі жат болып естіледі. Бөтен дүние... Сырттағы барлық шу, тарсыл, дауыс — бәрі бір дүниенің белгісі. Қараңғы, суық вагонның ішіндегі біз — басқа дүниенің жайы.

Көп уақыттан соң бізді бір сүйреп алып кеткен бойымен алып кетті. Қараңғы түнді қақ жарып, шұбалған жалды қара айғыр дүрсілдетіп ысылдап, танауынан дем атып бізді сүйреп алып жөнелді.

Қайда апарады?.. Кімге апарады? Неге апарады?.. Апар, апар!.. Тезірек апар!..

Омбының вокзалына әкеліп тоқтатып, біздің екі вагонды темір жолдың бір қалтарысына итеріп апарып қойды.

Вагонның саңылауларынан сыздықтап ішіне сәуле кіреді. Жарық таңды, алтын күнді Қызылжардан шыққалы көргеніміз жоқ. Қараңғы вагонның кішкене саңылауларынан кірген нәзік сәулелер вагонның ішін күңгірт ала сәуле қылады.

Бір бәкімен ептеп вагонның саңылауларын шұқып, тақтайларын жонып, азырақ-азырақ кеңіттік. Сыздықтап кірген алтын сымдай нәзік сәуле көбейіп, айқын болмаса да, бір-бірімізді көріп отыратын болдық. Және ала сәулеге көз үйренді.

Вагонға кірген соң аштық бізге де шындап сезіле бастады.

Күзетші қарауылдан өтініп қайнаған су сұрадық. Күзетші қарауыл солдаттар біздің вагондарымызға тіркеулі бөлек вагонда болады. Екі солдат біздің екі кісіні су әкелуге алып жөнелді.

Темір пешке жағатын отын сұрап алдық. Пешке от жақтық. Суық вагонның іші жылыды. Әсіресе пешке таяу жерде адам отыра алмайтын болды. Темір пеш қып-қызыл болып, маңайын ысытты. Қатып тоңып отырған аш тұтқындар жылынып кенеліп, біраз жадырағандай болды. Қайнаған су келді. Қарауыл солдаттар өлшеп беретін нанын әкеліп берді. Беретін наны Қызылжардан шығып вагонға мінген соң, тіпті азая бастады. Бұрын нанды күнде бір мезгіл өлшеп беретін еді, енді екі күнде бір беруге айналды.

Қып-қызыл болып қызған пештің айналасында қыздырынып, қайнаған суды ішіп, берген азғана нанды жеп отырмыз. Вагонның саңылауларынан кірген қыраулар еріп су болып ағады. Вагонның кей жеріндегі темірлерге аппақ қырау тұрды. Пештің қызуы көбірек барған маңайдың темірлеріне тұрған қыраулар еріп, сулары жылап төмен ағады. Тыс қатты аяз. Сібірдің кәдімгі шытырлақ аязы. Тыстағы қардың шықырлаған дауысы көш жерден естіледі. Темір жолмен жүрген вагондардың дөңгелектері де көш жерден шықырлайды. Вокзал маңында жүрген паровоздардың ақырған дауыстары шытырлаған аязды қақ жарады.

Кешке жақын тағы да су сұрадық. Екі қарауыл рұқсатымен сатуға бір уақ-түйек нәрселерімізді жібердік. Тапсырған нәрселеріміздің: нан, темекі, қағаз, конверт, марка —бәрін алып келді. Және артық ақша да алып келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий