Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әрқайсысын бөлек-бөлек қамап алып, сез сұрап жатырмыз. Бұлардың араларында екі ноғай жігіті бар екен. Аттарын ұмыттым. Бірі — Қызылжар қаласының ноғайы. Бәрінен пысығы, бәрінен тыны сол. Көп сөзге содан қандық. Біраз сөз сұрап болған соң, тараңқырап барақтың іргелеріне қарап тұрсақ, бір бұрышта бірдеме қыбырлайды... Жүрек мұздай болды. Қыбырлап жатқан — адам. Жамылғаны — жыртық шекпен. Төсеніші — кір көйлек. Төсегі тоң жер. Жүгірісіп келіп, ентелесіп телміріп қарадық. Иә, өлудің алдында жатқан біздің қызыләскер. Кеуіп қалған сүйек пен тері. Ыңырсиды. Жалаң аяқ, башайлары үсіп, қатып, омырылып түсіп қалыпты. Тірі жүрген он шақтылары бұған жәрдем қылуға өздерінің шамалары жоқ. Жалғыз-ақ есін жақсы білетін әлгі айтқан қызылжарлық ноғай жігіт. «Бұл не?.. Бұл қалай?» — деп әлгі айтқан қызылжарлық жігіттен, онан соң азырақ әлі бар Капыловтан сұрадық.

Бұлардың сөздерін тыңдағанда, біздің көргеніміз, біздің азабымыз — үйреншікті істей ғана болып көрінді. Бұлардың көргендерін естігенде, төбе шаш тік тұрады. Кімнің төбе шашы тік тұрмас? Кім лағынет айтпас!? Кім жерге түкірмес?..

Бұларды құр қамап тастап, сырттан күзетеді екен. Анда-санда бір шелек қайнамаған қара су мен қара нан әкеліп тастап кетеді екен. Киімдері жұқа жыртық болған соң, жатқан жерлері қарлы жел уілдеген барақ болған соң, азап шегіп, бұлардың бәрі ит жемеде осылай қырылып таусылған екен. Әзір тірі жүргені — сол біз көрген он шақты тірі өлік. Ана ыңырсып жатқан, өлуге жақындаған, кезегі таянған тұтқын екен. Бұларды көріп, қайнаған зығырдан тағы да тулап қайнады. Кекті жүректің улы кегі ұласты. Өз-өзінен шақырласып, азу тіс айқасты. Құшырланған құр жұдырық өз-өзінен түйілді...

Әлгі тың жүрген ноғай жігіттен біраз сөз білдік. Қызылжарда Совет алғашқы құлаған кезде біздің жолдастардың қалай атылғандарын айтты. Қайсысының қалай өлтірілгенін айтты. Қызылжардың жарақтанған қазақ жұмыскерлерінің бастығы, уездік милицияның бастығы және Қызылжар Советінің мүшесі Ысқақ Көбекұлы қалай өлтірілгенін айтты. Қызылжар Советінің мүшесі Кәрім Сөтешұлының қалай өлтірілгенін, тағы сол Совет құлайтын қарсаңда біздің Ақмоладан Қызылжарға келген матрос Зиминнің қалай өлтірілгенін айтты. Бұлардың әрқайсысын қалай атқанын бір-бір кітап қылып жазуға болады.

Етін жеп терісін алатын кейбір жануарды да адам баласы бұлардай қылмас. Бұлар туралы бірде толық қылынып жазылар.

Бар азықтарымызды барақтағы сол он шақты тірі өліктерге бердік. Киімдерімізден де шығарып, шығарып бердік. Тәп-тәуір болып киініп, өңдеріне болмашы қан жүгіріп қалды.

Азықтарымызды шығарып бере бастағанымызда, әлгілердің үңірейіп, өзеуреп асқа ұмтылғандарына жан қарап тұрарлық емес. Үңірейіп іштеріне кіріп, мұз тәрізді қатып қалған көздері шараларынан шығып кете жаздады. Қалтылдаған қолдарымен, қу сүйек тәрізді саусақтарымен берген нанды бүріп-бүріп алды. Қатып қалған жақтарын ыржалаңдатып ашады. Қалтылдап асығып, нанды көмейлеріне тығады. Үңірейіп қатып қалған көздерін басқа қолдағы наннан айырып ала алмайды.

Міне, хал! «Оқулымыз» деген, «сыпайымыз» деген, «адамгершілік бізде ғана бар» деген мырзалардың адам баласына қылып жатқан істері осындай!..

Енді бізде барактың тоң, жер еденінде үйіліп жатырмыз. Есікті атаманның «азаматтары» күзетіп тұр. Түрлері жау түсіріп әкелген батырлардың түрлеріндей. Қызылжар қаласына таянған кездегі «Орынбор, Уфа қалаларын қызылдар алды» деген хабарды естігендегідей емес, атаманның азаматтары тағы да сестеніп алыпты.

Біз —бір қос болып келе жатқан: мен, Бәкен, Абдолла, Жұмабай, Баймағамбет — бәріміздің әлгі аштарға берген соң, азығымыз болмай қалды. Енді өзіміз аш қалдық. Қаладан азық алғызуға Абдолла етігінің өкшесіне тыққан 100 сом ақшасын алды. Ақшаны есік алдында күзетте тұрған менің жиеніме Жұмабай апарып берді. Жиен күзеттен босанған соң, ақшаны алып қалаға кетті. Кешке шейін келмеді. Біз тықыршып, жиенді күтіп отырып-отырып, келмеген соң жатып қалдық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий