Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Бұл — қай жердегі штаб? Анненковқа ма? Бірақ Анненковқа болса, «Атаман Анненков штабының әміріне» деп жазар еді ғой? Атаман Семеновтың штабы ма. Әлде?... Жоқ, басқа бір жандаралдың әміріне ме?... Бұл «Степ корпусы» деген қай жерде?» — деп, жолдастар дал болды.

Жолдастардың бәріне де түрлі қиял, түрлі ой кірді. «Енді қайда апарса да бір штабқа алып барып, «майдан сотына» беріп, бәрімізді атуға апарады», — десті. «Өйтпес» деп енді ешкім айта алмады.

Ызғарлы азап вагонында жолдастардың бәрі де қатқан қабақтарын қарс жауып, тұнжырасып отырды.

Кеш болды. Вокзалдың маңын көріп қалайын дегендей, вагонның бір үлкен саңылауларынан сығалап тұрдым. Вагондарымыздың оңтүстік жағында қолдарында бірдемелері бар екі жұмыскер темір жол бойында бірдеме қылып жүр. Аспан бұлтты. Күн онша суық емес. Оң жақтағы екі жұмыскерден басқа, жақын маңда адам білінбейді. Солтүстік жағымызда, алды-артымызда тұрған көп жай вагондардан үн шықпайды, бірақ маңай күндегідей дыбыс, дауыс, шаң-шұң. Темір жол бойында қызметтерін атқарып жүрген кейбір қызметкерлердің вагондарды қозғап, дауыстап, бір-біріне сөз қатып жүргендері естіледі. Жай жүрген паровоздың пысылдап ентіккен демдері естіледі. Кей уақытта қара жерді қақайырып жібергендей күрсілдеп, асығып жүгіріп ентіккен паровоздың дыбысы, аспанды қақ айырып, ақырып өткен даусы естіледі. Сықыр-сықыр дөңгеленіп, вагондардың бір-біріне соқтыққан дыбыстары естіледі. Азырақ желденіп, ұшқындап қар жауды. Көктегі жұлдыздардай жарық сәулелерін шашып, электр шамдары жанды. Темір жолдың кейбір жерлерінде қызыл, көк фонарьлар жанды. Отарбалардың, вагондардың қозғалу дыбыстары күндегідей. Таусылмайтын тәрізді. Темір жол жұмыскерлерінің алыстан бір-біріне дауыстап, самбырлап, қолдарындағы фонарьларын бұлғағандары көрінеді. Бір-біріне ысқырып ишарат қылғандары өзге дауыстардан өзгеше жаңғырығып естіледі. Екпіндеп ішкі Сібір жақтан салдыр-гүлдір етіп өкіріп, вокзалға қарай поезд өтті. Бір-екі ақырып барып тоқтай қалды. Тағы да бір-екі ақырып жіберіп, вокзалдан ішкі Сібірге қарай сықырлап, жер қайыстырғандай болып бір поезд жүрді. О да өтті... Күндегідей вагондардың қозғалып бір-біріне соқтыққан сықырлары, күндегідей паровоздың ентігіп ақырған дауыстары, күндегідей темір жол жұмыскерлерінің шүлдірлеген дауыстары, ысқырғандары, күндегідей дүрсіл...

Үн жоқ, түн жоқ қараңғы, суық, мұз вагонда біз отырмыз. Дүниенің бөлек қалған адамдары тәріздіміз. Сырттағы тіршілік, сырттағы дүние бізге қарамай, өз бетімен салдыр-гүлдір етіп, шулап кетіп бара жатқан тәрізді. Вагонның жақтауына сүйеніп, саңылауынан қарап көп уақыт тұрдым. Вокзалдың, темір жолдың тіршілік суретін әнеугіден бері байқамай жүріп, жаңа ғана көрген тәрізді болып тұрдым...

Түн ортасына шейін пеш жағып отырдық. Дризгенің науқасы қалжау болды. Дризге үндемей жатады. Әлі күн сайын азайып шығады. Тақтайдың үстінде Павлов өлген соң, Дризге қатты науқас болған соң және жалпы бәріміздің халымыз күн сайын төмен кетіп бара жатқан соң, бәріміз де бұрынғыдан да жүдеулеуміз. Жатқан жолдастар жатып, жатпағандарымыз пештегі жанған отқа қарап отырмыз. Вагонның пешке таяу жерлерінің мұздары күндегідей еріп, жылап, төмен қарап сулары ағады. Вагонның саңылауларынан жел күндегіден екпіндірек улейді. Тыстағы қаттырақ соққан желдің дыбысы естіледі.

Түн ортасы кезінде біздің вагондардың қасына самбырлап сөйлесіп келген адамдардың дауыстары естілді. Қарауыл солдат жөн сұрады. Сөйлесті. Вагондарды айналып жүріп сөйлесіп кетті. Әлден уақытта ентігіп, жай сықырлап аяңдап, ысқырып қара айғыр — паровоз келді. Қарауыл солдат сөз қатты. Біреулермен сөйлесті. Паровоз бізді қозғады. Қозғап, сүйреп алып жөнелді. Бір жерге апарып тастап кетті. Жолдастардың ұйықтағандарының бәрі де оянған... Кешікпей паровоз дүсірлеп, тағы да келіп ала жөнелді. Тағы да апарып қойды.

Олай-бұлай салдырлатып, сүйреп алып жүріп, ақырында, ұзаққа алып жөнелді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий