Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сот болса, тексеру болса, Омбының абақтысына қамар еді. Бұлай алып жөнелгені — өлтірмек болғаны, — десті.

Мен де «олай емес» деп айта алмадым. Тұнжырап отырдық.

Шафран:

— Қалай қылсақ та қашу керек. Одан басқа енді лаж жоқ. Сөйтсек қана біріміз өлсек те біріміз құтылуға мүмкінбіз! — деді.

Ана жолдастар да соны қуаттады. Мен үндегенім жоқ. Шафран:

— Осы поезд жүріп бара жатқанда лажын қылып, түсе қашу керек! — деді.

Катченко:

— Вагоннан қалай шығамыз. Және қолда сайман жоқ. Құр қолмен вагонды бұза алмаймыз және қарауыл өз вагондарының есік алдында тұрып, осы поезд жүріп бара жатқанда да қарап тұратын сияқты. Көріп қалады. Көріп қалса, харап боламыз! — деді.

Котов:

— Мына пештің мойны шыққан арадан вагонның төбесін бұзып шықсақ, көрер ме еді! — деді.

Солай әрқайсымыз әртүрлі план ойлап отырдық.

Бір мезгілде Шафран тұрып:

— Мына темір терезе қақпақ ашылса жақсы болар еді.

Егерде бұл ашылса, онсоң күзетші солдат вагондарының есік алдынан біздің вагонға қарамай тұратын мезгіл болса, осы тесіктен секіріп түсуге болар еді,—деп, Шафран зырлап дүрсілдеп бара жатқан вагонның екпінімен теңселіп, темір терезе қақпаққа барды. Темір қақпақты шұқылап, біраз айналдырып еді, қақпақ ашылып кетті. Шафран үндемей, «көрдіңдер ме?» дегендей бізге қарады. Біз де үндемей қалдық. Шафран түнде үйге бас баққан ұрыша ақырын тесіктен тысқа басын шығарды. Поезд шайқалып, белгілі күйіне басып билеп, теңселіп, зырлап келеді. Шафран біздің алдымыздағы конвой қарауылдар келе жатқан вагонға қарады... Сол кезде мылтық дауысы шаңқ ете түсті. Шафран басын кейін жұлып алды. Тез темір қақпақты жаба қойды. Бізге қарап:

— Иттің баласы қарап тұр екен. Менің басымды көздеп атып жіберіп еді, оғы тимей өтіп кетті. Ит, түнде жүріп бара жатқанда да күзетіп тұрады екен,—деді.

Ол түн солай өтті.

Ертеңінде тоқтаған бір станциядан нан мен су алып, біраз жан шақырдық... Жүріп келеміз. Күндегідей вагон, күндегідей жүріс. Күндегідей пеш. Күндегідей пеште жанған тас көмір... Кеш болды. Поезд құтырып «Мазурка» күйіне басып, орғытып билеп келеді. Жолдастардың көбі пештің айналасында отыр. Бір мезгілде сәкіде жатқан Монин Нестор басын көтеріп алып, сәкіден аяқтарын салбыратып жіберіп отырды да:

— Жолдастар! Колчак қашты! Жаңа жандарал Гайда өтіп кетті! — деді.

Бәріміз де жалт-жалт қарап, таңырқағандай аңырая қалдық.

— Өй! Не дейсің? Колчак қашан қашты? Гайда қалай өтті? Не деп отырсың? — дедік.

Гайда деген, чехословактардың жандаралы. Қызылдармен соғысып жатқан майданның басында болатын. Газеттен атына қанық болатынбыз.

Монин және бірдеме деп сәкіден секіріп түсті. Монинның ауырып қалғанын білдік.

Монинды жатқыздық. Монин тағы да басын көтеріп алып:

— Жасасын социалшыл құрама совет республикасы! — деді.

Жүріп келеміз.

Қол-аяқ темірмен буылған, тілсіз жаудың қолында қалған тәріздіміз. Дүлей, қара пәле қозғалтпай, кеудені басып алғандай. Осы көріп келе жатқанымыздың бәрі — бір шырмалған ауыр түс тәрізді... Заулап жүгіріп поезд келеді. Кей жерлерде тоқтап тұрады. Кейбір станцияларда тіпті ұзақ тұратын болды. Кей станцияда біздің вагондарды ағытып алып, екінші поезға тіркейді. Екінші вагондағылар да біздей. Ондағы Хафиз нашар ауру болып алыпты. Күн сайын екі вагонда да ауырған кісінің саны көбейіп шығады.

Омбыдан шыққалы жол бойы Омбыға қарай өтіп жатқан поездардың көбінде толған әскер. Көбі шулап өтеді. Бәрі мас тәрізді. Киімдері нашар. Көбі мұжық балалары. Дүрсілдеп, жүгіріп поезд өтеді. Ішінде лық толған шулаған, біздей болмаса да кір-кір солдат. Кейбір вагондағылар зарлап, шулап ән салып өтеді. Оларды поезд күнбатысқа алып барады. Бізді күншығысқа алып барады. Оларды да өлімге апарады, бізді де өлімге апарады. Міне, қара пәленің үкімі!..

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий