Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Барнауыл мен Семей арасында ұзақ жүрдік. Әрі-беріден соң кепкен, солған, сенделген тұтқындар судың өзіне зар болды, су жоқ... Қарды алғызып тұрғызбайды... Күніне кейде бір мәрте, кейде екі мәрте вагоннан шығарып-кіргізгенде, асып-сасып алып кірген аз ғана қоқым қарды ерітіп, алдымен ауруларға беріп, қалғанын саулар бір стаканнан, жарты стаканнан бөліп ішеміз. Адам баласы аштықтан гөрі шөлге осал болады екен. Ең алдымен, адамға өзге астан су қымбат екен. Кеуіп шөлдеген тұтқын қапастағы жолбарыстай қарайды. Көз үңірейіп ішіне кіріп, қып-қызыл болып жайнайды. Сөйлеуі азая береді. Делбе болған жылқыдай сенделеді. Бәрінен бұрын су керек. Дүниенің ең қымбатты нәрсесі су екенін мен сол вагонда ғана білдім. «Уа, шіркін, таудан сылдырап аққан тас бұлақтар!.. Талай өттім-ау аттап сендерді!..» — деген ой басқа талай келді...

Ақырында Семейге келдік. Боран ашылған... Таң ата келдік. Темір жолдың нәрсе тиейтін станциясына біздің вагондарды ағытып бөлек қойды. Су алып ішіп, «уһ!» деп дем алдық. Тұрған станциямыздан қала көрініп тұрады. Екі шақырымдай... Күн шыққан. Бізді вагоннан түсірді. Онша, күндегідей асықтырмады. Ақ қарға беті-қолымызды әбден жуғанша уақыт берді...

Жер-дүниеде аппақ қалың қар. Жыпырлап, үлкен поселке тәрізденіп Семей қаласы жатыр, күн суық емес, жылы. Қаланы да қар басқан. Аспанда бұлт жок. Кіршіксіз аппақ қардың беті гәуһардай құлпырады. Тап-таза аппақ қардың мың құбылған жауһарымен алтын күннің шұғыласы шағылысып, ойнап, неше түрлі от шашады. Нәрсе тиейтін станцияда жұмыс қылып қыбырлап біраз адам жүр. Станциядағы бір вагонға салып қатырған қой еттерін шанамен тасып әкеп енгізіп қазақтар жүр. Ойларында ештеңе жоқ: бәрі алқам-салқам...

Конвойымыздың бастығы офицер, бір-екі солдатпен қалаға кетті. Қалған екінші бастық бізге біраз нан әперді.

Енді азырақ жан шақырдық. Және алдымызда не күтіп тұрса да, қалаға келген соң, мына азап вагоннан құтыламыз деп, жолдастардың көңілі жадыраңқырады.

Кешке дейін сол станцияда тұрдық, қашан келіп, қалаға апарады деп тықыршып отырмыз.

Кешке офицер келді. Вагонды ашып кірді.

— Но, қайта жүретін болдық, бүгін кешке қайта жүреміз,—деді.

Біз таң-тамашамыз.

— Білуге бола ма? Неге қайтарады? Енді қайда апарасыздар? — дедік.

— Қайта алып жүруге бұйрық қылды, одан басқасы жоқ, — деді.

Офицер шықты. Вагонның есігін жауып қойды.

«Бұл қалай? Бұлары не?.. Неге әкелген? Енді неге қайтарады?.. Енді қайда апарар екен?.. — деген ой біраз әңгіме болды. Қазір Семейдің халы нашар шығар,— дедік. Сонсоң бізді алмаған шығар... Енді ылғи вагонда алып жүре берер, —дедік.

— Әуелде Семейге әшейін, жолшыбай қыру үшін әкелген ғой. Енді Сібірдің бір түкпіріндегі түрмеге апарар, — дедік.

Қысқасы, не екеніне түсіне алмадық. Түнде Семейден қайта жүріп кеттік. Түнде біраз жүрген соң поезд аяңдады, тоқтады. Тағы да жаппай аяңдап жүрді. Тағы да тоқтап тұрды... Көп уақытты солай өткізіп, тағы да жүріп кетті.

Таң атты. Ол күні біраз жүрдік. Ертеңінде күн боран болды. Поезд жай аяңдап қана жүреді. Ақырын жортады.

Бұл қалай десек, жолды қар басып қалып, поезд жүре алмай келеді екен. Және поезд қызметкерлерінен басқа жан жоқ... Жүк таситын поезд екен...

Поезд аяң мен бүлкілден артық жүре алмады. Жиі тоқтайды. Ұзақ тұрады. Боран екі-үш күн соқты. Күніне жиырма бес шақырым жүрген күніміз болды. Енді тегіс қалжырадық. Нан көрмегенімізге үш күн болды. Су да бірде бар, бірде жоқ...

Боран ашылды. Бірақ қардан поезд жылдам жүре алмай келеді. Нан да жоқ, су да жоқ. Нан көрмегенімізге енді төртінші күнге айналды. Жұрт қалжыраған аш жолбарысша бүкшиді. Үңірейген көз бұрынғыдан да жаман үңірейді. Көздің оты азайып, уыты көбейді. Енді састық... Жұрт дағдарып, сазарып отырды.

— Қой, бүйтіп қырылғанша, бәрімізді бір-ақ атып-атып тастасын, есікті тепкілеп, нан мен су сұрап, енді бәріміз шулап, «не тегіс ат, не нан мен су бер!» дейік деген сөз шықты.

— Дұрыс! — дестік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий