Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қылыш-мылтықтары, иықтарындағы шендері жарқылдап екі конвой тұр. Бірі — бұрынғы жаяу конвой, бірі — қаладан жаңа келіп тұрған атты конвой. Вагондарымыздан түсіріп, қатарластырып жатыр. Жаңа келген конвойдың бастығы бұрынғы конвойымыздың бастығындай жас офицер. Бәрі де жылан сияқты. Сұр жылан, ақ жылан, сарыбас жылан... Екеуініңде иықтарындағы күміс оқа погондары күнмен шағылысқан жыланның қабығындай жарқырайды. Күмістеген, оқалы, шашақты қылыштары жоғары өрмелеген жыланша жылтылдайды. Өкшелеріндегі сылдырмақтай темірлері қозғалып қалса, сылдыр-сылдыр етеді. Екеуі де томпиған жас жігіттер. Мойындарына сылдырмақтай күміс қарғы таққан, жақсылап асыраған тазы иттің күшіктеріндей. Сөздері, жүріс-тұрыстары бізге әбден үйреншікті болған. «Ай» дейтін ажасыз, «қой» дейтін қожасыз бетімен кеткен бейбастақтар. Әдепсіз сөз, тарқылдақ ақымақ күлкі, күрілдек хайуан дауыс. Екі сөздің бірінде боғауыз. Бұлар қамшы мен қылыштарын талай шолжаңдатқан. Талай мас болып келіп, атамыз деп, қылыш, мылтықтарын оқталып төсеген, талай боқтаған. Талай «тізеден тұрып патшаны тіле» деп қинаған. Бұл мырзалардың адамшылықтарының қандай екенін жолдастар әбден біліп болған...

Жүруге жарайтынымыз қатарласып тұрмыз. Екі офицер бізге қарап, қасымызда сөйлеп тұр.

— Ана вагоннан бір-екі жолдас түсе алмай қалды. Бір-екі әлді жолдас түсіріп әкелсін...—десті біздің бір-екі кісі.

Панкратов деген жолдас екеуіміз түсе алмаған жолдастар жатқан вагонға кірдік. Тас көмірдің күл-қоқымы сумен араласып қатқан вагонның еден тақтайында екі жолдас жатыр екен. Бірі — Түркістан жақтан келіп қолға түсетін Пьянковский деген жолдас, бірі – адвокат максималист Смокотин деген жолдас екен.

Екеуі де үндемей, бізге қарайды. Көздері үңірейіп, мұздай болып – қатып қалған...

Әуелі Пьянковскийді көтеріп, сүйеп түсіріп, конвойдың атқа жегулі шанасына әкеп отырғыздық. Смокотинге келдік. Бір аяғында етігі жоқ екен. Етігі шешулі жанында жатыр.

Үңірейіп қатып қалған көзімен маған қадалып қарайды.

— Етігіңді кие аласың ба? — дедім.

Ыңыранып, басын изеп, қимылдады. Қимылдап, отыра алмады, ыңырсып, етігіне қарап, «кигіз...» дегендей ишарат қылды. Панкратов екеуіміз екеулеп етігін кигіздік. Көтеріп, сүйеп, вагоннан түсіріп, оны да әкеліп шанаға отырғыздық.

Вагоннан сүйеп түсіріп жатқан әлсіреген жолдастарға қарап, жаңа келген конвойдың бастығы күлді. Бұрынғы конвой бастығына:

— Әлі көп қой мыналарың, жолшыбай шығын қылмадыңдар ма? —деді.

Бұрынғы конвойдың бастығы күліп:

— Көп шығын болған жоқ... Мықты иттер, алтауы-ақ өлді. Берік сволыштар! — деді.

Қатарласып тұрдық. Жарық дүниені, қастағы жолдастарды жаңа ғана көріп тұрғандай қараймын. Жолдастардың бәрі де кепкен, солған. Көздері үңірейіп іштеріне кірген. Бәрінің үсті-бастарын, бет-ауыздарын қап-қара қылып тас көмір күйесі басқан. Сөйлегенде тістері ғана жалтырап аппақ болып көрінеді. Көздері ғана аларып жылтырайды. Бәрі де басқа дүниенің кісілері тәрізді. Мен өзім де басқа бір бөтен дүниеден келіп түсіп, бұл дүниені жаңа ғана көріп тұрған тәріздімін. Тоғыз ай қапаста, қамауда, қараңғыда болдық. Тоғыз-ақ ай!.. Бірақ тоғыз айдағы көрген қиындық тоғыз жылдағыдай!..

Тоғыз айдың ішінде кең, жарық дүниеден үміт үзіп, кір, күйе басқан жолдастарға сонша үйреніп кетіппіз! Бос жүрген адамдар – бөтен дүниенің адамдары тәрізді көрінеді. Қылыш асынған конвойшылардан басқа, тірідей көрге кірген жолдастардан басқа, кеңшілікте бетімен жүретін адамдар бізге ертегі тәрізді көрінеді...

Міне, бізді айдап жөнелді... Жүре алмағандарды шанаға салып алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий