Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Хорват деген мадияр – орта бойлы, дөңгелек бет, қара сұр жігіт бізге (қазақтарға) ас әкеп беріп, әңгіме айтып, қасымыздан шықпайды. Өзі орысша шалалау, сүрініп сөйлейді. Хорват, қызылдардың атты отрядында болыпты. Чехословактар Омбыны аларда Марьяновка деген Омбының Қызылжар жағасындағы станциясында болған қанды майданда болыпты. Марьяновкада неше мың чехословактар қырылған. Саны артық чехословактар үстерін келіп басқанша, азғантай ғана, майданда көгентүпте қалған қызылдар Марьяновканы бермей, қара жерді қанмен бояп жатып алған. Міне, сол майданда Хорват болған. Марьяновканың соғысын Хорват өзінің шала тілімен жыр қылып сөйлейді. Хорватпен бірге Омбыда қызыл отрядқа кірген қазақ жігіттері болыпты. Хорват болған қызыл отряд қарысып, жауға берілмей жатып атысып, көп қырыпты. Аман қалғаны шамалы.

— Ештеңе емес, жолдастар. Ештеңе етпейді. Біздікі болады. Ақырында біз аламыз, — дейді.

— Әй, біз алғанымызша мыналар бізден не қалдырады дейсің? — дейді бір жолдас.

— Ештеңе етпейді, ештеңе етпейді, біз бұлардың бәрін бауыздаймыз, — деп Хорват сұқ саусағымен ымдап, өз тамағын бауыздағандай шалып жігерленді.

— Іс ұзаққа айналды ғой. Жер-дүниенің бәрі қызылдарға жабылып жатыр. Қызылдар қашан келеді?.. Істің ақыры созылды ғой, — дедім мен.

Хорваттың қасына келген аққұба жігіт, о да мадияр, маған қарады.

— Уайымдама, жолдас, қызылдар келеді!.. Іс ұзаққа айналсын. Патшалар үшін бес жыл соғыстық, енді пролетариат үшін он бес жыл соғысамыз... Ақырында жалпы жер-дүние жүзінде біздің ғана үкім болады, — деді.

Лагерьде Атбасар Совдепінің бастықтарына жолықтық. Атбасар Совдепі жуастау болған себепті ақтар үш-төрт-ақ кісіні көгентүпке алып қалып, өзгесін қоя берген екен. Көгентүпке қалғандардың бірі – Атбасар Совдепінің төрағасы Басов. Және біздің Ақмола Совдепіне келіп кеткендер. Атбасарда Совдеп жасаған большевиктердің саны шамалы еді де... Лагерьдегілерден әр түрлі тәуір хабарлар есіттік. Олар газет алып тұрады екен. Газеттерін сұрап алып оқыдық. Газет — Колчак газеті. Колчак алып тұрған жерлерде Қызыл партизандардың шыққанын анықтап білдік. Ресейден қызылдардың әлі де ілгері басып, жылжып келе жатқанын білдік. Жасырса да газетінде «пәлен қаланы тастадық, түген қаланы тастадық» — деп қойыпты. Газет қолдан-қолға жүгірді. Әсіресе бізге әсер берген Қызыл партизандардың көбейгені.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий