Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Лагерь ішінде асхананың қайнаған су алатын жерінде бір күні су ала келген көп жолдастардың арасында тұрған Зікірия Мүкейұлын көрдім. Амандасып, сөйлесіп қалдық.

«Сен баракта жоқ едің ғой...»—десем, Зікірия лагерьдің ішіндегі бір берік бөлмеде (карцерде) жатыр екен.

Біз лагерьге келмей тұрғанда, баракта жатып жүрген кезінде, Зікірия бір күні асханаға су ала келген бетінде, қашуға ыңғайланыпты. Оны күзетші чехословактар сезіп қалып, Зікірияны ұстапты. Жауап алғанда Зікірия ештеңе білмейтін мылқау болып сөйлепті. Содан соң Зікірияны барактарға қоймай, лагерьдің ішіндегі бірен-саран жазалыларды қамайтын берік бөлмеге жауып тастайтын болыпты. Берік бөлмеден Зікірияны көп шығармайды екен. Біздің оны көрмей жүргеніміз сол екен.

Лагерьге келгеннен кейін, сыртқы дүниемен қатынасқан соң, бірсыпыра хабар білдік.

Қызыл отрядтағы қазақтардың, Совдепші қазақтардың не болғанын зерттедік.

Қызылжардағы ұйымдасқан азғана қазақ жұмыскерлерінің тағдырын түнеугі күні Қызылжар лагерінде білгенбіз. Олар туралы басқа, жаңадан оған қосарлық хабар білмедік. Қызылжардың жарақталған қазақ жұмыскерлерінің бастығы Ысқақ Көбекұлын ақтар төңкеріс күні атқан. Кәрім Сөтешұлын төңкеріс күні Қызылжардың мұсылман байлары ұрып өлтірген. Ғали Есмағамбетұлын Қызылжардың байлары ұрып өлтірген. Мұқан Есмағамбетұлын үш айдай абақтыда ұстап шығарған. Өзгелері жасырын кеткен, бұлар туралы бұдан басқа жаңарған хабар білмедік. Шаймерден Әлжанұлын Қызылжар уезінде ұстап абақтыға салған. Одан Омбы түрмесіне жіберген. Омбы түрмесінен Шаймердендерді қысты күнгі (1918 жыл, желтоқсанда болған), Омбыда Колчакқа қарсы көтеріліс жасағанда, большевиктер түнде түрмеден босатып жіберген. Түрмеден босанып шығып, Шаймерден мен Көлбай екеуі қазақ арасына қарай қашқан. Бұларды Омбыдағы облыстық «Алашордалар» қуып, ұстап әкеп, Колчактың қолына берген. Колчак Көлбайды түрмеде кешіктірмей өлтірген. Біраздан соң Шаймерденді де атып өлтірген. Бұлар туралы, Омбыға бізді әкелген бетте де толығырақ айтып өткемін.

Ал Омбыдағы қызыл отрядқа кірген қазақ жұмыскерлерінің тағдырлары қандай болғанын айтайын.

Омбыдағы қазақ жұмыскерлерінің біразы жаяу отрядта болған. Біразы атты отрядта болған. Жаяу отрядта қазақ жігіттерінің ішіндегі басшылары: Мұқаметқали Тәтімұлы, Шөкейұлы, Жұмабай Төленбайұлы, отрядтың ішіндегі басшылары: Угар (Мұқатай) Жәнібекұлы, Зікірия Мүкейұлы.

Чехословактар соғысында, қызыл отрядтардағы қазақ жұмыскерлері Омбыны қорғаған қанды майданда болған. 1918 жылы маусымның басында чехословактар Қызылжардан темір жолмен оннан аса поезбен Омбыға қарай келген. Әр вагонда қырық-отыз чехословак солдат. Әр чехословактың өне бойы толған қару-жарақ. Винтовка да онда, пулемет те, зеңбірек те онда, маузер де, бомба да онда, қылыш, сапы да онда. Бәрі — әскер тәртіптерін әбден үйренгендер. Бұларға қарсы тұрған қызыл әскердің саны да, ол уақытқа қарағанда, едәуір. Бірақ бұлар әскер тәртібін, соғыс әдістерін жөнді білмейді және құралы да аз. Жаңағы айтылған қазақ жігіттері әлі жөнделе алмаған. Топ-топ болған қызыл отрядтың ішінде. Бұлардың қару-жарақтары да кем, әсіресе оқтары аз. Біраздары — отрядқа өзі тіленіп кіргендер. Бұлар жаудың басым екенін көрсе де, чехословактардың жолын бөгеп, ағашты, орманды далада, темір жол бойында шеп құрып соғыс ашады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий