Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір жерге поезд тоқтасымен есікті тепкіледік.

Қарауыл солдат келіп ақырып:

— Уа, немене? Не керек? — деді.

Нан мен су сұрадық.

— Жоқ! — деді.

— Қар алуға түсір! — дедік.

Мазақ қылды, боқтады.

Тағы да есікті тепкіледік.

— Ау, тарсылдатпа, атамын! — деді.

— Атсаң, тегіс ат, әйтпесе есікті аш, қар алғыз.

Конвойдың екінші бастығы келіп, сыртта сөйлесіп, қар алғызуға және дүзге отыруға есікті ашты. Қапқа және шелекке нығап толтырып қар алдық. Конвой солдат вагонға тез кіріңдер деп асықтырып дігерледі. Біздің бір Афанасьев деген жолдас:

—Тұра тұр, тағы да қар алайық біраз! — деді.

Солдат ақырды. Афанасьев ерегісе кетті. Солдат боқтап айқайлап, өздерінің вагондарында отырған жолдастарын шақырып:

— Ә-әй, шығыңдар бері! Мыналар бунт шығарайын деп тұр! — деп боқтап, — атып тастаймын бәріңді! — деп, жалма-жан винтовкасының шаппасын қайырып алды.

Афанасьев солдатқа қадала қарап, екі көзімен лағынет жібергендей болып:

— Ал, атсаң ат! — деп қарсы қарап тұра қалды.

Солдат атпады. Конвойдың екінші бастығы шығып жанжалды басты.

Поезд жүрді. Қарды ерітіп іштік. Поезд тағы да бір жерге келіп тұрды. «Қар алыңдар», — деп вагонның есігін ашты. Қар алып жатырмыз. Поезд ұзақ тұрды. Поезға жәрдем қылуға бір поезд келген екен. Паровоз поездың алды-артына шығып, қабат қатар жолмен біздің вагондардың жанынан өтті. Паровоздың машинашысы бізге қадалып қарап өтті. Вагонның есігін жапқан жоқ еді. Қарап өтіп бара жатқан машинашыға біздің жолдастардың біреуі естірлік қылып:

— Біз ашпыз... Біз тұтқындағы большевиктерміз... Жәрдем көрсетіңдер!.. — деді.

Паровоз поездың алдыңғы жағына барып тоқтады. Әлден уақытта ұзын қара тоны бар, кір киімді, бір қара сұр адам бізге қарай жүрді. Алдыңғы паровоздан бір-екі кісі түсіп қарап тұрды. Әлгі қара тонды кісі келіп, өз вагонының жанында тұрған конвойдың екінші бастығымен сөйлесіп, қолтығынан бірдеме алып берді. Нанды бастық бізге алып келді, ана кісі қарап тұрды. Бастық бізге келіп:

— Мына нанды ана кісі сіздерге берді, бөліп алыңыздар,—деді.

Жолдастардың жарқ етіп көңілденіп, көңілдерінің көтерілгенін адам айтарлық болмады.

Нанға көңілденгеннен бұрын достыққа көңілдендік.

Вагонның есігін жауып қойды. Біраздан соң тағы да вагонның есігін ашты. Есік ашқан конвой солдаттың бірі бізге қарап:

— Ана кісі сіздерге нан әкеліп тұр, алыңдар, —деді.

Қарасақ екі қолтығында екі үлкен қара нан, әлгі кісі тағы да келіп тұр екен. Есіктен басымды шығарып, қадалып бетіне қарадым. Оның да екі көзі бізде. Бізбен басын екі-үш қайта шұлғып амандасты. Екі көзі бізде. Жайнаған екі көзінде іркіліп тұрған жас көрінді. Тағы да нанды алдық. Енді әлгіден де көңілді шаттандық...

Ертеңінде Барнауылға келдік.

Конвойдың бастығына айтып рұқсат алып, бір-екі ыңғайлы киімдерді вокзалға конвоймен апарып сатып, Катченко едәуір азық әкелді. Нан, колбаса, май, темекі. Тағы да кенеліп қалдық. Темекі тартатындар тамақтан бұрын темекіге ұмтылды. Мен таң қалдым. Сондай аш адам наннан, майдан бұрын, қалтыраған қолдарымен папиросты ұстай алып, тез тұтатып, сасқалақтап, түтінін сорып жібергенде, маңдайынан тер бұрқ ете түсті. Папиросты үсті-үстіне өзеуреп сорғанда, қайта бір түтін шығарған жоқ!

Енді Барнауылдан Ново-Николаевск қаласына шейін бір қалыпта, өйтіп-бүйтіп бардық. Жолшыбай тағы бір-екі кісіміз өлді. Диірмен мастері Юрашевич өлді (Кременскойдың күйеуі).

Ново-Николаевскіден қайда жөнелтер екен деп жүрек күпті болып тұрғанда, Омбыға қарай алып жөнелді. Енді бұл екі ортаға жылдам келдік...

Тағы да Омбы вокзалының бір қалтарыстау жеріне біздің вагондарды әкеп қойды.

Бұл жерде екі күн тұрдық. Түнде келіп едік... Ертеңінде сұранып біздің екі-үш жолдас су алуға вокзалға барды. Су әкеліп:

— Бір тәуір киімді, толық адам вокзал жақта бізге кез болып, қырындап бізбен қатар жүріп отырып, осы жерге келіп қайтты, — деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий