Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Біреуінің адресі: Қамза Меркайдарұлы, Шәріпұлы. Шадрин қаласы. Мүсілім болысы. Құрман ауылы. Саудагер мұғалім.

Екіншісінің адресі: Қабиболла Мұқаммет Зәкірұлы, Кәрімұлы. Шадрин қаласы. Мүсілім болысы. Сұлтан ауылы. Саудагер мұғалім («Құлынды жолы»). Вагон жүріп келе жатқанда, қалтамдағы дәптерімді алып, қарындашпен жаздым. Ескі емлемен жазып алдым. Ескі емлемен жазып едім, жазуыма қарап тұрып екеуі бір-біріне қарап, тамсанып, жымиысты:

— Жарайды! Не десеңдер де мейілдерің! — дедім.

Түсетін станциясында екеуі қош айтысып түсіп қалды...

Ымырт жабылып, қас қарайған кезде Славгородқа келдік.

Құлынды темір жолының тоқтаған ұшы — осы Славгород қаласы. Қазақтар Шот қаласы дейді.

Қала мен вокзалдың арасы төрт-бес шақырымдай екен.

Әмірі, әлі келетіндер атпен кетті. Бірсыпыра кісі шұбап қалаға жаяу тарттық: күндік жібіп тапталып, кешке қатыңқыраған қалың қардың бұзылған тар соқпағымен келеміз. Ай жоқ, кеш қараңғы. Бұзылып, сыңар аяқ, ойылып қатқан соқпақпен малтыға аяңдап қалаға келіп кірдік. Қыбырлаған жан көрінбейді. Қалада көше сияқты көше жоқ. Үлкен үйлер де жоқ. Бәрі бір қатар ғана аласа үйлер. Поселке тәрізді, қалың қар басып қалған қала.

Менен басқа жұрт өзді-өздерінің белгілі үйлеріне кетті. Мен жалғыз аяңдап, түнейтін үй іздеп жүріп келемін. Бір-екі қылыш асынғандар кез болды.

— Түнейтін үй (постоялый двор) қайда? — деп сұрадым.

Атаманның екі солдаты жөн сілтеді. Жүріп келіп, нұсқаған үйдің қақпасын қақтым. Үйдің айналасындағы қар терезені көрсетпейді. Әлден уақытта қақпаны ашты.

— Түнеуге бола ма? — дедім.

— Болады, сыйсаң, біраз кісілер бар еді, — деді.

Кірдім. Келгендерді қондыратын қоспақ екі бөлме екен.

Түнек үй кір-кір лас. Бір бұрышта қызыл ала бұзау тұр. Үйдің ауасы сасық және махорка сасиды.

Қонып отырған біраз мұжықтар және қатынымен бір сығандар екен. Топырлап гулеген мұжық. Отырдық. Кешікпей жатуға ыңғайланды. Бұрыштағы жас бұзаудың қасына, тақтай салған еденге мен де жатуға ыңғайландым. Жатып та мұжықтар әңгімелерін қоймады. Әңгімені тудыратын — қатыны бар қара сақал сыған. Әңгімелері тағы большевиктер. Сыған большевиктерді жамандайды. Бірақ Колчактың мұжықтарға істеп жатқан зорлықтарын, дүрелерін тіпті әдемілеп суреттейді.

Сөйтеді де:

— Лаж жоқ!.. Амалсыз, пәлен жердегі крестьяндардың көбі банды (банда) болып, тауға, орманға қашып барып, қызық болып жатыр... Ал қар кеткен соң крестьянның дені-ақ сүйтіп қызыл банда болып кетеді, — дейді.

Өзге мұжықтар оны қостап бастарын шұлғи түседі.

Сыған тағы да: «Қазіргі үкіметтің бұл тәртібінің кесірінен, қар кетіп, күн жылыған соң, қара халықтың бәрі-ақ «қызыл банда» болып кетсе, соғыссыз жер болады дейсіздер ме? Осы күннің өзінде әр жерде бандалар соғысып жүр ғой... — деп, маған бұрылып қарады.

— Сіз Татаркелетіп келдіңіз ғой? Жақын арада сол қалада да қызыл бандалар едәуір соғыс қылып, көп нәрсе алып кетіпті ғой?.. — деді.

Мен ептеп лайықтап, көрген-білгенімді айттым. Сөйтіп жаттық, ұйықтадық.

Ертең ерте тұрып, шай ішіп, көшеге шықтық.

Славгород Алтай губерниясының темір жол түскен уездік қаласы болса да, әшейін бір байлау поселке екен. Тұрған жері жып-жылмағай, мидай дала. Өзін жым-жылас қылып қар басыпты. Енді алдымен көшенің қарлары, үй, қора маңдарының қарлары соқталанып, тапталып ери бастап, бұзылып қожалақтаныпты. Қалада қазақ бар ма деп сұрадым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий