Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қабылбектің тек ауызша айтқанға сеніп, бұл істеген жәрдем-көмегі біздің жолымыз оңайлауына кез болғандай болды. Әулиеатаға келгенде Колчактан қашқан совдепші екендігіме күдіксіз дәлел боларлық жөнді қағаздарым да жоқ еді. Және Әулиеатада мені танитын бір адам да жоқ еді. Сенбейін деген кісі «ақтардың кісісі» деп сенбеуге де мүмкін ғой. Қабылбек білгіштік қылды. Ақтан қашқан екенімді күдіксіз танығандығы бізге үлкен жақсы болды. Мен тәрізді Омбыдан әрі қарай қашып, одан қайта Көкшетау, Атбасар, Торғай уездерін басып, Ақмешітке келген Сабыр Шәріпұлына Ақмешіт исполкомының басында отырғандар нанбаған. «Колчактың жіберіп отырған тыңшысы» деп ұйғарған. Ұстап абақтыға тығып қойған. Бір тозақтан аман келген Сабыр іздеп келген қызылдардың абақтысына түскен. Ақмешітте танитын адамы жоқ. «Колчак тыңшысы» саналып, абақтыда пұшайман болып жатқан. Бұдан талай жауап алған. Сабыр күйіп-жанып, «Колчактан қашқан совдепші большевик» екенін түсіндіріп, баяндап айтып баққан. Ақмешіттің топас әкімдері оған ешбір нанғысы келмеген. Сабыр едәуір жатқан, көп азап көрген.

Ақырында мұны сынамаққа түрмеден шығарып, қасына мылтықты бір-екі солдат қосып, Атбасар уезінен ашығып жатқан Ақмешітке астық келтіруге жіберген. Сабыр аз уақытта Атбасар уезіне, Есілге шейін барып, әдемі тізбек байланыс жасап, Атбасардың Ақмешіт жақ шетіндегі «Қасен ханмен» шарт (договор) жасасып, көп түйелік керуенмен Ақмешітке астық апарған. Бір емес әлденеше апарып, ашығып жатқан Ақмешіт қаласына көп пайда көрсеткен. Сабырдың мұнысына да азық-түлік комиссарынан басқа Ақмешіт әкімдері тиісті баға бере алмаған. Ақмешіттің азық-түлік комиссарын Ташкентке шақырып әкеткеннен кейін «Сабыр Шәріпұлын мұнда жібер» деген Ақмешіт исполкомына Ташкенттегі Аймақтық ЧК-дан телеграмма келген. Сабырды тағы да тұтқын қылып, бір солдатпен Ташкенге айдап жіберген. Сабырлар Ташкенге белгілі Осипов көтерілісі болып күшпен басылып, енді Ташкен советінің төңкерісшіл Комитеті мен Чекасы (ЧК) қаланы тінтіп, тексеріп, күдікті адамдарды «шапшаң сотпен» атып жатқан үстіне тура барады. Үрпиіп, демін ішіне тығып алған қалаға келеді. Сабырды турадан-тура «шапшаң сотқа» апарады. Сол қаһарлы тынысын ішіне тартқан, қимылы шапшаң, қабағы түйілген «шапшаң сот» үш-төрт-ақ жауап сұрайды. Соттың бір мүшесі:

— Ә-ә, мұны білемін, Колчактың облыстық комитетінің мүшесі! — дейді.

Соттың бастығы «апар» дейді.

Атылатындарды шығаратын есікке қарай Сабырды жетелейді. Атылуға апаратындардың аты-жөнін жазып алып отырған жігіт Сабырдың аты-жөнін жаза бастайды. Көк тырнақты кәрі ажал Сабырды бүріп құшақтап алады. Ұзақ азап тартқан жанның енді тыныштанатын минуты жетеді. Сабыр сол арада біраз мәңгі тыныштық мұнарына мең-зең болып елтіп отырып, селк етіп ышқынады. Жан алқымға келеді. Сабыр жұлқынып, тағы да сотқа өзінің кім екенін, жан ұшырып асығып сөйлей берді. «Шапшаң сот» азырақ ойланып, шын күйініп сөйлеген сөзді тексермек болады.

— Білетін кісің бар ма? — дейді.

Сабыр әлгі Ақмешіттен Ташкенге шақырылып келген азық-түлік комиссарын айтады. Сөйтсе ол Ташкенге келген соң, Чеканың бастығы болған екен. Осипов оны өлтіріп кеткен екен. Тағы да Сабырға:

— Сені ертеңге дейін кепілге алатын кісі табыла ма? — дейді. Ондай кісі жоқ. Сабыр аларып айнала қаранады... Сабырдың қасында тұрған, Сабырды Ақмешіттен әкелген қызыл солдат:

— Мен кепілге аламын, — дейді.

Сабырды қызыл солдатқа бір тәулікке кепілге береді. Содан ілініп, Сабыр сол уақытта Түркістанның ЧК-сының бақылау комиссиясының мүшесі, Түркістан республикасына ең алдымен совет туының шылауын көтерген, қолмен санарлық азаматтың бірі Дүйсебай Нысанбайұлына жолығып, істі баяндап, ақырында өлмей қалады.

Бұдан соң Сабыр Дүйсебайлармен жақындасып, Мәскеуден Түркістан келген Куйбышевке кіріп, баяндама жасап, Апинға жолығып, бұлардан мандат алып, партияның тапсырған жобаларымен Түркістаннан Торғай, Ақмола губернияларының оңтүстік жақтарына шығып кетеді...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий