Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ойбай, Сейфулланы білмеуші ме едіңіз? Сәкеннің әкесі... Сәкенді білуші ме едіңіз?.. Шіркін, Сәкен екеуміз дос болушы едік... Әйтеуір құтылып келіп Түркістан кетті ғой! — деді.

Енді бір жарты сағаттың ішінде қазақтарға айтып, Рақымжандардың қоржындарын, нәрселерінің біразын, ер-тоқымдарын жинатқызып бергізіп, әкейлер жатқан серік ауылға алып келдім.

Бәуеттен жолшыбай ноғай екенін мойнына алды. Қазақтар болмастан үш-төрт түлкілерін «олжалап» алысты...

Серік ауылдың әкейлер отырған бастығының үйінде Рақымжан, Бәуеттен, біздің әкей, Мәдібектер, тағы он шақты кісілер толып отырдық. Киіз үй. Ортада қазан асулы. Қазандағы ет шымырлап қайнайды. Қойдың сары қиы маздап жанады. Рақымжан мен Бәуеттен мені әлі «Қарқаралы уезінің Жұмақасы» деп отыр. Ағайыны — Сейфулланың қасына келген соң Рақымжан жарқылдап қуанып, көңілденіп алды. Қолында домбыра, екпіндете шертеді. Мол қалаған сары қи маздап жанып жатқан соң қазанда ет шымырлап қайнап жатқан соң, үйде отырған жұрт та ойнағысы келіп отырды.

Домбыраны шерте түсіп, Рақымжан маған қарап сөйлейді:

«Жұмақас құда!..» — деп қояды.

Отырған жұрт не қыларын білмейді. Кейбіреулер шыдай алмай, теріс қарап, ақырын күледі... Рақымжан сезбейді... Рақымжан жарқылдап домбыраны шерте түседі.

— Шіркін, Сәкен домбырашы еді ғой!.. Ақмолада қымызшыларды аралап, қымыз ішкенде екеуміз ылғи бірге жүруші едік. Кейде қымыз ішіп отырып, домбыраны алып, қағып-қағып жіберіп ән салушы еді... Тамаша еді ғой! — дейді...

Мәдібек сездірмей:

— Кәне, Сәкен салатын бір әнге салып жіберіңізші! — деді.

Өзгелер де күлімдеп, қозғалып қойып: — Е, е! Кәне, салып жіберіңіз! — десті.

Рақымжан мәз.

— Жарайды... Сәкеннің тәуір көретін әнінің бірі, әлгі жаңа да өзіміздің Тінәлі-Темеш ішінде жүрген бір Мәриям Жәгөр деген орыс қызы шығарған «Дудар» деген әні еді. — Ендеше соны салып көрейін, — деді Рақымжан.

— І-м-м!..

Мәриям Жәгөр деген орыс қызы,

Он алты, он жетіге келген кезі.

Қазаққа Дудар деген ғашық болып,

Мінеки Мәриямның айтқан сөзі!..

Дудар-ай! Дудар, Дудар-ай, Дудар.

Дудар-ай, Дудар... е-е-ей!..

Қолында Мәриямның өткір қайшы,

Қағазға атым Мәриям жазылсайшы,

Қор болып бір қоқолға кеткенімше,

Алдымнан қазылған көр табылсайшы!

Дудар-ай, Дудар...

Дударды көп көргем жоқ, бірен-саран!..

Дудардың аулы алыс, бітеу арал:

Ашықтық тілегіме жете алмасам,

Ілгері көрер күнім болды қараң.

Дудар-ай, Дудар...

Ауылым Өтебайдың қырқасында,

Бірде қар, бірде жаңбыр бұрқасында.

Мойнына ақ білекті орай салсам.

Алмасам өзің жазып қырқасың ба!

Дудар-ай, Дудар!..

Дудар-ай, көк атыңды жемдедің бе!

Жеріңе уәде айтқан келмедің бе?

Жеріңе уәде айтқан келмегенің, —

«Мариям заты орыс» деп сенбедің бе?

Дудар-ай, Дудар!..

Үйдегі жұрт қалжыңдап отырса да, Рақымжанның әні маған едәуір әсер берген тәрізді болды.

Рақымжан әнін шорт үзіп, тоқтатып, домбыраны қаттырақ шертіп-шертіп жіберді.

«Сәкен өстіп салушы еді», — деп, домбыраны қоя салды...

Ертеңінде Рақымжан, Бәуеттен, біздің әкей — бәрі біздің елге жөнелді. Мен Рақымжан мен Бәуеттенге танытпай қалдым.

Біз енді көшіп, жылжи бердік.

Оның ертесіне тау ішінде, қыстауының жанында отырған Шуға көшпейтін Мәдібектердің бір ағайындары, баяғы Байқазы батырдың немересі Сейдуәли дегеннің аулына кез болдық. Көштен бұрылып, Мәдібек бәріміз Сейдуәлидің үйіне түстік.

Түстеніп отырдық. От жанып, қазан қайнап тұр, Мәдібек Сейдуәлимен сөйлесіп отырды. Сейдуәли, сары тіс болған, шоқша сақалды, денелі құба кісі... Ақмоланың жайын, «арғы ұрыс болып жатқан жақтың жайын», «сары орыс пен большевиктердің» жайын сұрап отырды. Мәдібек:

— Күллі жерде большевиктер Колчакты жеңіп алып келеді. Ендігі Ақмола да алынған шығар... — деп, мөлдіретіп сөйлеп отырды.

Сейдуәли уайымдап, қорқыныш қылып тыңдап отырды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий