Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Оңаша ауыл сақпыз... Мәдібектер келіп қосылған жерде, ауыл тау ішіндегі қыстау үстінде екі-үш күн отырды. Ауылдың Темірқазық жағында бұралған кең өзектің бойында сол тауларды қыстайтын шеткі елдердің аз үйлі 4 — 5 ауылдары отырды.

Түн еді. Ұйықтап жатыр едік. Мен бір жігітпен қыстаудың балшық үйінде жатыр едім. Мені шығарып сала келген біздің әкей киіз үйде еді. Түн ортасы кезінде, мені біреу оятты. Ояндым. Серік ауылымыздың бастығының жігіт баласы екен.

— Немене? — дедім.

Күбірледі:

— Ойбай, тұр! Бір қызық бар... Бір-екі поштабай, бірі — қазақ, бірі — орыс-ау деймін, мына ауылға келіп жатыр. «Балқаш теңізінен келеміз», — дейді. «Әнеугі осы жақтан барған он екі әскер орысқа жолбасшы болып, апарып салып келеміз, — дейді. Әнеугүні осы жақтан, өне бойлары толған қару-жарақ, он екі төре Балқашқа қарай өткен екен ғой. Соларды апарып салып келе жатса керек... Түрегел, барайық, сен қағаздарын көр... Бұл құдай айдап келген олжа ғой... Бізге не қылады?.. Бұлардың апарып салып келе жатқандары қашқындар ғой, — деді.

Ойыма сап ете түсті. Мен ауылдан Түркістанға бет алып шығардың аз ғана алдында біздің елдің шетін басып, қастарында бір әйел бар, қару-жарақты он екі орыс, беті «Балқаш» болып өтіп кетті деп еді. Жұрттың айтуына қарағанда, дені офицерлер еді. Біздің елдің бір ауылының жылқысын иіріп тұрып, алты-жеті ірі ат-айғырын тізіп алып кетті деп еді. Соларды апарып салып келе жатқан кісілер екенін біле қалдым.

— Е, о не керек... жүре берсін. Апарып салып келе жатқан кісілері кім екенін, не екенін қайдан білдіңдер?.. Қой, текке пәлеге соқтықпай жай жүруге керек! — деп жатып қалдым.

Таң атты...

Түндегі, мына ауылдағы екі поштабайдың аттарын ұры әкетті. Өздеріне қазақтар лау бермей жатыр. Лay бермеу былай тұрсын, қоржындағы нәрселерін, ер-тоқымдарын алып қойыпты,—десті.

Түсте бір-екі кісімен әлгілер жатқан ауылға келдім.

Ауыл алқапта. Күздігүнгі жылы, қоңыр күн. Дала шуақтау. Қарғаларша үймелеп ауылда жиналып жүрген қазақ. Поштабайлар отырған үйге келіп отырдық. Көрдім: «қазақ поштабайы» дегендерін таныдым. Мен Ақмола түрмесінде отырғанда, бір кездерде терезе алдына келіп, маған тілдесіп, газет әкеп беретін өзіміздің көк көз сары Рақымжан екен. Екіншісін де шырамыттым. Нілді заводының ноғайы Бәуеттен екен. Мені олар таныған жоқ. Сөйлесіп отырдық. Екеуін қазақтар тысқа дамылсыз алып шығып, оңашалап бұлдыратып сөйлесіп жүр. Байқаймын, олжаламақ.

Жөн сұрасқанда Бәуеттен қазақша білетін орыс «төре» болып шықты. Мен нанған болып отырдым.

Сол елдің бала оқытып жатқан учителі келді.

Учитель екі төренің қағаздарын сұрады. Аналар алып көрсетті.

Мен учительдің қасына келіп тұрған болып, жай қағаздарына қарадым. Балқашқа апарып салған «төрелерінің» мыналарға «күш-көмек қылу» туралы мер басып берген бұйрық қағаздары екен. «Полковник пәлен... Адъютант пәлен...» деп қол қойыпты.

Рақымжан мені тысқа алып шықты. Ауылдың сыртында топтанып сөйлесіп жүрген қазақтардың бір жақ шетіне бөлек шығып біз де отырдық.

— Мен сіздің жөніңізді сұрап, Жұмақас екеніңізді жаңа ғана білдім. Біздің құда екенсіз. Мен Кәлпемұраттың Скәндірінің жақын туысқан ағайыны едім. Ана жылғы сіздің Скәндірге беретін қаракер атыңызды Скәндірден мен алған едім... Сіз маған жәрдем қылыңыз. Мынау ел мені әуре қылып отыр. Әнеугүні осы жақтан Балқашқа барған бір төрелерді апарып салып қайтып келе жатыр едік. Осы ауыл түнде аттарымызды ұрлап алды. Ер-тоқымдарымызды, қоржындағы түлкілерімізді сыпырып алып отыр, лау да бермей отыр. Не деген бұзылған ел екенін білмеймін. Сіз Қарқаралы уезінің адамы болсаңыз да мыналар сөзіңізді тастамас, сыйлар... Сіз мыналарға айтыңыз!.. Нәрселерімізді жинатып беріп... Міне жерде, бір ауылда біздің ағайын Сейфулла деген кісі жатыр дейді, соған жеткіздіртіп салыңыз... Сонсоң Сейфулла бірдеме қылар еді... — деді.

— Сейфуллаңыз кім? — дедім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий