Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күз басталды. Салқын түсті. Түркістан шекарасындағы Шу өзеніне қарай «Бетпақ дала» арқылы шеткі елдер көше бастады. Мен де жүруге қамдандым. Жолдас пен ат іздедім. Еріп жүретін жолдас табылды. Бірақ мінетін мықты ат табылмады. Әрине, ол кездегі біздей кісіге жалпылама кісі жолдас болмайды да. Ауылын, әке-шеше, қатын-баласын қызықты көретіндер ондайда жолдас болмайды. Біздей «қашқынға» ұзақ жолға жортуыл іздеген, қиыншылықта «қайрат көрсетуге» құмар, «ерлік», «жігіттік» іздеген жігіттер ғана ереді. Мұндай жігіттер табылды. Бірақ оларға мінгізіп алып жүретін тәуір ат табылмады. Ұзақ, қиын жолға мінетін мықты ат өзіме де табылмады. Біздің әкейдің бір ат, бір айғыры бар. Он шақты жылқысының өзгесі — тай-байтал, құлынды бие. Айғыры нашар, аты мықты. Бірақ ол қыстай аң аулайтын кәсібіне мінетін жалғыз аты. Ат сатып алуға артық шама жоқ. Бай ағайындар бар. Бірақ олар нашар күнінде, жаяу жүрген күнінде ат бермейді. Бұғып жүрген, жаяу жүрген күндерінде, басына қиыншылық іс түскен кезде ағайын болмайды. Ондай кезеңде қайта табалап, мазақтап, күліп отырады. Ал «ұлық» болған кезінде, күшті кезінде, ақшалы кезінде, жаяу жүрмей, почтамен, автомобильмен жүрген кезінде ағайын, бауыр да көп, ат та көп, дос та көп болады. Елге қашып келген соң, ағайын арасындағы жалғыз ер көңілділеуі Дәулетбек деген ағайын мінуге бір атын берген еді.

Ол арықтап қалды. Ұзақ жолға жарамайды. Ат таба алмай қысылдым. Бай ағайындардан ат сұрап бет қайтты. Көңіл қалды. Жерге түкіріп шықтым. Ыза қайнады, түрлі ой келді...

Жасымнан, үйден шығып жүргелі, көлік кемтарлығының ызасын талай тартқандарым көз алдыма келді... Ең алғашқы Нілді (Успен) заводына кішкене күнімде орысша оқуға жібергенде әкей, бір жамағайын Райыс деген кісінің інісі Әкілдік дегеннің түйесінің артына мінгестіріп жіберіп еді. Нілді заводынан оқудан қайтқанда Әкілдіктің ағасы Райыстың артына мінгесіп қайтқан едім.

Одан соң, Ақмолада оқып жүргенімде, жазғы босаған уақыттарда үш рет өзіміздің елдің Ұзын Омар, Садық дегеннің жүкті арбасына ілесіп, жаяулап елге қайтқан едім.

Ақмолаға барғанда да әркіммен ілесіп баратын едім. Бірде жақын ағайынымыз Қанекең мен Бидің үйлерінің аттарын мініп, Әзімқан деген ағайын жігіт екеуміз қашып кетіп едік. Одан кейін Омбыға оқуға барып, қайтып жүргенде де жүргіншілерге еріп жүретін едім. Бірде Ақмола ноғайы, ұста Мұқаметжан Манасапұлының көк шолақ ат жеккен арбасына мініп кеткен едім. Бірде Ақмола қазағы Қожамберді Сәрсенұлының арбасына отырып кеткен едім. Тіпті, 1916 жылы семинарияны бітіріп, «кісі болып» ауылға келіп едім. Қайтадан Ақмолаға қарай жүрерде бай ағайындар шеткі поселкеге шейін арбаға жегуге ат бермеп еді. Сонда бәрінің жылқылары қара құрттай қыбырлап, шырқ айналады. Кең сары даланың құба жонның үстері қаптаған жылқыдан көрінбейді, қап-қара бырдай болып жатады. Сонда бір Ыбрайымбек деген нашарлау ағайынның балалары ғана торы ала атын жегуге беріп еді...

Ақырында, әкейдің күрең шолақ атын мініп, қасыма жолдас ерте алмай, бір көрші елден Шуға көшетін оңаша ауылмен сөз байлап, сол ауылға, Түркістанға жалғыз жүріп кеттім.

Оңаша ауылмен көшіп, ел шетіне шықтық. Өзге көшкен ел қара озып кетіп қалыпты. Жалғыз ауыл тауларды аралай көшіп келеміз.

Таулар — көпті көрген қарттардың беттеріндей беттерін әжім айғыздаған, қабағын салған Арқаның таулары, адырлар, бұйраттар. Олардан асқан соң — ұшы-қиыры жоқ, шөбі сұйық, құба жондар, шұбалған қиырсыз далалар.

Ауылға түйеге артқан қосы бар төрт-бес кісі келіп қосылды. Бұлар ауылмен жақын таныс, Шуға көшіп бара жатқан Тарақты елінің адамдары Мәдібек, Ақбергендер екен. Ақмола қаласына барып, болыстарының үстінен қиянаттарын айтып арыз беріп, түк қыла алмай келеді екен. Бұлармен танысып, шүйіркелесіп, өте жақындасып қалдым. Бәрі де адамшылықтары бар жайдары жігіттер. Бір-бірімізді сыйлап, араласып алдық. Бұлар Ақмоладан біраз хабар айтып келді.

Бәріміз үш-төрт үйлі оңаша ауылмен көшіп келеміз. Бірімізге-біріміз серік. Жортуылшы ұры көп, қорқыныш.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий