Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Большевикке қосылып іс қылғаны үшін, Ырғыздан «Алашорда» сегіз (8) қазақ жігітін атып өлтіреді. (Әлмен учитель, Қайнарбай учитель, Молдақұл ұста және басқалар). Торғайдан «большевик болдың» деп он сегіз (18) қазақты атып өлтіреді.

Міне, бажайламай қысқаша айтқанда, елден алған «алымы», «салығын», елді дүрелегендерін айтпағанда, Торғай «Алашордасының» қылықтары осындай.

Торғай «Алашордасының» басында болған білімділері: Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Телжан Шопанұлы, Мырзағали Есполұлы, Сәлімгерей Қаратілеуұлы, Асфандияр Кенжеұлы, Кәрім Тоқтыбайұлы тағы толып жатқан оқыған «алаштың азаматтары»...

Түркістан, Шуға қарай «Бетпақ даламен» көшетін елдердің көшуін күтіп мен жүрдім... Ақмоламен астыртын хабарласып тұрамын. Омбыдағы лагерьден босанып келген Баймағамбеттен хабар келді. Омбы лагеріндегі ауырып қалған жолдастардың көбі өліпті. Өлмегендерінің қаша алғаны қашыпты, қаша алмағандарын жырақ күншығыс Сібірге айдап жіберіпті. Өлгендердің ішінде біреуі қазақ Бәкен, біреуі ноғай Хафиз, өзгелері орыс.

Ақмола уезінің оңтүстік жырақ шетіндегі Күнек еліндегі 1916 жылғы қазақ қозғалысында Николайдың елге шыққан «Кәр қылғыш» әскерінің бір бастығы мен жеті атты солдатын өлтірген, азырақ оқыған баласы 1917-18 жылы Ақмолада большевиктерге қосылған Тақыр Омардың үйінен жасырынып жүрген Әділұлдары туралы хабарлар келді.

Біраз күн өтті...

Күз таянды. Колчактың жаны күретамырына таянғаны сезіле бастады. Елге тіміскілеп, кежуілші, тыңшы отрядтары көбірек шыға бастады. Біздің Нілді заводына келді. Мені іздей бастады. Бір күні күн батып бара жатқанда, біздің ауылдар үрпиісіп, қозғалысып, сыбырласып қалды... Бір алқап-ойлау жерде отырған екі ауыл едік. Кешке жақын тыста тұр едім. Үстімдегі киімдерім қазақша еді. Күншығыс жақтан, кең алқап ойды өрлеп желе шоқытып, қоқыраңдап салт атты екі солдат алдыңғы ауылға келді. Ауыл бір бай ағайын ауыл еді. Бай үйінің алдына келіп, екі атты солдат мінбелеп тұра қалды. Аттарынан түспей тұрды. Ауылдың жігіт-желең, қатын-баласы екеуінің маңына жиналып қалды.

«Танымас, өзім көріп, жөндерін біліп қалайын», — деп, солдаттар тұрған ауылға қарай жаяу аяңдап жүрдім. Солдаттардың айналасына жиналған тобырдан қарына құрық ілген бір атты кісі біздің ауылға қарай жүрді. Желіп келеді. Байдың Әреш деген жылқышысы екен. Маған қарсы келеді. Қозғалған болып, маған қамшысын қарсы сілтеді: «Қайт» дегеніне түсіне қалдым да бірдемеге айналған болып отырдым.

Әреш келді. Түсі сұрланыңқырап кетіпті. Жай бетімен жүріп келе жатқан кісіше маған бұрылмай:

— Қайт кейін, аналар сені сұрап тұр. Түрлері жаман. Жылдам ауылдарыңа жүріп, мына атқа мініп, анау біздің жылқыға кеткен жылқышы болып кетіп қал! — деді.

Әреш те, мен де ауылға келдік. Біздің ауыл үрпиісіп қалған екен. Шешей байғұс пен қарындастарым жылай бастады. Оларға кейіп, жастарын сүрткіздім де Әрештің атына мініп, қолыма құрық алып, жайылып жатқан мырзаның аулының жылқысына кетіп қалдым. Жылқыда жүрдім. Күн батты. Апақ-сапақ бола бастады. Солдаттар әлгі байдың аулынан қастарына бір атты кісіні ертіп алып, жылқыға қарай қиыстап келеді. Аяңдап, байқастап жүрмін. Желе шоқытып өтіп кетті. Біраздан соң бір атқа мініп, әлгі байдың жылқышысы Әреш келді. Мен ауылға келдім.

Жатарда мен ауылға түнеуге сақтық қылып, ауылдың тұсындағы бір қалың қарағанның шетінде төбешіктегі төрт бұрышты, биікшелеу қылып шикі қыштан соққан бейітке бардым. Түнде жалғыз келіп бейіттің есігінен кіріп, үңірейген, томпайған қабырлардан аттап, бейіттің бұрышындағы шөптесінге жатып ұйықтап қалдым. Қараңғы түн. Бейіттің іші тым-тырыс.

XIV. ТҮРКІСТАНҒА ЖҮРУ

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий