Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ол уақытта Жангелдин Ырғызда болады. Жангелдин телеграммен сөйлесіп, «Алашорда» тілегін қабыл қылып, «Алашорда» бастықтарының бірі Ахмет Байтұрсынұлын қасына шақыртып алады. «Алашорда» әскерін шұбатып, тымағының құлағын жымыра киіп, көзін қасындағы жолдасына қыса түсіп, кер дөненді кері айылдап, кер тартып, кер қамшылап, кердең басып саусылдап Торғайға кіреді. Жайланып орналасады. Совет мекемелеріне кісілерін кіргізеді. Әскерге комиссарлардың помощнигі қылып Кәрім Тоқтыбайұлын кіргізеді. Ел билеу, саясат істеріне Дулатұлы, Есполұлдары кіріседі. Байтұрсынұлы Жангелдинмен Мәскеуге кетеді.

Кешікпей «Алашорда» көтеріліс (бунт) жасап, Торғайды «өзінікі» қылып жариялайды. Жангелдиннің қойып кеткен Амангелді Иманұлы деген комиссары мен оның біраз сенімді жолдастарын тұтқынға алып, қамап тастайды.

Содан кейін кешікпей Торғайға, әлгі Қостанайда Колчак үкіметіне қарсы көтеріліс жасап, Қостанайды төрт-бес күн алып тұрып, саны, сайманы асқан ақтарға шыдай алмай қашқан қызыл партизан отрядтары келеді.

Қызыл партизандар Торғайда совет үкіметі бар деп келеді. Әуелі Торғайға Таранның отряды келеді. Отряд Торғайға жақындаған соң, Таран қасына он шақты жолдас алып, Торғайға озып келеді. «Алашорда» бұларды ұстап, бір-екі жолдасы мен Таранның өзін атып өлтіреді де, өзгесін абақтыға қамап тастайды. Сөйтіп, дереу Таранның келе жатқан отрядының алдынан алдау-арбау білетін бастықтарымен отряд шығарады. Алашорда отряды Таран отрядына келіп арбасады. «Алашорда» отрядының бастықтары Таран отрядымен сөйлеседі. Мұның алдында Таран отряды пәлені сезіңкіреп қалады. Дүдамалданады. «Алашорда» сөйлейді. Сөйлегенде бүй дейді:

«Біздің Торғай совет үкіметінің қолында. Біз совет әскеріміз. Сендердің кім екендеріңді біз білмейміз, сол себепті сақтанамыз. Біздің Торғайға кіретін болсаңдар, қазір бізге қару-жарақтарыңды жинап беріп кіресіңдер. Сендер қызыл болсаңдар, Торғайдан кетерінде жарақтарыңды қайтып береміз... Егерде бұл жерде бізге қару-жарақтарыңды бермесеңдер, сендердің ойларың түзу деп біз сене алмаймыз. Онда біз сендерді Торғайға бұл түрлеріңмен кіргізе алмаймыз. Бізге сенбесеңдер, міне, советтің комиссары Жангелдин қол қойған мандат...» — деп қағаздарын көрсетеді.

Таран отряды лажсыз қару-жарақтарын «Алашорда» отрядына жинап береді.

Қару-жарақты жинап алған соң «Алашорданың» қулары Таран отрядын тұтқынға алып, Торғайға апармай, Атбасарға қарай айдап кетеді.

Іле Таран отрядының соңынан Торғайға, Қостанайдан шыққан Желаевтың қызыл партизан отрядтары келеді. Желаев, жолшыбай «Алашорданың» Таранға қылғанын естіп келеді. Тағы Торғайдан Желаевқа қарсы «Алашорда» әскері шығады. Желаев келген бетімен «Алашорда» әскеріне оқ жаудырады. «Алашорда» әскері тым-тырақай қашады. Далбақтап, тоңқаңдап Торғайдағы «Алашорда» қашады. Қашқанда тек кетпейді, түрмедегі комиссар Амангелді Иманұлы мен жолдастарын өлтіріп кетеді. Желаев Торғайды алып, керекті азық-түлігін тиеп алып, жүріп кетіп, совет үкіметінің қолындағы Ырғыз қаласына соғып, Шалқарлатып соғыс майданындағы қызыл әскерге барып қосылады. Желаев отряды кеткен сон «Алашорда» ұрандасып, қайтадан Торғайға келеді. «Алашорда» енді қодаңдап, қайраттанады. Кешікпей 1919 жылы мамыр айында Желаевтың ізімен Ырғызға әскер жібереді. «Алашорда» әскері Ырғыз советінің аз ғана жарақты қызыл отряды екі бөлек болып, Ырғыздан ұзақ кежеуілге кеткенде келеді. Әскерсіз қалған Ырғызды «Алашорда» алады. Үкіметін жасайды. Ырғыз исполкомында болған кейбір қазақ жігіттері (Жаманмұрынұлы, Тойбазарұлы, Сүгірбайұлы) жалт беріп, «Алашордаға» кірісіп кетеді. Ырғызды жау алғанын Алманов, Кисилевтер қызыл отрядпен кежеуілде жүргенде естіп, Шалқар ауданын басып, соғыс майданындағы қызыл әскерге барып қосылады.

Кисилев пен Алмановтың қасындағы орысы бар, қазағы бар, біраз жолдастары қысалшаң уақытта Ақтөбедегі соғыс майданынан қолдарындағы саймандарымен «Алашордаға» қашып барып кіріп кетіпті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий