Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жүріп келеміз. Ауылға жақындадық. Ділмағамбет озып кеткен. Бір жақын ағайынның үстінен өтіп бара жаттық. Бір топ кісі ауылдың алдында сөйлесіп отыр екен. Қастарына салт атты жастау бала жігіт келіп еді, бізге жіберді. Салт атты жігіт өтіп бара жатқан бізге шауып келді. Тани қалдым. Қатар ауылдас Сүлеймен деген кісінің Жаман деген баласы. Сәлемдесіп, жөн сұрады. Айттық:

— Павлодар уезінен келе жатқан Сейфолланың нағашысымыз. Айдаболмыз... — дедік.

Бала кісілерге шауып барды, айтты. Айта салып, қайта шауып келді. Тағы да жөнімізді анықтап сұрап кетті. Таныған жоқ. Өзім де танитын қылған жоқ едім, бетімді қисайтып, бір көзімді соқыр қылып отырып едім.

Өзіміздің ауылға бір-ақ бел қалғанда, қарсы алдымыздан, белден, бір жетегі бар салт атты жігіт шыға келді. Бізге алдымыздан ат жіберген екен деп ойладым. Бұл бос ат жетектеген бізбен ауылдас, бала күнімізден бірге өскен, бір Қадырбек деген жігіт екен. Қадырбекпен ауылда жүргенде кедейдің саяғындай әмпей едік. Бізбен сәлемдесіп тұра қалды.

«Е-е, бұл өз бетімен кетіп барады екен. Бұл да танымады ғой шіркін!» — деп ойлап тұрдым.

Мұқаймен жөн сұрасты. Жөн сұрасып болып, «қайыр енді!» деп, атының басын бұрып алды. Шыдамай:

— Сіз қай ауылдың жігітісіз? — дедім.

Даусымды танып, бетіме жалт қарады. Шыдамай, көзім күліп тұрған тәрізді еді. Қатты қысылып, сасып, секіріп түсті. Күліп жатырмыз...

Қадырбектің екі атын жегіп, айдап жүріп келе жатқанымызда едәуір жерде бір топ атты көрінді. Қатты келеді. Келе жатқан өкшесі біздің жөніміз. Бізден өтіп барады. Арамыз едәуір жер. Ойланып топқа қарадық. Ішінде кимешекті бір әйел бар сияқты.

Қадырбек: «Ойбай, анау біздің ауылдың адамдары екен!.. Анау кимешекті Жамалекең екен!» — деп, қол бұлғап, айқайлады.

Салт атты топ бізге қарай атты қойып қалды. Бұрқыратып келеді. Біз арбадан түсіп тұрдық. Біздің ауылдың адамдары... дүрсілдетіп жетіп келді. Анадай жерден аттарынан домаласып түсе жүгірісіп келді. Бәрінде де ес жоқ. Әсіресе ана сорлыда ес жоқ, не айтып, не қойғанын білмейді...

«Өзіміздің үй ішінен басқаға білінбеймін» деп келген қашқынды, ертеңінде маңайдағы төрт-бес болыс елдің бәрі білді. Бір жұмадан соң барлық Ақмола уезі білді... «Жаяу» почта!..

XIII. КОЛЧАКТЫҢ ЖАНТАЛАСҚАН ШАЛЫҒЫ

Мен елге келген кезде Колчак жанталасуда екен.

Тұмсығы қанға батқан сайын, құтырған қасқырдың көзіне қан тола береді. Көрінгенге шабады. Біреуді жарып кетеді. Біреуді бауыздап кетеді. Көрінгенге шабады. Көрінгенге тісінің қанын жағады. Құтырған қасқыр қанға кәнігі болады. Шашылған қанға мас болады. Көзіне қан толады. Құтырған қасқыр имену, ойланудан кетеді...

Ә дегенде құтырған пәледен сескеніп, жан сауға қылып сескеніп қалған ел, пәленің басып алғанын көріп жанын қорғай бастайды. Құтырған аузын арандай ашқан пәлемен қарсыласады. Шуласады. Тұс-тұсынан балта, шот, айыр, күрек, бақан алып шығады. Құтырған қанды қасқырды қамалайды. Талай жан жараланады. Талайы құрбан да болады. Ақырында, қанды пәлені қамалап жүріп өлтіреді. Мен елге келген қарсаңда, Колчактың қанға кәнігі болып, көзіне қан толып, көрінгенге шауып жатқан кезі екен. Қанға мас болған пәлеге бұқара халық қарсыласа бастаған кезі екен.

ЕР AMАНТАЙ КӨТЕРІЛІСІ

(Мариновка)

Қостанай ауданында әбден ашынған бұқара халық (крестьяндар) қозғалып жасақ салып, Колчакқа қарсы жасана бастапты. Еңбекші халық бұрынғы совдепшілердің соңына еріп, көтеріліп майданға шығады. Әуелі көтеріліс поселкелерден басталып, тез жан-жаққа өршіп, кешікпей көтерілген қара бұқара Қостанайды келіп алыпты. Бірақ темір жолмен келген Колчактың қалын әскеріне шыдап тұра алмай, ұзаққа бара алмай, көтеріліс жасаушылар Қостанайды тастап кетіпті.

Бұл Қостанай көтерілісінің басында Жәлейұлы деген, Таран деген крестьяндар болыпты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий