Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Балабай ауылында бір тәуір арба бар. Онсоң төрт-бес тәуір ат-айғыр бар. Әсіресе бәйге жирен қасқа айғыр. Балабай балаларының айтуынша жирен қасқа айғырға Шорманның болыс баласы құнан күнінен сұқтанып жүреді екен. 1916 жылы, қазақ жастарын әскери жұмысқа алғанда жирен қасқа айғыр — бәйге алып жүрген дөнен. Шорманның болыс баласы Балабайдың екі баласын әскери жұмыстан қалдырып, бәйге қасқа дөненді алады. Патша түскен соң бәйге қасқаны Балабайдың балаларының өздері қайтадан ұстап алады. Енді Колчак пен «Алашорда» заманында Шорманның болыс баласы қайта болыс болып, «Алашорда» әскеріне көмек жинап, елді «шытырлатқан» бетімен келіп, Балабайдың жирен қасқа айғырын көздейді.

Балабай ауылы састы. Мұқай менен ақыл сұрады. Мен өзімше ақыл айтқан болдым. Балабайдың да, Мұқайдың да арбасын ауылдан қашығырақ жердегі өзектің жарына тыққыздым. Балабайдың жылқысындағы бес-алты жақсы ат, айғырын ұстатып, тізгізіп, азыққа қатық, қымыз, ірімшік алып, өзім жирен қасқа айғырға мініп, қасыма Балабайдың қасында отырған үйдің жігітін (иесін) алып, тізілген ат-айғырларды соған жетектетіп, тауға шығып кеттім. Елден болыс пен пристав кеткен соң, ауылдың біреуі тауға келіп хабар қылатын болды. Хабар қылғанда бір биіктеу жерге келіп, алыстан атой беретін болды.

Біз ат-айғырларды тауға әкеліп, таудың басындағы қораға аттарды кіргізіп, пішен салып қойып, қарауыл қарап күнді өткізіп, түнді өткізіп жаттық.

Сөйтіп, ат-айғырлар мен арбаны аман алып қалдық.

Солайша Балабай ауылында айдан аса жаттым.

ӨЗІМІЗДІҢ ЕЛГЕ КЕЛУ

Мұқайдың торы шолақ айғыры тойынды. Көк жетілді. Жаз толықсыды. Жұрт аққа молықты.

Бір күні Мұқай арбасына торы шолақ айғырын жекті. Ескілеу текеметін арбаға салды. Мен көшір болып, айғырдың тізгінін ұстадым. Мұқай «үлкен кісі» болып, арбаның орта беліне отырды. Балабай ауылымен қош айтысып жүріп кеттік. Мен Мұқайдыкінде киімдерімді тағы да өзгертіңкіреп алдым. Баянда, Ілиястікінде бастағы құлақшынды қалдырып, қоңыр елтіріден тымақ істетіп ескі шытпен тыстатып кигемін. Ілиястың баласы Рақышқа іштен киетін орысша шұға бешпентімді беріп, оның бір ескі, жамаулы жыртық қазақша бешпентін кигемін. Енді Мұқайдың қатынына, сырттан киіп келген, сырты күйе болған қоңыр тібен, іші күзен бешпент ішігімді беріп, ескі, жыртық, жамаулы ләңке шапанын кидім.

Сөйтіп үсте — жыртық, жамаулы ескі ләңке шапан, баста — жаман қоңыр тымақ, бұтта — жамаулы қой терісі шалбар. Аяқта жаман жамаулы бұзаубас етік. Белде — ескі шүберек белбеу. Нұсқам көшір болып, арбаның алдына отырып, ат айдап, ат доғарып, ат арқандап, ат жегіп жүруге лайықты.

Мұқайдың ауылынан біздің елге келген жолды бұл араға жазбаймын. Тек өзіміздің ел шетіне қалай кіріп, өзіміздің ауылға келгендігімді ғана айтып өтейін.

Павлодар уезінің жапсарынан Ақмола уезіне кірдік. Уез аймағы үлкен. Аяңдап, оннан аса күн жүріп, жапсар елдерден өтіп, Ақмола елдерінің күншығыс-түстік жақтағыларын аралап отырып, Ақмоланың оңтүстік шетіндегі біздің елмен жапсар, аралас отыратын өзіміздің жақын рулас елдерге келдік. Талай қызықты әңгімелер қалды.

Жолшыбай түстенген, қонған елдерде әңгімелесіп отырамыз.

«Большевик пен сары орысты» әңгіме қыламыз. «Сары орыс» деп Колчактың әкімдерін, орыс байларын айтады. Қалың қара бұқараның көбі-ақ «сары орысты» күңкілдеп қарғайтын болыпты. Кейбір жерлерде «большевик келсе екен» дегенді де айта бастапты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий