Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Түнімен жаңбыр жауды... Төсексіз бүрісіп, Мұқай екеуміз төр алдында жаттық. Ертеңінде ерте тұрып, әлгі кемпір бізді тағы да боқтап, үйге кіргізіп қойған қамыт-саймандарымызды тысқа атқылап лақтырып жүр екен... Атты суғарып біраз шалдырып алдым. Сәске кезінде жүріп кеттік. Жолдың сазынан ат ауырлап, арбаны тарта алмаған соң, біраз жаяулап, кешке Шөптікөлге келдік. Шөптікөлге таянып, аяңдап келе жатқанымызда, артымыздан ұшыртқан үш атты кісі жетіп келді. Сәлемдесті. Тағы да тани кеттім. Біздің қонайын деп келе жатқан «Шөптікөл», «Жаманкөлдегі» ауылдардың жігіттері. Бұл ауыл да бізбен жапсар отыратын Тоқа деген бауырлас ел. Тек болыстары басқа. Атты аяңдатып келеміз. Үш жігіт те қатарласып аяңдап бізден жөн сұрасып келеді. Үш жігіттің біреуі 1917 жылы осы елдің ауылдық съездерін жасап, комитеттерін сайлағанда, менің бірсыпыра күн қасымда болып еді. Аты Әбіш. Келе жатып бетіне қараймын, Әбіштің де екі көзі менде. Ат үстінде қисайып маған көп қарап отырды. Мен түсімді бұзбадым. Үш жігіт бізбен сөйлесіп отырып танымай жүріп кетті. Кештетіп келіп Шөптікөлдегі Бейсембай ауылына қондық.

Ол ауылға танытпай, Шөптікөлдің қасындағы Жаманкөл басында отырған Көшмағамбет ауылына сәске түсте келдік.

Ауыл көшіп жатыр екен. Бұл ауылда біздің әкеймен немере-шөбере екі апай бар еді. Енді бұларға амандаспай кетуді, танытпай кетуді лайық көрмедім. Бір апайдың жығып жатқан үйінің қасына келіп тұра қалдық. Үйлерін жығып көшіп жатқан ауыл бізді елеген жоқ. Сол арада біздің қасымызға кешегі ат үстінде жолыққан Әбіш деген жігіт келе қалды. Танымайды. Амандасты. Әбішті оңаша алып шықтым.

— Мені танисың ба? — дедім.

Әрине, енді Әбіш таныды. Қолымды ұстап, көзіне жас алды. Әбішке қысқаша жайды айттым.

— Енді сен ана апайға барып түсіндіріп айт. Жылаушы болмасын. Жай амандасайық. Білінбей қалсын, —деп Әбішті жібердім. Әбіш барып, шаңырақтан үйдің уықтарын алып жүрген апайға жайлап айтып тұр. Көріп тұрмын. Екеуі біздің арбаға қарай жүрді. Таяна беріп, апай айғайлап жылап қоя берді!..

Лезде «Шөптікөл», «Жаманкөл» басындағы ауылдардың баласына шейін білісіп, әңгіме қылды. Лезде бұрқыратып жан-жақтан шабысып, жүгірісіп келіп жатыр. Лаж жоқ. Біліндік.

Ол ауылдан ет пен қымызға тойып алып, арбаға екі мықты айғырларын жегіп, бұрқыратып жүріп кеттік. Жолшыбай қаладан келе жатқан бір саудагерге жолықтық. Шала ноғай саудагерлер екен. Жалданып келе жатқан іштерінде бір-екі біздің ауылдың жігіттері бар екен. Қастарынан өттік. Бізді таныған жоқ. Қасымыздағы Көшмағамбет ауылынан еріп шыққан баланы жіберіп, әлгі біздің ауылдардың екі кісісіне жасырып айтқыздық.

— Әуелі үлкені — Ділмағамбет, білдіртпей, елеусіз келсін. Онан кейін екіншісі — Алшағыр, елеусіз келсін, — дедім.

Барып айтты.

Біздің арбаға Ділмағамбет жетіп келді. Жылап, көзінен жас ағып жүр. Ентелеп, алақтап, сыбырлап, бізден:

— Сәкен қайда?.. — деді. Бұ да танымайды.

Мен күліп: «Сәкен мен. Бірақ жылама! Жыласаң бүлдіресің. Ана саудагер ноғайларың білсе, жақсы болмайды»,—дедім... Нұра деген өзеннің бойына түстеніп, ат шалдыруға саудагерлер де тоқтады. Біз де тоқтадық. Аттарды доғарып, шай қайнаттық. Енді арсалақтап Алшағыр келді. Қуанып жатыр. Балаша казак-орыстарды сырттан боқтайды.

Ол күні жолға қонып, ертеңінде түс кезінде біздің ауылдарға келдік. Бірдеме қылып есебін тауып, жалдаушы байынан бөлініп, салт атпен Ділмағамбет бізбен бірге жүрген. Ділмағамбетті оздырып ауылға жібердік. Жібергендегі мақсат: бірінші — үй ішінде, әке, шеше, іні, қарындастарыма даярлықпен көріну, екінші — мені өзіміздің үйдің ішінен басқаға білдіртпеу. Әуелі жақын ағайындарға да білдіртпеу. Білінбей үйге барып, біраз болып, Совет өкіметі бар Түркістанға өтіп кету. Бұл көптен миға әбден орныққан, бекіткен планым. Осыны әбден түсіндіріп, Ділмағамбетке айтып жібердім.

— Бізді Павлодар уезінен келген әкейдің нағашылары екен десін де қойсын, — деп қайта-қайта айтып, қатты тапсырып жібердім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий