Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Колчак әбден сұмдық болып алды. Ақмола мен Атбасар арасында бір поселкеге ылғи большевик крестьяндар жиналып, Атбасарды алмақ болып тұрған жерінде, соларды қыруға Атбасардан, Ақмоладан көп әскер шығып, бәрін қырып, поселкелерін жермен-жексен қылыпты. Содан кейін Ақмолада «большевик» дегенді атып жатыр. Түрмедегілерді атты. Біреуді біреу өштікпен «мынау большевик» деп көрсетсе болғаны, ұстап алып абақтыға жабатын болды. «Құмкөл» елінің бір мұғалімін «большевиксің» деп, қалаға апарып, түрмеге салып атты. Бекетайұлы Тілеубекті де абақтыға салды. Баласы Сейітрақманды абақтыға салды. Өзіңнің жолдасың Нұрғайынды атты. Тағы да толып жатыр атқан адамдар», — деді.

Өзеннің жоғарғы жағынан бір тазы ерткен, салт атты, сары жігіт келді. Сәлемдестік. Ат үстінде тұрып, сары жігіт Әуесқаннан біздің жөнімізді сұрады. Әуесқан:

— Сүйіндік жағынікі. Тоқа Сейфолланың нағашылары екен, — деді. Сары жігіт:

— Ә-ә, Сәкеннің әкесі Сейфолланың ба? —деп және бірдеме деп жүріп кетті.

Әуесқанмен қош айтыстық. Оның айтуымен Жәңгірдің өз ауылына қонбай, аржақ қасындағы бай төлеңгіті Байтуған дегеннің ауылына қонуға келдік. Өйткені Жәңгір ауылында болыс пен тілмаш жатыр екен.

«Жазым болып танып қалар» деп Әуесқан Жәңгір ауылына қонбауымызды ұйғарды. Біз Байтуған ауылына келгенімізде күн батуға таянған кезі еді. Аспанды бұлт басып, желдетіп, ептеп жаңбыр сіркіреп кетіп тұр еді.

Байтуған едәуір бай, екі-үш жүздей қойы бар. Сиыры, өгізі көп. Үлкен боз киіз үйі бар. Торы айғырды үйдің сыртына доғарып тастап, үйдің жанына келдік. Байтуған, кемпірі мен екеуі үйіне бізді кіргізбеді, қондырмады. Байбалам салып, баяпарланып: «Қондырмаймын, кетші-кет!.. Қазақтың қаңғығанының қонақ үйі емеспін! Аулақ жүр!» — деп жатыр.

Басқа барар жер жоқ. Дағдардық. Тамақ бермесе де кетпеуге бел байладық. Қазақша айтыстық. Ұрыстық. Жанжалдасып еріксіз үйге кірдік. Өздері үйде отырмады. Тыста боқтап жүр. Балағаттап жүр. Біз қаракөлеңке үйде отырдық. Әлден уақытта келіні от жақты, жігіт баласы келді. Бәрі де бізге тым-тырыс. Байтуған үйге кіріп отырды. Кемпір де кіріп-шығып жүрді. Бәріміз де отқа таяу отырмыз. Енді кемпір де келіп отырды.

Сол ай — «оразаның» айы еді.

Ауызашарға даярлап, қайнатып отырған шайы бар екен, жасады, лажсыз бізге де шай берді. Баласы қатынын ұрды. Жігіт былш еткізіп қатынды тұмсыққа періп кеп қалды. «Шіркіндердің сыпайысы-ай!» — дедім ішімнен. Енді біраздан соң азырақ бой үйренісіп, Байтуғанмен әңгімелесе бастадық. Мен білмеген болып, Жәңгір төрені сұрап отырмын. Байтуған Жәңгір төрені, ой, мақтады! Мақтады! Мырзалығын мақтады.

— Бір жылы, бір тұмса күшіктеген қаншыққа тоқты сойып салды... Зекет бергенде санап, алдынан өткізіп, жүз жылқыдан жүз біріншісі айғыр болса да, аягөз ат болса да, молдаға ұстатып беруші еді... Құрбанға өгіз союшы еді. Малайларына бір бөлек арнатып құрбан шалғызушы еді. Бұл төреден мырза жан жоқ еді ғой...» — деді. Әбден бажайлап сұрап болып, Байтуған әбден төресін мақтап болған соң, мен төрені жамандауға кірістім.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий