Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Кешікпей «Петроградта Керенский үкіметі құлап, үкіметті большевиктер алды» деген телеграмма сап ете түсті.

Октябрь төңкерісінен кейін әлеумет, саясат майданындағы күрестеріміз бұрынғыдан да екпінді болды. Мыс қазандай қайнады.

Жиылыс-митинг, талас-тартыстар жиіленді.

Дүйсенбаев, Асылбеков, Серікбаев, Нұркин, Бекмұқамбетов, Әділов, Қангелдин Уәли мен Көшербай тағы басқа жолдастар, фронттан қайтқан Монин, Гривогоз, Лозной, Коломейцев, Репшнейдр деген солдаттармен және Екібастұз заводының жұмыскері Бачок дегенмен, Трофимов деген левой эсерадвокатпен, Горбачев деген семинария учителімен, Ақмоладағы эсер партиясының хатшысы әлгі Мартылого деген левой эсер және басқа орыс жолдастармен бәріміз бірыңғай Ақмолада Совет орнату жолында талас-тартыс майданына шықтық.

Талай жиылыс, талай митинг өткіздік. Совет орнатуға «қалпымен» қазақ-орыс қарсы. Әрине, байлар, төрелер, офицерлер қарсы. Алаш ниетіндегі қазақ комитеті қарсы. Керенскийдің өзі жойылса да, Ақмоладағы отырған комиссары қарсы.

Қысқасы, қарсы күш қалың. Біз тіпті азбыз.

Жұрт гулейді. Жиналыстарда иін тіреседі. Ұрысады, керіседі.

Орынборда болған бірінші қазақ жиылысының қарары бойынша күллі Қазақстанда «Алаш» партиясы деген жасалды. Оның губерния-губернияда облыстық комитеттері ашылды, уез-уездерде комитеттері ашылды. Біздің «Тіршілік» газетінен басқа газеттерде «Алаштың» жобасы жарияланды. Бұл газеттер күпірген мақалалар жазып, «алаш, алаш!» деген күйге бастады. «Алаш» партиясының жобасын эсер, меньшевик партияларының, Кадет партиясының жобаларынан құрастырып алды.

Бірақ «Алаш» өзінің бұл құрғақ жобасын да іс жүзінде қолданған жоқ, іс жүзінде Колчак ағасының тәртіптерін қолданды...

Барлық Алаш ағасы деп Әлихан Бөкейханды оқығандар көкке көтерді. «Алаш» бастықтары да тыпырлап, аласұрып сөз таратып, бар күштерін салып, әрекеттерін жасады.

Дон-Кихотша, Бөкейхан Сібір съезіне келді. Омбыға келді, Семейге келді, баяндама жасады. Оқыған мырзалар, оқып жүрген мырза болам деушілер Бөкейханның жолын тосып қарсы алды.

Омбыда, Семейде Әлекеңді Құдайдан сұрап алған жалғыздай құттықтады. Мұны аз ғана көз алдына келтіру үшін 1917 жылғы қарашаның 21-індегі «Қазақ» газетінің 251-нөміріндегі Бөкейханды Семейде қалай, кімдер күтіп алғанын жазған «Сарыарқа» газетінен көшірген мақаланы келтірейік.

Газеттерден:

ӘЛИХАННЫҢ СЕМЕЙГЕ КЕЛУІ

Әлихан Томскідегі Сібір съезінен қайтып, баяндама оқуға Семейге барған еді. Семей халқының Әлиханды қалай қарсы алғаны жөнінде «Сарыарқа» газетінде бір мақала басылып шыққан.

Әлихан Семейге 21 октябрь күні келетіндігі күн ілгері мәлім болған екен. Сол күні алдынан шығып, құрмет көрсетуге Семей қазақтары бұрынғы губернатор мекемесі, қазіргі «Бостандық үйіне» ағыла бастаған. Семинаристер бір рет, гимназистер бір рет, мұғалімдер бір рет, тұрғын саудагерлер, қырдан келгендер «сегіздегі бала, сексендегі шал да қалмай» дегендей қуанышпен, отарбаның келуін тосқан еді дейді.

Мұнша халықтың артықша зор құрметпен, қуанышпен, сағынып күткен адамы:

Ел үшін құрбандыққа жанын берген.

Бит, бүрге, қандалаға қанын берген,

Ұрадай сасық ауа, темірлі үйде,

Зарығып Алаш үшін бейнет көрген.

Заманда басқан аяқ кейін кеткен,

Жасымай Алашына қызмет еткен!

Болса да қалың тұман, қараңғы түн,

Туатын «бақ жұлдызына» көзі жеткен.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір бас үшін жалданбаған,

«Көркейер қайткенде Алаш» деген ойдан

Басқа ойды өмірінде малданбаған.

Әлихан Нұрмағамбетұлы Бөкейханов еді, —дейді «Сарыарқа».

Әлгі көше толып ағылған қазақтың бәрі «Бостандық үйіне» барып толды. Арналған кісілер халықты реттеп отырғызды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий