Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ескі үкімет өліп, жаңа үкімет туғанда бұл советтер де қатар туып, өкіметпен қатар қабырғаласып қалмастан келе-келе енді мемлекет билігін өкімет қолынан бүтіндей алып, жұртты әкімшілік күшімен социалист жолына түсірмек болып тұр. Орыс солдаты аяғының астынан арғы жерге көзі жетпейтін қараңғы соқыр. Жұрттың мал-мүлкін ортаға салдыртып, тегін мал тауып береміз деген социалистер уақытша үкіметті солдат күшімен алып, абақтыға салып, Петроградта өздерінен міністірлер сайланып елге әкімшілік жүргіземіз деп жатыр. Жұрт онысына көнбейміз деп жатыр. Мал-мүлкін ортаға үлеске сала қою оңай емес. Ырзалықпен жұрт көнбесе күшпен көндіреміз деп, социалистер көнбеген жерлердің адамын қырғынға, мал-мүлкін талауға ұшыратып жатыр. Осы күнгі әр жерде болып жатқан «большевик» бунты деген бүліншілік сол халықты зорлап, күшпен социалист жолына түсіреміз дегендердің ісі. Немісті қойып, енді Россия өзімен соғысып кетті. Солдаттар «большевиктер» жағында, атты қазақтар халық жағында. Петроград, Мәскеу, Қазан, Саратов, Самара, Ташкент сияқты солдат көп жерінде большевиктер жеңіп тұр.

Орынбор, Орал, Дон сияқты атты қазақтар көп жерлерде «большевиктер» қорқып, қозғала алмай отыр. Жаяу әскер көп, атты казактар аз, елдің бойын қорғауға атты қазақ жетпейді. Соғыстан Россия іске аспай шығып тұр. Солдаттар еліне қайтып келе жатыр. Бұрын солдаттарды еліне қайтарарда қару-жарағын тонап алып қайтарушы еді. Оны істейтін өкімет абақтыда жатыр. Солдаттар қару-жарағымен қайтпақшы. Поселке-поселкесіне барып, менікі-сенікі жоқ, бәрі ортақ боларға тиіс деп «большевик» дініне кіріп келген солдаттар келген жерінің бәрінің мал-мүлкін, жер-суын ортақ пайдаланамын деп бүлікті шығармақшы. Қару-жарағы қолында, келеді де алады. Бермеймін дегенді ұрады, қырады, дегенін қылады. «Анархия» яғни жүгенсіздік қалып деген осы болар.

Бұзықты тыятын халық қалаған өкімет абақтыда жатса, оның орнына большевиктен болған өкімет — мал-мүлік ортаға салынсын, талауға түссін десе, алдырған-жұлдырған, шабылған, таланған, орылған, қырылған кімге барар? Кімге паналар? Мұндай шақта әркім өзіне-өзі берік болып, өз қақына өзі ие болып, өз мал-мүлкін өзі қорғамаса, ешкім қорғап бермейді. Мұндай лайсаң заманда әр жұрт өз қамын өзі ойлап, өзгеге жем болмас жабдығын өзі істемесе, өзгелер істеп бермейді. Атты казактардың қару-жарақтары сай, азаматы дайын. Оның мал-мүлік, жер-суына большевиктер тиісе алмайды. «Тастаған шоқпар» сорлының маңдайына тиеді деген, біздің қазақ сияқты қару-құралдан түк жоқ сорлы жұрттар мұндай бейтәртіп жүгенсіздік шақта қорлық-зорлықтың неше түрін көріп, адамы қырғынға, мал-мүлкі, жер-суы талауға түсетіні шәксіз. Жазғы болған жалпы қазақ съезінде осы анархия болатын құқық сездіріліп, қазақ милициясын күшейту керек деген сөз қозғалып еді, ол кезде бірақ «анархия» болатын түрі байқалғанмен, нақ болып жатқан жері бола қоймаған соң айтылған сөз аударылып, ақтарылып қаралмастан қалып еді. Қашан төбемізден келіп түскенше ұйқымызды қия қоймайтын мінезіміз бар ғой.

Енді әуелі жан керек болса, екінші, жан үшін мал керек болса, түсініп оянатын шағың жетті, өлмес қамыңды қылмай арманда болып, артынан өкініп жүрмеңдер. Айту борыш біздікі, істеу-істемеу ерік халықтікі. «Анархия» әлегінен біздің қазақ тысқары қала алмайды. Әсіресе орыс-казак сыбайлас, аралас отырған жерлерге «анархия» шалығы тиетіні шәксіз. Біздің ойлауымызша, «анархиядан» өзін қорғау үшін қазақ-қырғыз айрықша милиция жасау керек, ол милиция «анархия» боларлық құқықты жерлерде болып, елді большевик жолындағы адамдардың қорлық-зорлығынан құтқару керек.

Сол милицияны қалай жасап, қалай қазақ-қырғызды большевиктер әлегінен аман алып қалу жайын кеңесуіміз бір керек.

Екінші, Россия ішінен іріп-шіріп, азып-тозып, тігісінен сөгіліп пара-пара болып кетуі ықтимал.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий