Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Россия ондай күнге ұшырағандай болса, біз қалай етпекшіміз, оның жайын кеңесу бұл тағы керек. Сондықтан қазақ-қырғыз болып бас қосатын бір жалпы съезд жасамай болмайды. Съездің нағыз керек кезі осы шақ. Мұнан соң зор түскендей халық жұмыс болмақшы да емес.

Съезд бүкіл қазақ-қырғыз болған жерлердің әр уезінен елге беделді екі ақсақалдан шақырылып, әр областной комитеттен екі зиялыдан шақырылып телеграмма беріліп тұр. Съезд жиылатын орын — Орынбор. Күні 5/XII.

Милиция жасауға азамат, ат және ақша қазақтың өзінен табылады. Бізге тиісті қару-жарағы большевиктерге қарсы қазір күш көрсетіп тұрған атты қазақтар. Біз де большевиктерге қарсы амал қылатын болған соң біздің милиция жасаймыз деген ісімізді өздеріне көмек көріп, атты казактар қару-жарақ жағына қарасса деген үмітіміз бар.

5 декабрьде Орынборда атты казактардың да съезі болмақшы. Екі съезд уақыты бірге болған соң қару-жарақ жағынан да, қалай милиция жасап, қалай тәртіптеу туралы да атты казак съезі мен қазақ-қырғыз съезіне келген адамдар ақылдасар.

Алаш ұлы қазақтан, ардақты қырғыз ағайынымыздан өтінеміз, қаралатын мәселе зор болғандықтан жаңа істейтін іс тез үлгеріліп, тез жарыққа шығуы қажет болғандықтан, шақырылған адамдар түгел және мезгілімен келіп кетсе екен деп.

Съезд шақырушылар: Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Ахмет Бірімжанұлы, Сағыңдық Досжанүлы, Жанұзақ Жәнібекұлы, Файзулла Ғалымжанұлы, Камеледдин Арғынғазыұлы, Ғабдұлхамит Жүндібайұлы, Ғазімбек Бірімжанұлы.»

Орынборға Бөкейханұлдары тағы да екінші жалпы қазақ съезін шақырды. Қазақстанның губерния-губерниясына, уез-уезіне екінші съезге шақырып телеграмма берді. Телеграмма қазақ газетінің жаңағы айтылған 14 қарашада шыққан 250-нөмірінде басылды. Газетке былай деп басылған:

ЕКІНШІ ЖАЛПЫ ҚАЗАҚ СЪЕЗІ

Заман жаманға айналды. Келешек қараңғы, қорқыныш зор. Осындай бүліншілік заманда аяқ асты болып қорлықта қалмауымыздың қамын кеңесу үшін екінші жалпы қазақ съезіне шақыруға қаулы қылып Орынбордағы оқыған қазақтар төмендегі телеграмманы қазақ облыстарына және уездеріне беріп отыр.

Телеграмма сөзі

«Бүкіл мемлекет қазір бетімен жайылып кетті, кешікпей талан-тараж қырғынға айналатын түрі бар. Алалық, алты ауыздық, біреуге-біреу сенбеу күшейді, әр адам, әр халық өз қамын ойлап, өзін-өзі қорғайтын күн туды. Бұл болып жатқан оқиғалардың түбі неге соғатынын жалпы қазақ артық сезе қоймайтын шығар. Бұл оқиғалардың түрі жаман, қам қылмай, қол қусырып отыра берсек, алдымен қазақ халқы сорлайтын түрі бар. Соның үшін біз жанымызды, малымызды қорғау жайын ойлау керек. Өзімізді-өзіміз қорғау үшін бізге жалпы қазақ милициясын құру керек. Бұл мәселе шұғыл және аса зор болғандықтан, төменде қол қоюшылар халыққа сенімді қызметті ақсақалдарды және оқығандарды шақырып, өз күшімізбен қазақ милициясын құру жайын кеңесуге жалпы қазақ съезін жинауға қаулы қылдық. Егер біз өзімізді-өзіміз қорғай алмасақ, бүліншілік зорайып, қиыншылыққа айналғанда қазақ халқы құрбан болады.

Соның үшін милиция құрудың үстіне съезде қазақ халқының жұрттығын жоғалтпау үшін не қылу керек деген зор мәселе де қаралады.

Алаш баласының басына бір сын, бір күн туды. Өтінеміз, қалай да болса 5 декабрьге қарсы Орынборға әр уезден жұртқа қадірлі екі ақсақалдан және әр областной комитеттен екі оқыған кісіден жіберіңіздер.

5 декабрьде Орынборда бүкіл казак-орыс әскерлерінің съезі де болады, бізге олармен де сөйлесу керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий