Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Семейде «Алашорда» милициясының бастығы, айтылмыш Қази деген жігіт большевик солдаттары атқан оққа ұшқанда, Омбыда оқып жүрген «Бірлік» ұйымындағы жаңағы аттары айтылған ұландар «Қазидың жолын ұмытпасқа ант қылған...» еді. Ант қылып «Сарыарқа» газетіне телеграмма соққан еді. Телеграммалары «Сарыарқа» газетінің 1918 жыл, 15 сәуірде шыққан 38- нөмірінде басылған еді. Телеграммалары мынау:

«КӨҢІЛ...

От жанды, ұлт қанды, есіл қыршын жас Қази бауырымыздың мезгілсіз қаза тапқанына өте қайғырамыз. Бірақ Қазидың арманы жоқ— ұлт жолында тұңғыш құрбан болды. Жастарға жолбасшы жұлдыз, түпкі идеал болды. Біздер Қазиды және оның үлгілі жолын ұмытпасқа, құдай алдында, ар алдында уәде бердік. Сол уәдеге бірінші негіз салу үшін 20 апрельде қазақша «ойын» жасап, түскен сап пайданың жартысын, артта қалған бір жасар ұл баласының тәрбиесіне бермекші болдық. Және басқа уақыттарда жәрдем көрсетіп тұруға қаулы істедік.

«Бірлік» қауымының жастары...»

Міне, осы «ант уәделерін» мықтап ұстаған. Және Семей жастарының өкілі Мұхтар Әуезұлы Совет үкіметіне қарсы болған. Қостанай жастарының өкілі Мұрзаұлы қарсы болған. Тартыс едәуір қызған. Біздің өкілдердің дүмпуімен көпшілік ақырында: «...Совет үкіметін танимыз, өзімізге тимесе...» деген қарар шығарған. Және съездің көпшілігінің қаулысы бойынша Ақмола, Семей, Қостанай губернияларындағы барлық жастар ұйымдарының аттарын қалдырып, жалпы бір атпен «Жас азамат» деуге қаулы қылған. «Жас азаматтың» басқармасын (ЦК) сайлаған. Басқармасының төрағалығына Мұрзинді, мүшелігіне: Смағұл Садуақасұлын, Мұратбек Сейітұлын, Гуля Досымбекованы, Әбдірахман Байділдаұлын сайлаған. Әбдірахманды «сол» пікірлілердің (Досұлы, Қамза, Жанайдар, Абдолла) дүмпуімен сайлаған. «Жас азамат» ұйымының тілі қылып «Жас азамат» атты газет шығармақ болған. Газеттерін Қызылжарда жабылып қалған Көлбайдың газеті «Үш жүздің» орнына шығармақ болған. Шығарушылыққа Кемеңгерұлын сайлаған...

Омбыдан бұл съезден қайтып, Абдолла Қызылжар қаласына келген. Ондағы большевиктердің, Совдептің бас адамдарының бірі Ысқақ Көбекұлы, Шаймерден Әлжанұлымен, Кәрім Сөтешұлымен сөйлескен. Және сол Омбыға барып келе жатқан Көкшетау совдепінің мүшесі, большевиктерінің бастықтарының бірі Сабыр Шәріпұлымен — бәрі бас қосып сөйлескен. Бұл төртеу-бесеуі бас қосып сөйлесіп, большевик партиясына қазақ жұмыскер-жалшыларын көбірек шақыруға және «Алашордамен» оңдап күресуге план жасаған.

Біз Абдоллаға:

— Омбы қалай?.. Омбыдағы қазақ жұмыскерлері қалай?.. Пароходта, темір жолда жұмыс қылатын қазақтар?.. Және Қызылжардағы жұмыскерлер қалай екен? — дедік.

Абдолла:

— Қызылжардағы біраз жұмыскерлер қолдарына мылтық алып, қайрат қылып жүргені белгілі ғой. Бұлардың бастығы Ысқақ Көбекұлы. Бұлар тіпті жақсы. Анау күні Қызылжарда Совдепті құлатпақ болып ақтар қауіп қылғанда бұлар көп қайрат көрсеткен. Онан соң Омбы жұмыскерлері де жақсы. Жиырма шақты қазақ жұмыскерлері қызыл әскерге тіленіп жақында кірді. Көзі ашық бастықтарын көрдім, біртүрлі жақсы... Угар Жәнібекұлы, Мұхаметқали Тәтімұлы, Қазыбек Мұқайұлы... — деді.

Бұлар қазақ жұмыскерлерінің кәдімгі өзімізге белгілі жыл құстары.

Бұлар ең алдымен бір қолымен қызыл ту көтерген, бір қолымен пулемет көтерген шын батырлар. Бұлардың ішіндегі Угар Жәнібекұлы 1912 жылғы жер-дүниеге мәлім Сібірдегі Лена заводындағы жұмыскерлер атылуында болған жігіт (знаменитый Ленский расстрел). Біреулер Абылайдың Кенесары, Наурызбайдың, Сыздықтың «батырлықтарын» аузының суы құрығанша мақтайды. Бұлардың батырлықтары ел талау ғана еді, ал шын батырлар әлгі қызыл ту ұстап, қызыл әскер болып, еңбекші табы үшін оққа қарсы шыққандар. Міне, бұларды мақтауға болады.

Бұлар туралы бажайлап кейін айтармын...

Сөйтіп, Омбы, Қызылжардан қайтқан Абдолланың баяндамасын тыңдадық. Абдолла қылған баяндамасында Советке қауіпті жайларды да айтты:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий