Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

«Алашорданың» кәрілері, жастары болып, Көлбайды қаматты. Тағы Ысқақ Көбекұлының соңына түсіп, қаматуға әрекет қылды. Бірақ Ысқақты Қызылжардағы қазақ жұмыскерлері бермеді. Көлбайды да Қызылжардағы қазақ жұмыскерлері шығарып алуға әрекет қылды. Бірақ чехтардың бунты олардың, әрекетін аяқтатпай кетті. Көлбайды жамандайды. Көлбайды айыпты дейді. Көлбай жаман болсын, ал Шаймерден мен Ысқақ не қылды екен?..

Бұлардың жазасы не?

Бұлардың жазасы белгілі. Бұларды жазасы большевиктерге қосыла Совет үкіметін қуаттауы. «Алашордаға» қарсы болуы. Бұлардың жазасы сол! Бұл — бұл ма! Көлбай жабылған соң «Алашорданың» «Бірлік» ұйымындағы жас «ұландары» дұшпандарын тегіс жоқ қылуға кірісті. Алашорданың жолына қарсы болып «Бірліктен» шығып, революция жолына кірген, «демократ советін» (Демократический совет учащихся) ашқан Омбыда оқып жүрген Таутан Арыстанбекұлын, Жанайдар Садуақасұлын, Әбілқайыр Досұлын, Қамза Жүсіпбекұлдарын да Совдепке қаралап, абақтыға жаптырмақ болды. «Бірліктің» екі-үш балалары милиция ертіп келіп, Таутан мен Қамза, Әбілқайырды, Жанайдарды аңдап апарып абақтыға жапқызды... Міне, «Алашорданың» жеткіншектері осындай қылған. Тамаша емес пе?.. Нағыз әкелерінің балалары емес пе?

Шаймерден, Таутан, Қамза, Әбілқайыр, Жанайдарды Совдеп тезінен босатқан. Міне, бұл оқиға осылай болған!

Омбыда кедейлердің съезі шақырылды. Съезге біздің Ақмоладан екі кісі жібердік. Бірі: жолдас Шүкен Тінәліұлы деген жұмыскер, совдептің мүшесі, большевик. Екіншісі: Ақмола жақтағы белгілі шешен Көшербай Жаманайұлы, о да большевик және «Жас қазақ» ұйымының белгілі мүшесі...

Бірінші май болып қалды.

Май мейрамын үлкен көңілді, көтеріңкі қылып өткіздік. Совдеп мүшелері, әр түрлі кәсіп ұйымдары, жаңадан жасалған аз ғана қызыл әскеріміз ту көтеріп, төңкеріс өлеңдерімен Ақмоланы аралап, көп жерде митинг құрып, сөздер сөйленді...

Омбыда оқып жүрген Ақмоланың мұқтаж балалары мен «Жас қазақ» пайдасына кешке қазақша ең бірінші Ақмолада болған үлкен сауық жасалды. Сауыққа соның алдында ғана жазылып біткен «Бақыт жолына» деген менің пьесам қойылды.

Сауықта орыс-қазақ иін тіресіп тұрды. Сауықты көруге жұрттың ынтасының зорлығынан, сауық екі күн болды. Екеуінде де жұртқа орын жетпей қалды. Ойнаушылар «Жас қазақ» ұйымының мүшелері еді. Бәкен Серікбайұлы, Көжебай Ерденайұлы, Өмірбай Донентайұлы, Салық Айнабекұлы, Бану, Шарапат және Бейсенұлы, тағы басқалар...

Совдеп істері күн сайын жөнделе берді. Совет үкіметін нығайтуға қырға совдеп мүшелерін шығарып жаттық...

Әлгі Керенский заманында, қазақ комитетінің заманында, 1916 жылғы қазақ көтерілісінде, елге патша әскерін алып жүріп, елді шапқаны үшін үстерінен халық екі жүз шамалы арыз түсірген Олжабай болыс пен Әлкей болысты ұстатуға, малдарын қазынаға алдыруға 15 қызыл әскер мен Жұмабай Нұркеұлын шығардық. Және қырға, екінші жаққа, милиция қосып беріп, Байсейіт Әділұлын шығардық. Аз болса да Қызыл әскердің штабы құрылды. Штабқа Ресейден келген Зимин және Авдеев деген екі матрос пен Баландин деген бір кәрі солдатты бастық қылдық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий