Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Большевиктер тіл ұшымен бұқара-бұқара деп қақсағанда ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейді. Ал енді өздерінің қай жерде шын бұқара тілегін тыңдағаны бар! Декабрь ішінде Қоқанда бүкіл мұсылман жұмыскерлері мен диқаншылары съезд жасап қаулылар шығарды. Бұқара пікірі екен деп оған елең қылған большевик болды ма? Оның бер жағында большевиктердің Түркістанда қылып жатқан бұзықтықтарында есеп жоқ. Соның бәрін олар қайсы бұқараның тілегі бойынша қылып жүр екен? Қоқанда және Бұқар қырғындарына қай халықтың шын бұқарасы ырза? Сөйтіп отырып олар осындай істерінің бәрін жергілікті бұқара пайдасы үшін қылдық деп көрсетеді.

Осы күні жұрттың шын қызметкер білімді азаматтары қашқында жүр. Қолдарына түсірсе, большевиктер оларды өлтіреміз деп дік-дік етеді. Бұл туралы біздің шын бұқараның пікірін, тілегін кімнің сұрағаны бар, кімнің тыңдағаны бар? Олар сол қашып жүрген азаматтарды өздерінің дұшпандары деп қай жерде айтып еді?

Бірақ большевиктердің тізгінді советтерге береміз деп жүргендегі ниеттері халық бұқарасының пайдасын көздеу емес. Олар тек бұқараны сылтау қылып, іс басына ылғи әлдеқайдан жиналған сілімтіктер, ішіп кетер, жеп кетерлерді қолға алып жүр. Оларға шын бұқара пайдасынан да өздерінің қалтасы қымбат... Олар бүгін... жемсаулары толған күні әлдеқайда жытып кететін сұрқиялар. Мұны біз көрмей отырғанымыз жоқ. Түркістанда қанша уақыт қылышынан қан тамып тұрған және «бұқара пайдасы» үшін Қоқанда қырғын жасаған Пірпловтар, Стасковтар осы күні Қоқанда жүр...

Бұқара қожайындығы, жұмыскерлер қожайындығы дегенде большевиктердің ауыздары тола кетеді. Біздің Түркістан мен Қазақстанда бұл сөздердің не мағынада жүретіндігін білеміз. Бізде я халық қожайындығы болады. Я бұқара қожайындығы атын жамылған бұзақылар қожайындығы болады. Шын бұқара қожайындығы жалпы халық қожайындығынан басқа бізде болуға мүмкін емес!..

(«Бірлік». Газеттің уақытша редакторы С. Қожанұлы )

1918 жылдың жазы шықты. «Алашорда» да және оның інішектері де қарап жатпады. Бұлардың Омбыдағылары большевиктерге қосылған Мұқан Әйтпенұлы мен Көлбай Тоғысұлының арасына от жақты. Екеуін жауластырды. «Киімді шайтандардың» әрекеттерімен ақырында Көлбай Мұқанды арестовать еткізіп қаматты. Сонсоң тез Мұқан қамаудан шықты. Енді Көлбайдың үстінен қаралайтын материалдар жинап, Совдеп арқылы Көлбайды қаматтырды.

Омбыда оқып жүрген жастардың 1914 жылдан бері келе жатқан «Бірлік» ұйымының мүшелерінің көбі әбден «Алашорданың» жолына түсіп алған соң, жүректері сезімді біраз жас «Бірлік» ұйымынан шығып, Совет туының астына кірген. Олардың үйткенін айтып кеткем. Кейін толығырақ баяндаймын... Ал «Бірлікте» қалған «Алашорданың» қазақтары Көлбайға аласұрып жабылды. Көлбайдың үстінен қаралап, Совдепке «материалдар» жинап жаудырды. Елде болыстық билік, старшындық, «партия» таластарында бірін-бірі қаралауға, өтірік арыз, ұятсыз шағымдарды көп көріп, ысылып қалған қазақ балалары «материалдар» жинауға қандай ұста болады!

Менің өз басым Көлбайды ақтауға ақтығын білмеймін. Қаралауға қаралығын білмеймін. Бірақ Омбыда оқып жүрген «Бірлік» ұйымындағы «Алашорда» ұландары Көлбайды Совдепке қаралауға материал тапты.

Семейдегі «Алашорда», «Сарыарқа» газетіне телеграммалар соқты, «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 15 сәуірдегі 38-нөміріндегі басылған Омбыдағы «жас алаштардың» телеграммаларының түрі мынадай еді:

ОМБЫДАН ТАҒЫ ТЕЛЕГРАММАЛАР

Күндіз 11 сәуірде Омбыдан «Сарыарқа» басқармасына тағы екі телеграмма алынды. Бірі: «Көлбайға қосарланып, Шаймерден Әлжанұлы, Сүлеймен Тоғызұлдары да абақтыға жабылды. Көбекұлының да жабылатын ыңғайы бар. Көлбай бұрын қандай жұмыс істеп жүрген кісі екенін айтып беруге Ермекұлы мен Сәрсенұлын жіберіңіздер. Телеграмма беруші: Кашарский».

Екінші телеграммада: «Ескіше 17 апрельде Омбыда жалпы бұқара кедейлердің съезі болады. Съезд Көлбай жұмыстарына байланысқан мәселелерді қарастырмақ. Съезге Сәрсенұлын жіберуіңізді сұраймыз» деген. Телеграмма беруші: «Бірлік».

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий