Knigionline.co » Казахские книги » Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин

Книга «Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта история о восстании 1916 года, о политической ситуации в Казахстане. В изданиях 1936, 1960, 1977 годов оригиналы 1927 года «Интеллигенция Алашорды, служащие, рабочие, казахские читатели» постепенно превращались в «тиранов, феодалов, врагов Советского правительства». В оригинальном тексте: «…Господа, которые учились, те, кто хотел стать джентльменом, приветствовали Бокейхана... В Омске, Семипалатинске Алекин был единственным, кто просил у Бога поздравления…», а в тексте 1977 года он сказал: «Казахские националисты не должны забывать, к чему может привести жестокая цензура и массовая пропаганда».

Узкая, скользкая дорога / Тар жол, тайғақ кешу - Сакен Сейфуллин / Сәкен Сейфуллин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Нілді, Спасск, Қарағанды заводтарымен қатынасымыз жиіленіп, байланысымыз күшейді. Заводтарда да Совдеп құрылды. Заводтардан уездік Совдепке өкілдер жиі келе бастады. Біздің Совдептің мүшелері де заводтарға барып келіп жүрді. Совдептің қазақ мүшелерінен Тұрысбек Мыңбайұлы заводқа барып келді. Арын барып келді. Заводтар туралы баяндама жасалып, Совдеп заводтардың, жұмыскерлердің тұрмыстарын жөндеуге әрекет қылды. Заводтарды мемлекет қазынасына алуға кірісті. Спасск, Нілді, Қарағанды заводтарының жұмыскерлер Совдепінен біздің уездік Совдепке өкілдер келді. Іштерінде жолдас Нейман мен Орынбек Бекұлы бар. Заводтың жайы туралы бұлар Совдепке баяндама жасады. Совдептен ақша сұрады. Мылтық сұрады. Совдеп заводтарды қазынаға алуға қарар шығарды. Спасскінің жетпіс мың пұт мысын алдыруға қарар қылды. Заводтардағы жұмыскерлердің мылтық алып, жарақтанғанын бір ауыздан мақұл тауып, жұмыскерлер өкілдеріне (Нейман мен Бекұлдарына) ақша берілді. Қолдағы бар мылтықтардан мылтық та берілді. Содан кейін Ақмолаға мылтық, пулемет сұратуға, Омбыға және Қызылжарға Қызыл әскер штабының мүшесі матростар Зиминді, командирі Капыловты, Спасск заводының жұмыскері, Совдептің мүшесі Прудов деген жігітті жібердік.

Совдептен ақша мен мылтықтарын алып болған соң, қызметтен кейін, Орынбек Бекұлы менің пәтеріме келді. Сөйлестік. Бұрын маған Бекұлын «Зерек, шешен жұмыскер...» — деп Прудов мақтаушы еді. Бекұлынын шешендігін Совдепте баяндама жасағанда-ақ көріп едім. Біздің пәтерде сөйлесіп отырдық. Завод туралы әңгіме қылдық. Қазақ жұмыскерлері туралы, Совет үкіметі, большевик партиясы туралы сөйлестік. «Алашорда» туралы пікірі айқын емес, былқылдақтау екен. Біраз түсіндіріп сөйледім. «Алашорда» баяғы хандықты аңсаған далбас, қазақ жұмыскерлеріне, қазақ кедейлеріне, «Алашорда» да, Абылай да, Николай да бәрібір... — дедім.

Бекұлы біздің «Тіршілік» газетімен қатар «Сарыарқа» газетін алып оқиды екен... «Сарыарқа» туралы, оның жазушылары туралы түсіндіріп, біраз сөз айттым. Біраздан соң Бекұлымен пікіріміз үйлесті. «Алашорда» туралы пікірі айқындалды. Революцияның жолында енді екпіндірек іске кірісу керек екенін айтып, менімен қош айтысты...

Мамыр айында, 1918 жылы, Омбыда оқудағы «Алашорда» жастарының ұйымына айналған «Бірлік» ұйымы «жалпы жастар съезін» жасады. Съезге әр жердегі жастар ұйымынан екіден өкіл шақырды. Біздің «Жас қазақ» ұйымынан Абдолла Асылбекұлын жібердік. Біріне Омбыда оқып жүрген Жанайдар Садуақасұлын сайлап, телеграмма бердік...

Мамырдың аяқ кезінде съезшілеріміз қайтты. Кедейлер съезіне кеткен Шүкен мен Көшербай бұрынырақ қайтты. Олардың баяндамасын тыңдадық. Олардан кейін Абдолла қайтты. Абдолла баяндама жасады. Барып қайтқан «жастар съезіне» Ақмола, Семей, Қостанай губернияларының жастар ұйымдарының өкілдері жиылыпты. Съезд мәжілісі қызу өтіпті. Әсіресе «Алашорда» мәселесін қарағанда, онан соң «Совет үкіметін тану, танымау» мәселесін қарағанда өте қызу болыпты. Съезде үш пікір көрініпті. Бірі – оң, бірі – сол, бірі – орта ( «левое», «правое», «среднее» ).

Әрине, «Алашордаға» қарсы болған «сол» пікірлі біздің өкілдер: Абдолла Асылбекұлы мен Жанайдар Садуақасұлы және сол Омбыдағы «демократ Советтің» өкілдері — Әбілқайыр Досұлы, Қамза Жүсіпбекұлдары қарсы болғанмен не керек, бұлар азшылық болған.

«Совет үкіметін тану, танымау» мәселесін қарағанда, съезд мәжілісі едәуір қызу болған. Әлгі үш пікір айқын соғысқан. Майдандасқан. Совет үкіметі жағындағы «сол» (левое) пікірлі Асылбекұлы, Жанайдар Садуақасұлы, Әбілқайыр Досұлы, Қамза Жүсіпбекұлы бұлар бірыңғай. Бұларға әлгі «Алашорда» мәселесін қарағанда «орта» пікіріне (центровое) «тең ортақ» болған Әбдірахман Байділдаұлы қосылған. Бұларға қарсы, Совет үкіметіне қарсы «Бірліктің» бастықтары «оң» (правое) пікірлі Кеменгерұлы, Смағұл Садуақасұлы, Ғаббас Тоғжанұлы, Сайдалыұлы, Сейітұлдары болған. Бұлар Қази оққа ұшқанда қылған анттарын мықты ұстаған.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий