Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Талай майданда болдым. Бір рет әкем Василий Михайлович көз алдыма тұрып алды. Уфаны алар алдындағы жанталас. Ақтардың самолеті түйіліп келіп, бомба тастап өткенде, астымдағы атымның күл-талқаны шығып, өзім соның астында қалдым, құлағымнан қан кетті. Сол қолымнан жан кетті. Сонда әкемді көрдім...

– Сіз таң қалмаңыз, Михаил Васильевич, осындай хал менің басымнан да өтіп еді. Рас, сіздікіндей 1919 жылы емес, 1916 жылы Мерке түбінде, патшаға қарсы көтеріліс кезінде. Атыма оқ тиіп, аяғым астында қалып, қолға түстім...

Фрунзе айтты:

– Мерке түбінде... Мерке түбінде менің әкем қалды. Белгісіз жатса сол жаман.

Рысқұловтың кеудесі бүлк етті:

– «Белгісіз жатса, сол жаман. Талас бойы, Ойық даласы...»

Рысқұловтың да көңілсіз ойға кеткенін байқаған Фрунзе кенет жайдарыланды:

– Иә, жерлес, – деді қазақша-қырғызшаны араластырып. – Meн әлі қазақ пен қырғыз тілін мүлде ұмытқан жоқпын. Сонымен, аруақтардың құлағын біраз шулаттық. Осы да жетер. Ал енді қазіргі тіршілікке келелік. Голощекиннің айтып жүргені не?

– Келсек, келейік! – деп Рысқұлов ТуркЦИК төрағасының креслосына барып шалқақтай отырды да, Фрунзенің көзіне тура қарап, мүлде салмақтана, сазара түсті.

Рысқұловтың бір қасиеті де, бір қасіреті де осы тәкаппар тіктігінде еді.

– Сіздің «Түрік халықтарының коммунистік партиясы», «Түрік кеңестік автономиялық республикасы» дегеніңіз, менімше, қате атаулар, Тұрар Рысқұлович.

Фрунзенің маңдайы жиырылып, қысқа қырқылған қайсар шашы тікірейе түсті. Көкшілдеу көзінде ызғар болмаса да, өңменнен өтіп, тесірейе қарады. Рысқұлов міз бақпаған соң, көздерін басқа жаққа аударып әкетті. «Жаңа ғана екеуміз егіз туған балаларлардай еміреніп отыр едік, лезде жауыққандай болдық-ау. Мынау қиын адам ғой», – деді ішінен Фрунзе.

– Әрине, революционерлер де қателеседі, Тұрар Рысқұлович, әңгіме сол қатені мойындап, тез түзетуде ғой. Қателеспейтін адам жоқ. Мысалы, мен өз басым... Тіпті еске алудың өзі ұят, – Фрунзенің екі бетіне лып-лып етіп қызыл рең жүгіріп, тікен шашты басын шайқап-шайқап қойды. – Немесе Валериан Куйбышевті алайық. Брест шарты жөнінде Лениннің өзіне қарсы шықты-ау... Енді ойласам, осы күнге дейін көңілім әлем-жәлем бұзылып, бетім дуылдап қоя береді. Осы Валериан Куйбышев Брест шартына қарсы «солшыл коммунистердің» қолын қойдырып, құжат жинады ғой. Қызды-қыздымен қолымды мен де қойып жібердім. Ұят-ай! Лениннің саясатын түсінбей, жалған намыс жетегінде желігіп кетіппіз де. Біздің партияның ең қарт мүшелерінің бірі Голощекиннің өзі де оңбай сүрінді ғой. VIII съезд кезінде Троцкий «Военная оппозиция» дегенді домбаздап, Ленинге қарсы шыққаны есіңізде ме? Бұл «оппозицияның» жоспары бойынша, біртұтас уставы бар армия ұстап керегі жоқ еді. Көрдіңіз бе, сұмдықтың төркіні қайда жатқанын? Уставқа бағынған біртұтас армия болмаса, кеңес өкіметінің халі не болар еді? Ал Троцкийдің осы «Военная оппозициясын» Голощекин жақтап, жағасы жыртылған жоқ па? Қатесін кейін, әрине, мойындады. Көріп отырсыз, жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ екен. Мәселе қатені дер кезінде түзетуде. Солай, Тұрар Рысқұлович, ойланыңыз. Достық ниетпен, сыр бүкпей шынымды айтып отырмын.

– Михаил Васильевич, мен де сыр бүкпей, шынымды айтайын, тек түсінуге тырысыңыз. Мен қателескен жоқпын. Әлгі айтып отырған термин мәселесі – жалғыз мен емес, Мусбюроның үшінші конференциясы қабылдаған шешім, Түрккомиссия мүшелері мақұлдаған, келіскен шешім. Ал енді Фрунзе келіп, соның бәрін жоққа шығарғаны қалай болар екен?

Енді Фрунзеге Рысқұлов тесіле қарады. Фрунзе мырс етіп, басын шайқап қойды. Тіпті креслодан тұрып кетіп, ары-бері жүре бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий