Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мәселені дауысқа салғанда, басым көпшілік Рысқұловтың ұранын қолдап, қол көтерді де, Рысқұлов ап-айқын жеңіп шықты. Элиава, Куйбышев, тіпті Голощекин де, көпшілікке қосылды. Тек Голощекин Рысқұловтың ұранына қол көтере тұра, ұсыныс айтты.

– Түркістан Компартиясы V конференциясының Рысқұлов жобасы бойынша қабылдаған қаулысын РК(б)П Орталық Комитеті мен ВЦИК бекіткенше, республика жалауына «Түрік Кеңестік Республикасы» деп жазылмай қоя тұрсын, – деді.

Рудзутак илікпей қойды. Бірақ конференция жабылғанда, Рудзутак Рысқұловты көп дауыс алуымен құттықтап:

– Кәне, Тұрар, бір-екі партия бильярд ойнасақ қайтеді? – деді.

– Мақұл, Ян Эрнестович, – деп Рысқұлов жарқылдап келіп, еңгезердей Рудзутактың қолын алды.

* * *

Түркістанның кіндік қаласы – Ташкентке Фрунзенің өзінен бұрын жер жарып даңқы жеткен. Сол даңқтың ізін ала атышулы қолбасшының өзі келе жатқан. Колчактың бел омыртқасын сындырған Фрунзе. Дутовтың тұмсығын талқандаған Фрунзе. Бұзылық пен Бүгірслан, Бүгілме мен Белебай, Оңтүстік Орал таулары, Ақ Еділ толқындары – қолбасшының жұлдызы жанған жерлер артта белес-белес даңқ сатылары болып қалды.

Пойыз Түркістан шаһарынан өтіп, Арысқа жақындағанда, Фрунзе терезеден арқырап шапқан ашаң жасыл даланы көрді. Темір жолдың жарлауыт жағасында әлі кір басқан қар жатыр. Қары кеткен жерден шоқ-шоқ болып күлгін таңдай бәйшешек көрінеді. Фрунзенің кеудесі дүрсілдеп ала жөнелді. Күмбір-күмбір күй естілгендей болды. Даланың төсін дүбірлетіп, қалың қол шауып бара жатқандай әсер шалықтап өтті. Бір топ бала қырда бәйшешек уыстаған қолдарын көтеріп тұр екен. Солардың арасынан Фрунзе өзін, өзінің балалық шағын іздегендей терезеден басын шығарып, қол бұлғады.

«Бәйшешек терген бала кезім сендердің араларыңда жүрген жоқ па?» – деп айқайлағысы келді. Аты әлемге әйгілі қолбасшы екенін ұмытып кеткен сияқты. Ол дәл қазір қиян-кескі майдан сұрапылын, дұшпанның озбырлығын, соғыс комиссары Троцкийдің қиянатын – бәрін-бәрін ұмытқан.

– Түсіңіз бір түрлі нұрланып кеттіңіз ғой, Михаил Васильевич, – деп Фурманов Фрунзенің бетіне таңдана қарап қалды.

– Бұл Түркістан ғой. Митяй, мені дүниеге келтірген өлке ғой, – деп Фрунзе айқайлап жіберді.

Қырқада қол бұлғап, бәйшешек терген балалар қалды. Киімдері жүдеу-жұқа, жалаңаяқ балақайлар. Олар Фрунзе келе жатқанын білген жоқ. Бірақ пойыз көрсе, алыстан қол бұлғап, қош алатын әдеттері. Паровоз оларға сәлемдескендей ұзақ айқайлайды.

Пойыздың бұл келуі Түркістанды қылғындырып тұрған құрсауды үзіп жібергендей болды. «Түркістанға Фрунзе келе жатыр» дегенді естіген соң, Ферғанадағы басмашылар, Ашғабадтағы ағылшындар, Жетісудағы Анненков бандасы бір-бір қалшылдап қалып еді. Пойыздың бұл келуін Түркістан үкіметінің басшылары, Түрккомиссия мүшелері, комиссарлар, күллі Ташкент күтіп тұрған.

Вокзалға пойыз таяна бере, оркестр гүрс етті. Вагонның баспалдағында тұрып, Фрунзе ең алдымен Куйбышевті таныды. Басы ерекше үлкен, шашы толқын-толқын еңгезердей Валериан Владимирович сонадайдан көзге түсті. Дөңгелек сақал қоятын, шақпақ денелі Шалва Элиава да көзге оттай басылды. Көз таныстардың ішінен қаншырдай қатып, теке сақал Филипп Голощекин де көрініп қалды. Бұлар Ленин мандатымен келген Түрккомиссияның мүшелері еді.

Перронда күтушілердің бәрінен бір адым ілгері тұрғанына қарағанда, көмірдей қара шашты, қара мұртты, алтын жиек, дөп-дөңгелек көзілдірік киген, арыстан жал басы сәл кегжиіңкіреген, кеудесі керіңкі, тәкаппарлау қараторы кісіні, сірә, Рысқұлов-ау деп шамалады.

Фрунзе Рысқұловты бұрын көрмеп еді. Бірақ ол турасында жақсы да, жаман да лебіздер естіген. Кейбір «деректерге» қарағанда, Рысқұлов «тақыр бас, жылмаңдап тұрған жылпос, әзәзілдей айлакер, қолын кеудесіне басып бүк түсіп, иіліп тұратын мүттайым» болу керек еді. Мынау оған ұқсамайды. Алыстан жеткен сипаттамаларға қарап Фрунзе ТуркЦИК төрағасы жөнінде бір ұдай пікірге келе алмай, не де болса, «жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деп түйіп еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий