Knigionline.co » Казахские книги » Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза

Книга «Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

«Красная стрела» является третьей книгой романа Шерхана Муртазы.

Красная стрелка. Третья книга / Қызыл жебе. Үшінші кітап - Шерхан Муртаза / Шерхан Мұртаза читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Ол рас, – деді Фрунзе сәлден соң. – Екі бірдей конференция сізді қуаттап шыққаны рас. Дегенмен, қарсы шыққандар да жоқ емес екен. Түрккомиссияның мүшелері де көнген, келіскен. Элиава сізді толық қуаттапты. Куйбышев те келісіпті. Голощекин біраз қипақтаса керек. Бірақ ақырына дейін шыдас бере алмапты. Ал Рудзутак қасарыса қарсы болыпты. Егер Рудзутак екеуіңіз дос екеніңізді еске алсақ, оның қарсы болуы мүлде тегін емес. Міне, көрдіңіз бе, бұл мәселеде сізбен келіспейтін жалғыз Фрунзе ғана емес екен. Шынына келсек, – деп Фрунзе бір көзін қысыңқырап, қуақылана сөйледі. – Шынына келсек, Рысқұловтың мысы басып кеткен. Жо-жоқ, дұрыс түсініңіз. Фрунзе басқалардың бәрінен ақылдырақ, яки батылырақ болғаннан сізге қарсы шығып отырған жоқ. Неге екенін білмеймін, сіз мені дұрыс түсінесіз деген бір түрлі сенімім бар. Әлде жерлестігімізден бе екен. Әлде тағдырлас болғандықтан ба?.. Сізге шындықты айтуға батылым жетіп отыр. Басқа жолдастарға осы жақындық, сыршылдық жетіспеген-ау деймін. Кейбір мәселелерді тек конференциялардың мінбесі арқылы емес, осылай оңаша сырласу арқылы да шешуге болады. Сонымен, «ТҮРІК» деген термин неге керек?

Рысқұлов бір түрлі мұңайғандай күрсініп салды. «Мұның да босаңситын кезі болады екен-ау?» – деп қойды Фрунзе.

– Сіз менің орнымда болсаңыз, түсінер едіңіз, Михаил Васильевич, – деді Рысқұлов қайтадан қатайып алып. – «Түрік» деген сөздің кейбір жолдастарға неге түрпідей естілетіні түсінікті де, түсініксіз де. Осы сөз жүрген жерде пантюркизм тіріліп кететіндей көрінеді кейбіреулерге. Ал байыбында мүлде олай емес қой. Түркістан жерін түркі халықтары мекендейді. Ол тарихи шындық. Қазіргі өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен, башқұрт, татар, әзірбайжан, ұйғыр деп жүргендеріміздің бәрі түптеп келгенде – түріктер. Ептеген жергілікті ерекшеліктері болмаса, тіл де бір. Тіл бір жерде ұлттық сана да бір. Ал ұлттық сана жүрген жерде, теңдік сезімі деген де бірге жүреді. Мұны Ленин «Ұлттар және автономизация» туралы мәселеге» деген хатында әділ айтқан. Мәселен, ондаған жылдар бойы патша отаршылдығының тепкісінде келген ұлттық теңдік туралы сезімінің, арманының қандай болатынын отарлық қанау көрмеген ұлттардың өкілдері мына біздерше сезінбейді. Бізді түсіну үшін қан жылап, қанауда жүріп көру керек. Біз басқа ірі-ірі ұлттармен тереземіз тең болғанын армандаймыз. Иық тірестіріп, күш салыстыру үшін емес, әрине. Бізді күштілер үнемі кемсітіп келді. Ұлттық кемсіну сезімінің қандай қорлық сезім екенін сіз білесіз бе? Осыдан төрт-ақ жыл бұрын Түркістанның соңғы генерал-губернаторы Куропаткин заң жариялады. Ол заң бойынша, жергілікті түркі халықтарының адамдары орыстың әкімін көргенде басы жерге жеткенше иілуге тиіс болды. Күймеде, яки басқа көлікте ол байғұстар орыс адамына ұшып тұрып, орын беруге тиіс болды. Егер орыс адамы ол байғұстарды жәбірлеп, ұрып-соғып жатса, қарсыласпауға тиіс болды. Бассауғалап, бүгежектеген, жалтақ болған, қарғыс таңбасы басылған, қасам атқан қу өмір! Әне, Михаил Васильевич, сол сорлылық сезімнен бұл халықтар әлі де арылып болған жоқ. Сол қорлық, бүгежек сезімнен арылу үшін де біз ірі-ірі ұлттармен тең тұруымыз керек. Ол үшін қазақ, қырғыз, өзбек тағысын тағылар болмай, бүкіл түркі тілдестер біртұтас болуымыз керек. Азғантай елдің маңдайында ырыс тұрмайды, азғантай ел алысқа құлаш ұра алмайды. Қысқа жіп күрмеуге келмейді. Бұл мәселенің бір жағы, – деп Рысқұлов Фрунзеге барлай көз тастады. Әлгі айтқанының оған қандай әсер еткенін байқағысы келген болар. Фрунзе сыр бермей сазарды. Тек:

– Екінші жағы не? – деп қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий