Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Алдым. Сұлтан оттық жағып ұсынды. Тұтаттым да, бұрқылдатып тарта бастадым. Аузыма түтіннің жап-жаман ыс дәмі келеді.

– Ой, сауатсыз, – деді Сұлтан менің шылымды қалай шегіп келе жатқанымды көріп. – Сөйтіп те тарта­ ма екен. Жап-жақсы сигаретті босқа қор етуін қарашы. Ішке тарт. Міне, былай. Аузыңа түтінді толтырып ал да, жұтып кеп қал.

Бала десе бәрімізге тиеді, бізден өткен ақымақ жан жоқ қой. Кейде қайдағы бір залалды нәрсеге соның сол залалдығын біле тұра иттей әуес келеміз. Осы арада ма­ған: кәне, жұтсам жұтып көрейінші, – деген ой келді, – не болар екен.

Ал енді болғанын бұл бақытсыздықты бастан ке­шір­ген болсаңдар, өздерің де біліп отырған шығарсыңдар. Аузымды түтінге толтырып алып, жұтып кеп қалғаным сол екен, бір керемет улы газ өңешімнен шеңгел­деп, ала кеп түсті. Тынысым бітеліп, қақалдым да қалдым. Көзімнен жасым ағып, көзім бұлдырап, жер-дүние айналып кетті.

Аттан ауып түсіп, қылжия кеттім жол шетіне. Жү­ре­гім лоблып, құса алмай қиналып жатырмын.

Менің бұл аянышты халіме жаны ашудың орнына Сұлтан оңбаған мазақ етіп тұр:

– Қайран Қара Көжем-ай, ажалыңнан үш күн бұ­рын өлетін болдың-ау. Миллат апайға не бетімді айтып барар екем. Тым құрыса жайлауға жетіп те өлмей, әуреге салатын болдың-ау.

Міне, содан бері темекіні аузыма алмақ түгіл иісі мұрныма келсе зытып жөнелемін.

СЕГІЗІНШІ ТАРАУДА

Оқушы жаңа кейіпкер Дәулетпен танысады

Құла дөненді желе аяңдатып отырып, түс ауа тау ішіне келіп кірдік. Бұл араның ауа райы мен жер келбеті төменгі жазыққа еш ұқсамайды. Ызың еткен шыбын жоқ, сап-салқын. Беталдымыздағы тау жақтан қоңыржай самал жел есіп қоя берді. Құбылып жайқалған жасыл шалғын, гүл-бәйшешек.

Ат үстіндегі ұзақ жүріс мені шаршатайын деді. Өйт­кені атқа екі адам мінгескенде, артқысы көп түйгіш­те­леді екен. Сұлтан болатын болса, күнге күйген желкесі қып-қызыл болып, кепкасын көзіне түсіре киген күйі бүлк ететін емес. Масатыдай құлпырған жер келбетін көргенде, бұлақ жағасындағы көгалға менің рахаттанып, аунай кеткім келді.

– Сұлтан, осы араға ат шалдырып, демалып алсақ қайтеді?

– Шаршадың ба?

– Шөлдеп кеттім.

– Енді біраз жүрсек, малшылардың үйлері кезде­седі. Қымызға жетіп, бір-ақ демалайық, – деді Сұлтан.

Айтқандай-ақ, келесі тұмсықты айнала бергенде, оң қол жағымыздағы беткейде бір киіз үй көрінді. Көне тартқан қараша туырлықтың үстіне әппақ жаңа түндік жабылған. Есік алдындағы ши сөреде жас құрт жаюлы тұр. Үй маңы мал қиы, сары ала тепсең ескі жұрт екені бесе­неден белгілі. Әріректе желіде екі құлын байланыпты. Оның бірі кер құлын, таңы жарқырап, бауырын күн­ге қақтатып, тыпыр етпестен серейіп жатыр. Қасында­ғы қаракер құлын жерден тың тыңдағандай басын тө­мен салып мүлгіпті де қалыпты.

– Құдай тілегімізді берді, қымыз ішетін болдық, – деп Сұлтан ат басын солай қарай бұрды.

Алдымыздан анталап үш ит үріп шықты. Үлкендігі танадай шұнақ құлақ, ақтөс қара төбет қарлыққан қа­лың дауыспен арс-арс етіп кеп, аттың тура басына секіре бастады. Ал, екінші бір сұңғыла қара қаншық үйге жібермеймін дегендей құла дөненнің құйрығынан тарт­қылап жүр.

Сұлтекеңнің мінезі иттен де жаман. Қамшысын оңды-солды үйіріп, иттерді одан әрмен өшіктіріп, азан-қазан шулатқан бойда есік алдына бір-ақ келіп тоқтады.­ Сол кезде үйдің түсірулі тұрған есігін серпіп ашып, жасы он бір, он екі шамасында секпіл бет сары бала шыға келді. Басында шекарашылардың жасыл картузы.­ Кең болғандықтан әлде қандай олақ қол оның артын қабыстырып, қара жіппен баттитып көктеп қойған.

Бөгде келіп, иттер абалап үргендегі баланың дағдылы қызметі осы болу керек – ол бізге назар аудармастан дереу босағада жатқан ақ бақанға жармасты да, иттерді қуа бастады.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий