Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Үшеуміз отырып, шай іштік. Шайдан соң мамам сиыр саууға дайындала бастады. Қаратай хош айтысты да, мотоцикліне отырып, кетіп қалды. Көк шалғынды жапыра қап-қара етіп із тастап, жолсызбен зырғып бара жатқан оның соңынан мен бірғауымға дейін қарадым да тұрдым. – «Япыр-ау, бұл неге келе береді? Не керек оған? Бәрібір мамам оған ешқашан да күйеуге шықпайды ғой. Ал егер шыға қалса...».

Бұл ойым маған құбыжықтай қорқынышты. Оны басыма жолатпауға тырысам. Аулақ. Аулақ жаман ой. Мен одан да алыста, таудың ар жағында қалған Жанар­ды ойыма алам. Жанар. Мен «Жанар!» деп, дауыстаған­да, сен әуелі үннің қайдан шыққанын білмей аңтарылып тұрып қалып едің... Жайлауға қалай келіп жетке­німді айтып, Жанарға хат жазсам ба екен. Қаратай... тфу, қабаттасып ойымнан осы шықпайтын болды-ау. Бәлем, ойламаймын сен жөнінде, әдейі ойламаймын, қайтер екенсің...

ОНЫНШЫ ТАРАУДА

Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа

Өзінің тырнақалды прозалық туындысын шағын повесть түрінде бастап отырғанын автор бір де минутке есінен шығармайды. Сондықтан да ол әр адамның басынан күнде кешетін тұрмыстың ұсақ-түйек құбылыстарына онша жүгіне бермейді. Онда автордың бұл еңбегі мүмкін шағын повесть емес, кітап магазині полкасының белін қайыстыруға жарарлық нән романға айналар еді. Жоқ, Аяз әліңді біл, құмырсқа жөніңді біл дегендей роман жазу қайда бізге. Ол үшін құшақ-құшақ қағаз, құрығанда бірер бөтелке сия керек. Артыңды столға желімдеп тастап, айлар-жылдар бойына тапжылмай отыруың шарт. Ал, сосын сабаққа кім барады, үйге берілетін тапсырмаларды кім орындайды? Бұзауды кім тауып әкеледі. Жо, жо, роман жазу менің жасымда тіпті де қол емес.

Бұлар сөз арасында айтылып жатқан жайлар. Енді әңгіме желісіне қайта оралайын. Біз жайлауға келгелі табаны трактордай бір ай шамасы уақыт өтті. Өткенде кө­ңілді өтті. Соның бәрі Сұлтекеңнің арқасы. Бір де бір күн көліксіз болып көргем жоқ. Нелер жорға-жүй­рік сәйгүліктерді сол тауып әкеледі. Ертте мынаны дей­ді, ерттеймін. Кеттік дейді, – ілесіп берем. Қайда барамыз деп сұрамаймын да. Не керек, Сұлтекеңнін арқасында ат мініп, асыр салып, жетісіп жүрмін.

Бір күні жайлауда малшылар күніне арналып, ұлан­асыр той болды. Той десе, қу бас домалайды. Ал Сұл­тан екеуіміздің басымыз піскен алмадай торсиған майлы­ бастар. Біз қалай шыдап қалайық. Тойдың дақпыртын естігеннен бастап-ақ делебеміз қозып, күтіп жүрдік. Көк­парға түсеміз деп, ат жаратқан боламыз.

Той болады деген күні таңертең мамам сиыр саууға кетіп, мен төсекте шынтақтап «Робинзон Крузоны» оқып жатыр едім. Есік алдына кеп қалған ат дүбірі, сонымен қабаттасып Сұлтанның айқайы естілді.

– Қара Көже, бармысың?

– Бармын.

Сұлтан аттан тарс етіп секіріп түсіп, үйге кіріп келді.

– Ой, қара басқыр, әлі жатырмысың. – Сұлтан менің қолымдағы кітапқа жармасты, – Осы сенің-ақ қолыңнан кітап түспейді екен. Тасташы былай. Немене, бүгін той екенін ұмыттың ба?

– Тоқта, тоқта, келген жерімді белгілеп қояйын.

– Мына бір мылтық, ұстаған адам ба, албасты ма, осы бетке келіпсің. Жүз жиырма төртінші бет. Кәне, тұр жылдам. Киін, тойға барамыз.

Тойды сыпаттап жатуды және артық деп санаймын.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий