Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Сендер неге ерте кетіп қалдыңдар? – деп сұрады.­

– Шаршадық, шаршаған соң кетіп қалдық...

ОН БІРІНШІ ТАРАУДА

Менің ауылға қайтқан сапарым баяндалады

Ойламаған жерден жайлау қызығы осылайша тамам болды. Мұнда көліксіз күнің күн емес, серіксіз одан да жаман. Қожекең соның екеуінен де жұрдай болды. Бірер күн ферма басында боламын деп, зерігуден ішім жа­рылып, өліп кете жаздадым. Бар бітіргенім, бір ғана «жа­уынгерлік листок» шығарып бердім. Оның өзін пар­торг оқып көріп, түкке жаратпай тастады. Кілең өлең-сықақпен толтырып жіберіпсіңдер, маңызды бір де бір саяси мақала жоқ, осы да газет пе деп, парша-паршамызды шығарып сынады. «Газет деп, ана екінші бригаданың газетін айтыңдар, барып оқып көріңдерші. Міне, «жауынгерлік листокті» солай шығару керек. Со­лардан үлгі алыңдар» деді.

Парторг кеткеннен кейін мен әдейі ол мақтаған га­зет­ті көрмекке екінші бригадаға бардым. Сөйтсем олар бүйтіпті: «Социалистік Қазақстанның» «Мал шаруашылығын өркендете берейік» деген басмақаласын алып­ты да, бастан-аяқ сықпыртып түгел көшіріп жазыпты. Оның соңында редколлегия мүшелері деп, үш адамның фамилиясы тұр. Одан төменгі бұрышта почта жәшігінің суреті салынып: «Жолдастар, қанша ескерт­се де, бірде біреулеріңіз мақала бермейсіздер. Келесі нө­мерлерімізге мақала беріңіздер» деген сөз жазылған. Одан төменірек газетті бекіткен кнопка. Міне, бұдан бас­қа мен ештеңе де көре алған жоқпын. Парторгке осы газеттің соншалықты несі ұнағанын мен, әрине, біле бермеймін. Ал, менің ойымша, біздің газет бұл газеттен­ он есе артық. Бұл, әрине, менің өз пікірім, ал парторгтің пікірі әлгідей. Мен бұған таңдана да қоймаймын. Өйт­ке­ні, пікір қайшылығынсыз ешбір ақиқаттың беті ашылуы мүмкін емес деген сөзді бір ақылды кітаптан өз көзіммен оқығаным бар. Нақты қай кітаптан оқыға­ным­ды ұмытып қалыппын, ол үшін оқушымнан кеші­рім сұраймын.

Бір кеште мамам:

– Балам, босқа сенделмей ауылға қайт. Ана өзге балалар қатарлы колхозда жұмыс істе. Осы қыдыруың жетеді, – деген сөз айтты.

– Өзім де қайтам, – дедім мен.

Ертесінде өзіміздің колхоздың екі тонналық бір ма­шинасы жем алып келе қалған екен. Шофері Қайыпжан дейтін ақ көңіл жақсы жігіт. Соның қасына кабина­ға отырып, жайлаумен хош айтысып, тартып отырдым.

Жұпар атқан кең жазықтың төсінде жұмсақ қара жолмен жүрдек машина барынша зырлап келе жатқан­да, ұшқыр қиял шіркін де тұғырында тоқырап қала ал­майды-ау. Қанатын қағып-қағып жіберіп, дауылпаздай шарқ ұрып, ол да самғап ұшады. О, ата мекенім, қазақ жері. Сенің шет-шегіңе қиялдан өзге не жетіп үлгереді. Сол алып өлкеңнің бір пұшпағын ыстық көзбен, бар адал сезіміммен аймалап, елеусіз бір перзентің мен келе жатырмын. Мынау асқар тау, жасыл жазық, мөлдір өзен, қалықтаған анау ақша бұлттар, тұнық аспан – осының бәр-бәрін егер құшағым жетсе, ең қымбат, аяулы анамдай аймалап құшар едім, сүйер едім. Япыр-ай,­ неге сонша ыстық болдың туған жер!

Мен табиғатты сүйемін. Мен шынайы поэзияны сүйе­мін. Абай мен Қасымды қанша оқысам да менің сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бер­гім келеді. Мен Құрманғазы мен Дәулеткерейдің күйлерін тыңдағанда өзімді өзім ұмытып кетемін. Махамбет жырының әр сөзінің астынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарыш-құрыш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын, қазақ жері. Осының бәрі сенің топырағыңда өсіп, өнген кереметтер емес пе?..

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий