Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өйткені оның қалай болатынын бәрің де білесіңдер. Осы күні тойдан көп нәрсе жоқ. Мейрам күндер – той; біреу қыз ұзатса – той; бала туса – той, жоспар артығымен орындалса – той; шет елден мықты біреу келе қалса – той, шетелге мықты біреу бара қалса – той, артиллерияшылар күні, флот күні, ұшқыштар күні, металшылар күні, құрылысшылар күні, физкультурашылар күні – тағы басқа аты аталмаған толып жатқан қастерлі күндердің бәрінде той. Құдайға шүкір, әйтеуір тойдан кенде емеспіз. Бір шеті сонау Алматы болып қилы дәрежелі қонақтар қатысқан, «ЗИМ», «ЗИС», Вол­га», «Победалар» қаздай тізілген («Москвичтер» мен Қаратайдың мотоциклі тәрізді үш дөңгелекті салдырлақ мотоциклдерді машина санатына қосып та отыр­ған жоқ), іргелес екі ауданның қара қорым малшылары түгел бас қосқан ұлы дүрмектің нағыз қызған шағы еді. Палуандар күресі болып жатқан. Бір кезде ортадағы тойбасы тағы бір соны дабыл тастады:

– Ендігі кезек балалардікі. Балалар күресін бас­таймыз.­

Бағанадан бері күрескендерге қарап, делебем қозып тұр еді.

– Мен күресемін, – деп ортаға жүгіріп шықтым.

– Кел. Жүрегіңнің оты бар бала көрінесің, – деп, тойбасы арқамнан қағып, мақтап қойды. Күрес аудан мен аудан болып жүріп жатқан. Тойбасы қарсы жаққа дауыстады:

– Ұйғыр ауданы, шығарыңдар палуандарыңды.

– Ұйғыр ауданы бойы сорайған, менен де өткен қап­қара, қоңқақ мұрын бір баланы шығарып еді. Мына жақ­та тұрғандар жамырап кетті.

– Өй, мыналарың бала емес, жігіт қой.

– Қаршадай балаға жігіт шығарғандарың қалай?

– Өз теңін әкеліңдер!

– Бұл әділдік емес!

Басы-көзі өрттей қызарып, лепіріп тұрған тойбасы бұған құлақ аспады:

– Күш атасын танымайды. Кәне, күресіңдер, – деп, Қоңқақ мұрын екеуімізді құшақтастыра салды.

Мен іштен қайыра шалып жығуға машық едім. Әу дегеннен-ақ сол әдісіме салуға тырысып бақтым. Бірақ Қоң­қақ мұрынның ұзын сирақтары көстиіп анадайда жатыр. Аяғымды шолтаң-шолтаң сермегенмен жуымайды.­

Менің пиғылымды түсіне қойған қоңқақ мұрын аяғын онан әрмен алып қашып, денесінің бар салмағымен үстіме шойырылып жатып алды. Олай-бұлай ырғап­ көрсем, қозғалта алар емеспін. Ал оның бар сенгені қол күші болу керек. Мені көтеріп алып, қойып қалмақ бо­лады. Бірақ қалай тастаса да, тарбиып, аяғыммен түсем.

Кенет менің ойыма бір қулық әдіс сап ете қалды. Ылдиға таман ыңғайланып келдім де, бір жамбасыма жата қап, қоңқақ мұрынды лақтырдым. Әлгі байғұстың мұны күтпегені соншалық, тартынуға мұршасы келмей қалды да, асып барып, мойны астынан кеп, гүрс ете түс­ті. Бұлт беріп, үстіне қона кеттім. Халық ду ете қалды.

– Ой, жарайсың!

– Міне жігіт!

– Жасың ұзақ болсын!

Тойбасы бәйгіме деп, Гайдардың екі томдық жина­ғын қолыма ұстата берді.

Екі езуім екі құлағымда, көңілім тасып, әлгіндегі ор­ныма қарай жөнеле бердім. Тойбасы айқайын салып, күреске басқа балаларды шақырып жатыр. Кенет өкпе тұсымдағы иін тірескен халықтан маған қарай ақ қалпақты біреу жүгіре шығып келеді. Мен оған мән де бере қоймап елді, әлгі келген бетте білегімнен шап беріп ұстай алды:

– Ә, залым бала! Қолға түстің бе!

Басқа ештеңе деместен іс-міс жоқ әлгі мені қаңбақтай ұшырып, сүйреп әкетіп барады. Беті-жүзі әйтеуір бір таныс секілді. Бірақ қайда көргенімді жөпелдемеде есіме түсіре алмадым.

– Не... Не... керек сізге?

Топтың сыртына шыққаннан кейін шошқа сақалды­ ашудан дір-дір етіп, тістеніп, әлгі мені алқымнан қылғындыра ұстап, сілкіп-сілкіп жіберді.

– Мойныңды үзіп жіберейін бе! Баламды алдап, қымызымды рәсуа етіп ішкеңдеріңмен қоймай, қара­көлімді неге ұрлайсыңдар?

Арқамнан тасбақа сырғанап түскендей, дір ете қалдым. Көзінен ашу шатынап тұрған ақ қалпақтыны енді таныдым. Бұл анада бізден шылым тұтатып тартатын, жол үстінде кездескен қойшы еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий