Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Машина жолы кезеңнен біздің ауылға қарай тура аса алмайды. Тұзкөлді айналып жүреді. Бұл төте жолдай емес, әлдеқайда ұзақ. Бірақ, жүрдек машина жер апшысын қуырып, шыдатар емес. Әлгінде ғана мұнартып көз ұшында көрінген қара тұмсық енді міне сырғанап артта қалып барады. Жол шетіндегі телеграф бағаналары бірін-бірі қуалап, қарсы жүгіріп келе жатқан­дай болады. Әне, алдан Тұзкөл көрінді жалтырап. Қара жол соның сортаң жиегімен өтеді. Бір мезетте көл де сыр­ғып кейін қалды. Жол қасқайып шығысқа қарай тұра тартты. Спидометрдің қылт-қылт еткен жебесі шұ­ғыл ойысып, елуге тақап барды. Одан да асыңқырап, алпысты шоқыр-шоқымас болып, дірілдеп тұр.

Кенет бір белеске көтеріле беріп, Қайыпжан машина маңдайын жолсызбен тауға қарай бұрды.

– Аға, қайда барамыз?

– Мынау сайда шөпші балалар бар. Соларды ауылға ала кетеміз, – деді Қайыпжан.

Бұл сөз менің жаныма онша жайлы тие қойған жоқ. Майқанова да осында болу керек, Жантас та. Менің оларды қазір көргім, дұрысырақ, айтқанда, оларға кө­рін­гім келмейді. Анада олар бәрі шөпке кетіп бара жат­қанда, менің бармай қалғаным оқушыға мәлім. Майқа­нова мені көрісімен мүйіздеп ала жөнелуі айқын. Бірақ амалым қанша, машина менің билігімде емес. Ех, жалған, бір басыңа бір машинаң болмаған соң құрсын да.

Тау сағасына жете бергенде, алдымызда сарқырама­ шағын өзеншенің бойында бір боз үй және бір ақ шатыр­ көрінді. Боз үйдің төбесінде кішірек қызыл жалау жел­біреп тұр. Индиялықтар тәрізденіп қара қайыстай болып күнге күйген бір топ бала волейбол ойнап жүр. Ма­шина қостың деңгейіне келіп тоқтады. Өзен арнасы­ теңкиген қой тастарға толы, шұңғыл еді. Көпір көрін­бейді. Қайыпжан машинадан шығып:

– Әй, балақайлар, мынадан қалай өтуге болады? – деп, дауыстады.

Бір топ бала бері су бойына жүгіріп келді. Бұлардың­ ішінде биыл жетіншіні бітірген атақты палуан Батырбек, менімен бірге оқитын, отряд советінің председателі болған Темір бар еді. Әне, Жантас қу жүгіріп келе жатыр. Газеттен пилотка жасап киіп алыпты.

– Өткел төменде қалды. Бұл арадан өте алмайсыз, – деп шуласты балалар.

– Олай болса, жығыңдар үйлеріңді. Бері тасып әке­ліп тиеңдер машинаға.

Батырбек бригадир екен балаларға. Жалаңаш біле­гі­не Қызыл шүберек байлаған бір балаға ол:

– Кезекші, бригаданы сапқа тұрғыз! – деп, команда берді.

Кезекші жүгіріп шатырға кіріп кетті де, күнге шағылысқан аппақ горнды құйқылжытып ойнап, қайта шық­ты. Сол сол-ақ екен, доп ойнап жүрген балалар ойындарын дереу доғарып, әп-сәтте шатыр алдындағы сызықшаны бойлап сап түзей қалды. Өз көзіме өзім сенбегендей, мен таң-тамашамын. Тәртіп деп осыны айт. Құлды әскер тәрізді.

– Жолдас бригадир. Бригада мүшелері сіздің бұй­ры­ғыңыз бойынша сапқа тұрды, – деп, кезекші Батыр­бектің алдында қаздиып, рапорт беріп тұр.

Балалар жапырлап киіз үйді, шатырды жығып жинай бастады.

Мен болсам, кабинаның есігіне жабыса түсіп, еш­кім­нің көзіне шалынбауға тырысып, мықшиып отырмын. Бас-аяғы бірнеше минуттың ішінде ғана көз алдымда болған әлгі әсерлі көріністер бір жағынан бо­йым­ды шымырлатып, делебемді қоздырса, екіншіден өкін­діреді. Қап, анада жайлауға барғанша, осылармен бірге шөп шабысқа неге келмедім?

Балалар әлдеқайдан жалпақ бір қалың тақтай тауып­ әкеліп, арнаға көпір етіп салды да, соның үстімен жүкті таси бастады. Өзгеден бұрын мені Жантас қу байқап қалды:

– Сен қайдан жүрсің, дезертир?

– Шаруаң қанша.

Абиыр болғанда, мұғалімдерден мұнда ешкім жоқ екен. Майқанова ертемен ауылға кетіп қалыпты. Әп-сәтте жүк тиеліп болды. Рюкзактарын арқалап, улап-шу­лап балалар машинаға мінді. Кабинадағы орнымды аспаз қыздарға беріп, мен де кузовқа шықтым. Машина­ жайлап бұрылып, әлгінде келген ізімен төменгі жолға қарай тартып отырды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий