Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шіркін-ай, мойынға алған жұмысыңды тындырып тастап, рахатқа бататын кездерің де болады-ау! Сондай­ бір жетіскен халде орнымнан түрегелдім, сағатқа қарасам, он бір болып қалыпты. Ұйықтайтын уақытым бол­ған екен. Тысқа шығып келдім де, жатып қалдым. Бірақ, мұндайда ұйқы келе қоя ма. Жанар шықпайды ойымнан. «Мақтаншақ Қожа. Мен енді сені бұдан былай мақ­таншақ Қожа деп атаймын». Осыны айтып, қолын қуана шапалақтап, Жанардың дөңгелене жөнелген кей­пі көз алдыма келеді. Жаңағы оған арнап жазған өлеңім түп-түгел тілімнің ұшында тұр. Жатталып қалыпты. Қараңғы үйде шалқамнан жатып алып, соны бастан-аяқ сықпыртып, мылқау фильм тәрізді үнімді шығармай тақпақ етіп айтам.

Жанар, сені сағындым...

Кенет өлеңнің соңғы шумағын көкейімде тағы бір қай­талап айта бергенімде, «тоқта!» деген бір сұрақ кө­мейіме көлденең тұра қалғандай болды. «Бұл өлең сені­кі емес тәрізді ғой?» дейді әлгі сұрау шұбаланып. «Енді кімдікі». «Ойланып көрші». Ойланамын. «Иә, шынында да... Кенет көзім бақырайып, тынысым бітіп қалған­дай болды. Мәссаған! Әкем-ау, мынауым Абай өлеңі ғой! Дәл өзі.

«Айттым сәлем қаламқас» деп басталатын Абай ата­мыздың өлеңі.

Әркімнен ұрлап-қарлап ақын болу деген менің ойым түгіл түсіме кірмейтін сұмдық нәрсе. Өзімнің мына қылығыма төбе шашым тік тұрып кеткендей болды. Әрине, ұрлық дейді бұның атын. Жай ұрлық емес, әде­би ұрлық. Оны әлгі... не деуші еді... бірдеңе деген термині де бар.

Әлгі арада ұшып түрегеліп, Абай атамнан ауысып кеткен шумақты сызып тастамақ болып бір тұрдым да, тағы ойға қалдым. Бұған, біріншіден, дәптер былғанады.­ Ал, екіншіден, Абай болса, ұлы ақын. Мен тәрізді жас талапкер оның бір шумақ өлеңін кәдеге жаратқан екен, одан ұлы ақынның шалқар мұрасы, немене, азайып қала ма? Мен оны бәрібір, баспаға ұсынып жатқан жоқпын. Сондықтан тұра берсін, сызбаймын. Сайып келгенде, Абай кім, мен кім? Екеуіміз де қазақпыз, екеуіміз де ақын­быз. Ақын – ақынға қарайласпасын, жәрдемдес­песін деп, еш жерде жазылмаған.

ОН ҮШІНШІ ТАРАУДА

«Қызыл бұзау» деп атаса да болар еді

Оқу жылы басталатын мезгіл жақындап қалды. Би­ыл алтыншыға барамын. Орта мектепті бітіргенге дейін әлі де болса төрт, төрт емес-ау сойылдай бес жыл бар. Ой, қандай ұзақ. Адам болып шығу деген ойлап отырсаң машақат нәрсе екен ғой.

Оқулықтарымның бәрін дайындап қойдым. Мамам Қайыпжан шоферге ақша беріп жіберген екен, Алматыдан ол су жаңа форма әкеліп берді. Амандық болса, бірінші сентябрь күні Қожекең жарқ етіп, көшеге бір-ақ шығады сонымен.

Енді оқу жылының басталуын шыдамсыздана күте­мін. Адам деген қызық қой. Оқып жүргенде, демалысты аңсайсың. Енді міне, демалыста жүріп, оқуды сағына­ бастадым. Жаздыгүні қыс болса екен дейсің, қыста жаз­ды көксейсің. Бұл неліктен, а? Адам баласының бабын қалай табуға болады.

Дегенмен менің оқуды аңсауымда сап-салмақты себеп бар. Оқу басталды деген сөз – Жанармен бірге боламын деген сөз. Айтпақшы, ұмытып барады екенмін ғой. Бүгін лагерьдің жабылатын күні деген. Олай болса,­ Жанар келеді. Ура, Жанар келеді! Жанар!

– Қожатай, үйдемісің?

– Мүмкін, үйде шығармын. Қарап көріңіз, – деймін қыздардай сызылған үнмен.

– Үйде болсаң, әлгі қызыл бұзауды тауып әкеп, қораға кіргізіп қойшы. Мына ыстықта енді ол жайылар­ деймісің.

– Егер үйде болмасам қайтем?

– Үйде болмасаң да бар, – деп әжем шорт кеседі. Мен оның қитығына тие түсуге құмармын.

– Үйде болмасам, қалай барам? Сіздің жұмсағаныңызды естіген жоқпын ғой?

– Әй, қылжақтамай бар деймін, бар деген соң.

– Айталық бармадым, әже. Онда не болады?

– Бармасаң тоқмаш жейсің.

– Піскен тоқмаш па, шикі тоқмаш па?

Менің қылжағым тойғыза бастағандықтан әжем енді үндемейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий