Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ал, енді, қымбатты оқушым, кінәласаң кінәла, кінә­ламасаң өзің біл, мен өзімді бұдан әрі ұстай алмадым. Жантастың шақпа тілі бір ғана сәттің ішінде мені үш рет түйреп үлгерді. «Еңбек ері» деп, бір көкітті. Оның ар­тынша «Қара Көже» деп, атымды тәлкек етті. Жанар­ды және сөзге қыстырып отыр. Зығырданым қайнап кет­кені соншалық, орнымнан ұшып түрегелдім де, Жан­тасты иығынан ұстап, жалт бұрылып, «жұмсақ жеріне» әдемілеп бір тептім.

Қойсаңшы, еркек болғаны құрсын да Жантастың. Маған біреу әлгіндей істесе, әлім келсін-келмесін, сол арада қолында өлем. Сондай бір ашынғандық Жантастан да шығар деп ойлап едім. Мен онда бәлемнің түте-тү­тесін шығарып, жеп жіберуім қақ еді. Бірақ Жантас өйт­педі, сазарып үндемей қалды. Бар тіс жарып айтқаны:­

– Мен ойнап айтсам... – дейді. Байғұстың даусы да біртүрлі бейшараланып шықты. Қайрат, қарсылықтан жұрдай еді.

Осы кезде класқа Жанар кіріп келді. Басында маған­ ғажап ұнайтын қызыл береткасы. Менің онымен мына­дай әбігер халде тұрып, амандасуға да мұршам келмеді. Жанар орта шендегі басқа бір партаға отырғалы жатыр.

Оңбаған Жантастың кесірінен жоспарым күл-парша болды.

ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУДА

Сұлтан екеуміздің қайта табысып, татуласуымыз, Қарасудан балық аулауымыз сөз болады.Тараудың аяғы серттесумен тынады

Мен Сұлтанды жайлаудан келгелі бері көргенім жоқ. Қайда екенін де білмеймін. Төңіректің төрт бұ­ры­шының Сұлтекеңе бәрі мекен, бәрі өріс. Бірді бірге ұрып, жүрген болар жосылтып.

Әй, Сұлтан, Сұлтан. Сенің бойында кісі қызығарлық өнер-қабілеттер толып жатыр-ау. Асауға шалманы­ қалай дәл тастайсың. Неше саққа жүгіртіп, құйқылжың­ қоң етінді ойып беруден тартынбайтын батылсың да, жо­мартсың. Бірақ арамдығың да бар: өтірік айтасың, ұрлық істейсің. Егер оқуды тастамасаң, әлгі айтылған лас қылықтарыңнан ада болсаң, сенен түбінде жаман азамат шықпас еді.

Менің Сұлтан жөніндегі пікірім осындай.

Сұлтанды мен жиі ойлаймын. Одан ажырасқалы бері өзімді жартыкеш қалғандай, бірдеңем жетіс­пей­тіндей сезінемін. Ал Сұлтекеңнің қасында уақыттың қалай зымырап өткені білінбеуші еді.

Бір күні мен мектептен қайтып келе жаттым. Қора бұ­рышын айнала бергенім сол еді, бір ит оқыстан «ыр-р-р» деп, ала кеп түсті тақымымнан. Баж етіп, артыма жалт бұрылдым. Қарасам, ит түгіл сайтан да жоқ, шидің түбінен сылқ-сылқ күліп, Сұлтаным шығып келеді!

– Ой, мықтап бір қатырдым-ау, Қара Көже. Нағыз сужүректің өзі екенсің ғой. Үйге барып, тезірек шалбарыңды ауыстыр. Ха-ха!

Мен Сұлтаннан мұндай көңілді келісті күтпеп едім. Жайлаудағы тойда оны Жұмағұлға ұстатып бермек бол­ған «опасыздық» қылығымнан кейін ол маған тісін басып жүрген шығар, бір ыңғайын тауып, бәлем, әкемді танытар ма екен деп, қауіптенетін едім. Жоқ олай емес бұрынғы жолдастығымыз сол бәз-баяғы қаз-қалпынан бұзылмағандай, қаймағы шайқалмағандай. Сұлтаным күлкіге шашалып, сықылықтап тұр. Реңінен жаулық ойлағандай ештеңе танылмайды. Бұны көріп, мен бо­йым­ды тез жинап ала қойдым. Сұлтанға көңілімде дық сақтап жүрген адамдай өңімді суыққа салып:

– Сен менен аулақ жүр, – дедім.

– Не боп қалды Қара Көже?

– Анада мені неге тастап қашып кеттің? Соның адамгершілікке жата ма?

– Жә, жә, Қара Көже. Соны әлі ұмытпай жүрмісің? Жұмағұлмен мен есептестім. Оған мынау деген әдемі күміс темекі сауыт апарып бердім. Бері қара, одан да сен қазір балыққа барасың ба? Сонау жоғарыдағы Киік­байдың өткелі тұсынан ар жақтан мен ғажап бір қара су таптым. Балық деген саған өтірік, маған шын, бықып жүр. Бардық болды, сүзіп аламыз.

– Торың бар ма?

– Диірменші Иванның торын аламыз. Ол менің досым, береді.

Балық аулау тәрізді жаным құмар істен бас тартуға маған қиын еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий