Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осыған қарап мен газет шығарып отырған құрметті ағайлар оқушының мүддесін ескере бермей ме деп ойлай­мын. Әйтпесе, газеттің ең соңғы бетіндегі материалдарды бірінші бетіне, ал бірінші беттегіні ең соңғы бе­тіне басса, қандай тамаша болар еді. Газетті алған бет­те төңкеріп әуреленіп жатпас едің. «Қазақстан пионе­рінің» соңғы беті мені біраз бөгеп қалды. Аты мәлім С.С. дейтін балалар жазушысының «Көркейген көшелер» дейтін әңгімесі басылыпты. Атына қарағанда және суреттерінің аңғартуынша балалардың көшеге ағаш отырғызуы айтылатын тәрізді. Иә, маңызды тақырып, керек тақырып, «Көркейтейік көшені» дейтін менің бұл тақырыпқа жазылған өлеңім де бар.

Тағы біраз сықақ өлең, жұмбақтар, қытай халқының әзілдері басылған екен. Одан соң кейін қарай сыр­ғып, келесі бетке (газеттің үшінші бетіне) ауыстым. Жо­ғарыдағы бір сурет көзіме жылы ұшырап барады. Шатырлы үйдің бір пұшпағы, жүк машина, кузов толған, қолдарына айыр-тырма ұстаған жарқын жүзді балалар. Астындағы жазуына көз жүгірте бастадым да, орнымнан атып түрегелдім жынды адамдай. Сосын ас үйге қарай тұра жүгірдім.

– Әже, ау әже!

– О, не.

– Қарашы, газетке менің суретім шығыпты. Қарашы. Міне, мынау ортада тұрған менмін. Міне, міне.

Әжемнің көзі онша жетіңкіремейді.

– Қайсы? Мынау көп адам тәрізді ғой жапырлаған.­

– Мен мынау... ең алда тұрмын ғой қасқая қарап. Осы менмін. Дәл өзім.

– Басқалар кім.

– Өзіміздің балалар. Мынау міне, Темір, мынау қо­лына тырма ұстаған Батырбек, мынау басы қылтиып тұрған Жантас... Көрдіңіз бе. «Жаңа өмір» колхозы жеті жылдық, мектебінің оқушылары жазғы демалыстарында артель шаруашылығына айтулы көмек тигізді. Суретте колхоздың шөп шабу науқанында үлгілі еңбек еткен бір топ оқушы...»

Ім... м... м... суреттің астындағы жазуды әжеме да­уыстай ақырын оқып берсем де, кенет тілімді тістеп ал­ған­дай болдым. Аяғымды ұшынан басып, сыртқа зытып­ отырдым. «Мәссаған! Мен бұның байыбына бармай, мақтан көріп жатырмын. Ұят-ай! Қандай ұят іс болған!­ Шөп шабыс науқанына мен қашан қатыстым? Қашан үл­гілі еңбек еттім?» Өлімнен ұят күшті деп, бекер айтыл­­маған ғой. Осы оймен қабаттасып, бетіме қаным теуіп шыққанын сеземін. Суретке қайта қараймын, сол қалпы. Бәрін бір өзі тындырғандай қақ ортада қасқиған­ баяғы Қожа. Батырыңның ойына түк кіріп шықсайшы. Та­науы делдиіп, көріңдер мені дегендей кеудесін алға то­сып, қасындағы басқа балалардан өрескел тұр. Әй, сығыр, өзімнің де оңатын қылығым жоқ қой. Тым құ­рыса, бір жақ шетке таман қағаберіс тұрсамшы. Кимелеп алға шығатын не әкемнің құны бар десеңші. Қы­сыл­­ғаннан маңдайымнан бұрқ етіп, тер шығып кетті. Енді балалар басы Жантас қу болып, мені күлкі ететін болды.

Кенет басымда қуанышты бір ой жалт ете қалды. Ура! Ақыл табылды. Суреттің астындағы жазуын сиямен танылмастай етіп, өшіріп тастаймын. Сонан соң құйынша зырлап, бүкіл ауылды аралап көрсетіп шығуға болады. Тфу, неткен ақымақпын. Газет осы бір ғана дана болып шығып па екен? Қазір оны балалардың бәрі алып, оқып жатқан шығар.

Айтып, айтпай не керек, осы сурет мені талай тәл­кекке жем қылды. Бірақ біраздан соң мен де мойымайтын болып алдым. Балаларға: «бәлем, енді мені жазда колхозда жұмыс істеген жоқ деп, айтып көріңдерші. Айта алмайсыңдар. Менің жұмыс істегеніме «Қазақстан пионерінің» өзі куә, деп кеудемді қағамын.

Республика жұртшылығына мен осылай танылдым.

ОН БЕСІНШІ ТАРАУДА

Менің Жантасты құйрыққа бір тебуімнің жай-жапсары айтылады

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий