Knigionline.co » Казахские книги » Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев

Книга «Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Эта повесть о приключениях маленького Ходжи, пережитыми ей в школьном возрасте. Несмотря на то, что он совершал плохие поступки, хочет стать человеком с хорошими качествами. Он уверен, что причиной его неудач, является то, что он рос без отца. Мальчик старается изменить себя. Значимую роль отведена детской любви Ходжи, он влюблен в Жанар, примерную ученицу. Ходжа сочиняет стихи для Жанар, в будущем мечтает стать писателем.

Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа - Бердыбек Сокпакбаев / Бердібек Соқпақбаев читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұзаулар жайылатын жаққа қарай жайлап басып келе жатырмын. Лүп еткен леп жоқ, қапырық. Күннің бір шоқ ыстығы менің шекеме жабысып қалғандай күй­діріп, тесіп барады. Қызған жерді сипалап, басып-басып­ қоямын. Шошқаның жалындай сояу қайратты шашым алақаныма ып-ыстық болып басылады.

Селоның шетіне шығып қалып едім. Сол кезде қар­сы­ алдымнан шаңды бұрқыратып зырлап келе жатқан жүк машинасы көрінді. Кузовы толған бала. Галстукте­рі желбіреп, шулап өлеңдетіп келеді. Машина жақындап келгенде таныдым – лагерьден қайтып келе жат­қан­ өзіміздің балалар екен. Әне, анау Жанар. Маңдай ша­шы желбіреп, маған қарап жайлап күлімсірейді. Екі қо­лымды бірдей жебелеп, мәз-мейрам болдым да қалдым.

– Сәлем, Қожа!

– Қара Көже!

– Қожа! – деген бірнеше дауыс қатарынан жамырап, ағызып өте шықты.

Жанардың төбесін бір көргенім өлшеусіз бақытқа кенелгенмен пара-пар болды. Машина соңынан далбақтап тұра жүгіруден өзімді өзім әзер ұстап қалдым.

Осы кезде қабақтан маңқиып келе жатқан өзіміздің қызыл бұзауды көрдім. Іс-міс жоқ тырағайлатып қуып ала жөнелдім. Қолды-аяққа тұрмайтын бейне бір құйын тәріздімін, бұзауды басып озып, жосылтып, о жағынан бір шығам, бұл жағынан бір шығам. Не боп қалғанын түсіне алмай сасқалақтаған қызыл бұзау тасырлатып, шеткі бір үйдің қорасына қойып кетті.

Қызыл бұзауды одан жетелеп алып шықтым. Сол арада сап етіп, басыма бір ой келе қалды. Егер де қызыл бұзау адам тілін түсінетін болса, мен оның мойнынан аймалап, алдына тізерлеп отыра қалып, өтініш жасаған болар едім, сүйкімді қызыл бұзауым: мен қазір сені тағы да тұра қуған болайын. Сен ұстатпай қашқан бойда Жа­нар үйінің қорасына кіріп кет. Соңыңнан мен жетейін қи­қулап. Сонан соң абалап ит үреді, үйден Жанар жүгі­ріп шығады. Мен оны бір айдан бері көрген жоқпын ғой. Мен оған бірдеңе айтармын, ол да маған бірдеңе айтар. Жанармен сол арада біраз сөйлесіп, сұхбаттасып қалайын.

Қызыл бұзау бұны қайдан ұқсын. Қоя берсем болды, үйге қарай безгелі тұр. Жоқ, үйді қоя тұр. Сен маған­ әуелі қызмет істе. Мен бұзауды ноқтасынан жетелеп, Жанар үйінің алдына әкелдім. Ешкім қарап тұрған жоқ па­ деп, төңірегіме көз саламын, тым-тырыс. Ашық тұр­ған қақпадан бұзауды қораға қарай айдасам, бөтен аулаға жолағысы келмейді. Сол арадан жіңішке бір шыбық тауып алдым да, сауырға аямастан осып-осып жібердім. Шіркінге жан керек екен, төргі бұрышқа бір-ақ барып жетті. Сүйеулі тұрған легенді құлатып, итті абалатып, ауланың әлек-шәлегін шығарды. Ойлағаным болып, сол кезде үйден Жанар жүгіріп шықты. Адам сас­қанда не айтарын білмей қалады екен ғой.

– Жанар, ана бұзауды бері қуып жіберші! – деп­пін. Бұдан басқа ештеңе айта алмадым. Иттен үркіп, тырағайлап шыққан бұзаудың соңынан қуып кете бардым.

ОН ТӨРТІНШІ ТАРАУДА

Менің республика жұртшылығына қалай танылғаным жайлы айтылады

 – Уа, кім бар?

Даусы пошташы Көштібай қарттікі еді.

– Мен бар! – деп, жүгіріп шықтым есік алдына. Мен жыл сайын бірнеше газет-журнал жаздырып аламын. Қажет болса, атап берейін: «Пионер» журналы, «Қазақстан пионері», «Пионер правдасы», «Лениншіл жас» газеттері. Ал мамам «Қазақстан әйелдерін» алдырады. Мен әуелгіде бұны әйелдер журналы болғаннан кейін онша менсінбейтін едім, сөйтсем нағыз қызық журнал сол екен.

Көштібай маған «Қазақстан әйелдері» журналы мен «Қазақстан пионері» газетін ұстата берді.

– Басқа газеттер келген жоқ па?

– Жоқ.

Есік алдындағы орындыққа отыра қалып, әуелі «Қа­зақстан пионеріне» көз жүгірте бастадым. Менің газетті соңғы бетінен бастап оқитын әдетім бар (басқалар да сөй­тетін шығар деймін). Өйткені қызықты әңгіме, фельетондар, сықақ өлеңдер соңғы бетке басылады. Бұдан соң үшінші, екінші беттерге ауысамын. Бұлай қарай жүр­­ген сайын газет мазмұны қоңырлай береді. Ал бірін­ші­ бетте не жазылғанын тақырыбын оқып-ақ біліп аламын.­

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Меня зовут Ходжа / Менің атым Қожа (1 шт.)

Жан
Жан
7 декабря 2023 13:55
Бұл кітап өте керемет,және қызықты!
Оставить комментарий