Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Е, бұл қаланың қыздарын қалтаң болса — болғаны,— деп Жылтыр басынан кешкен бір-екі оқиғаны сөйледі. Бекболат тыңдап отырып:

— Қала бір — бұзылған жер ғой, — дей берді. Онысы Ақбілекке кір жуытқысы келмегені ғой.

Соны айтып отырғанда кішкене қақпаны ашып, бір қазақ кірді.

— Е, Жаңбырбай, мал-жан аман ба?— деп Жылтыр ұшып түрегеліп, шұрқырай кетті. Елдің амандығын сұрап болған соң Жылтыр Жаңбырбайды ертіп, манағы дөңбек үстіне барды. Сөйлесті-сөйлесті. Бекболаттың екі көзі соларда. Бір мезетте Жылтырдың көзі Бекболатқа түсіп кетті де, Жаңбырбайды түртіп қап, бірдеңе сұрағандай болды. Жаңбырбай жауап беріп еді. Жылтыр ежіктеп, тағы сұрады. Сөйтті де Бекболатқа жайраңдап қолын былғады:

— Сүйінші!— деді.

Бекболат жымиып:

— Ал, ал,— дей берді.

— Қыз аман-есен үйіне келіпті, — деді.

— Япырмай, шын ба? Япырмай, шын ба?— дей берді.

— Өтірік айтамыз ба?— деген соң:

— Япырмай, ә! Япырмай, ә!— дегеннен басқа сөз айта алмады.

Бекболаттың қуанғаны сонша, Ақбілекті орыс алып кеткенін де, масқара болғанын да ұмытып кетті. Ақбілек дәл бір боранда адасып кетіп, не тауда, не орманда қалып, жоғалып табылғандай көрінді. Қуанған сайын Ақбілек таза, Ақбілек періште сынды болды. «Жаным, сәулем қай жерде отыр екен? Құрмалдығың болайын!»— дегендей, Ақбілекке мүлде құлап кетті. Әкесі базардан келген балаша қуанып, Бекболат тайраңдап ауруханаға кірді. Ойы: дәрігерге қашан босатуын сұрамақ еді.

Ертеңінде жолыққанда, Жылтыр тағы да Матайдың Әбенін жамандап келіп:

— Мен тағы да арыз бергелі отырмын. Сенің атыңнан берсек қалай болар еді?— дегені.

Бекболат шошып кетті. Бұрын мұндай хат-қаламға араласпаған; мылтық ату, құс салу, бозбалалық құрумен әуестеніп кеткен серілеу жігіт қой:

— Жаным, менің ретім келмес, мұндай жұмысқа мен өзім жоқ едім,— деп абдырап қалды.

— Сен өзің бір жасық жігіт екенсің ғой! Одан қорқатын түк жоқ: барлық пактісі7 міне, менің қойнымда отыр,— деп омырау қалтасынан бір қағазды суырып алды. Алды да: — Міне, міне — мына қағаз оның әкесін танытады. Танытатын жерге алдақашан жіберілген. Мынау шорнабай8,— деді, сүйтті де іс-міс жоқ, қағазын судыратып оқи бастады.

Бекболат амалсыз тыңдады. Кім біледі, кейін бір керегі боп қалар: біз де тыңдайық:

Семей губрепкоміне, копия

«Қазақ тілі» басқармасына.

H. үйезі, Сартау болысының қазағы;

Пәлен-пәлен ұлынан

Мағұлымнама

«Сартау елінің барлық қанын сорған, байлығын жиып алған Матай балалары. Себебі 1887 жылы Сартау еліне болыснай, опрабитл болған. Сонан үшбу уақытқа шақлы еліне өмірінің жүруі бөлек: аптаномиялы, ханлы ел сықылды.

1. Халыққа тарайтұғын алым-шығын, збор һәм қара шығын, поштауай ат һәм лау ат, ауылнай старшын сайлану һәм елу басы сайлану, — баршасы жалғыз Матай балаларының ықтиярында болған. Осындай өз қолымен сайлап қойған ауылнай старшынлар һәм народнай судьяларының мүһрлары Әбен Матайұлының қолында болды да, өзі керек қылған кезінде баса берді».

— Рас па?

— Біз қайдан білейік.

— Тыңда, ендеше.

2. «Ианеде елде ұрыларды көбейтіп, Әбен Матайұғлы олардан жүйрік, жақсы атлар алатүн. Сол алған атлар осы уақытта қолында бар: бір шек кер ат — ұры Ақмет Сағынайұғлынан; япас қарагер ат — ұры Босаға Салықбайұғлынан; ианеде көк ат алған».

— Білесің бе?

— Мен білмеймін.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий