Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бекболат бір кіреді, бір шығады, тағат ете алмайды. Жылтырға әлденеше жолықты — хабар жоқ. Бірер қабат сұрады. Сұрай беруге де ұялады. Дүниенің тетігі Жылтырдың қолында тұрғандай. Жылтырға жолыққысы келе береді. Бірақ Жылтыр көрінген қазақпен бір сөйлесіп, босанбайды. Жылтырға жаңадан біреу келіп сөйлескен сайын: — «Е, мынау Ақбілектен бір хабар әкелген екен» деп, — дәмеленеді. Ол үміті болмайды.

Бекболат есік алдында тепкіштің қадасына сүйеніп тұр еді. Қорадағы дөңбектер үстінде бір қазақпен ауызы жабысып Жылтыр отыр еді. Бір кезде ана қазақты жөнелтіп, Жылтыр шапаны делегейленіп, басын сермеп тастап, қатты-қатты басып Бекболатқа келді. Келе:

— Уат, жөлік, уат, машіннек2, — деп орысшалап, шұлғып қойды..

— О не?

— Тағы әлгі Матайдың Әбені.

— Неғыпты.

— Шортты ызнат! Әкеле жатқан поштаны талатып, поштабай өзі шашып кетті деп пәле сап отырғаны.

Бекболат мәнісін сұраған соң, Жылтыр түсіндіріп айтты. Матайдың Әбені болыспен өш болады ғой. Болыс Әбеннің үстінен пргауар жасатып, он ауылнайдың мөрін басқызып, поштамен қалаға жіберсе, оны естіп Әбен үш кісі аттандырады. Үш кісі жолда шабарманды қуып жетіп, поштасын тартып алып, өзін жаяу тастап, поштаны алып қалаға келеді. Пргауардың көзін жойып, өзге қағазды кеңсеге тапсырады. «Шабарман бізге пәле салам деп астымдағы жалғыз атымды бере қоймаған соң, поштасын шашып кетті, шашылған поштаны жинап тапсырғалы әкеліп тұрмыз»— дейді. Болыс Жылтыр жақтікі. Пргауар қыл деп үйреткен Жылтыр болу керек. Сол жұмыс орынға келмеген соң, Жылтырдың бұқырап, «Шорт ызнатты» қатып келгені сол екен.

— Бәрібір. Ініне су құйылған. Материалы3 гүбірніге алда қашан жіберілген. Бүгін болмаса, ертең жаптырам. Құдай біледі-ау! Оны жаптырмасам, Жылтыр атым құрысын! — деп, Жылтыр күпсініп «Шорт ызнатын» қатып барып басылды. Жылтыр басылған кезде, Бекболат өзге хабар білгелі, сөзді басқа жаққа бұрғалы:

— Манағы бір орысша киінген қызметтегі жігіт пе?— деп сұрады.

Жылтыр жұлып алғандай:

— Ә, ол шекенің агенті,— деді.

«Шеке4» мен «Агентті» білмейтін қазақ жоқ қой, Бекболат:

— Ол сізбен қалай жақын? — деп сұрады.

— Біздің кісілер қай кеңседе жоқ дейсің? Шекенің өзі біздің кісі ғой! — деді.

— Онда сізді қалай жатқызып жүр? — дегенде:

— Ой, шырағым-ай! Оның бір мәнісі бар ғой,— деп Жылтыр жымиды. Мені жауып отыра алмайды. Мен ертең-ақ шығамын. Кәне менің абақтыда отырғаным? Есебін таптық та балнеске5 келдік,— деп қолды бір сермеп қойды.

Бекболат тағы бір-екі сөз аралатып қыздан хабар сұрады. Жылтыр:

— Жоқ, әлі, хабар жоқ... қыз демекші, ой қыз кәпірді қойсайшы, — деді. Бекболат:

— Е, қыздың несі бар?

— Шорт ызнат!.. Әлгі агент бір қызық әңгіме айтып кетті.

— Не әңгіме дегенде, — Жылтыр мынаны айтты:

— Осында Мәдише деген мұғалім қыз болатын. Сен білмейтін шығарсың. Өзі шала қазақ. Баяғыда бір шадыр сары ноғай болды ғой... Лапке ұстайтын. Соның қатыны қазақ болатын. Үш қызы бар-ды: Қадиша, Мәдише, Зағипа деген. Шетінен желаяқ. Мәдишесі жап-жас қыз еді. Алдыңғы жылы Семейге барып оқып, мұғалім боп келген. Сол Мәдише орыс командирімен жүреді екен. Соның арғымағына мініп катайтса6 қыла беруші еді. Түнде бақшада бірдеңе серең-серең етеді дейді. Бақша күтетін шал бұ не деп жетіп барса — екеуі екі жаққа қаша жөнеледі. Бірдеңе ағараң етеді. Қараса шолақ дамбал. Шал дамбалды «Шекеге» тапсырады. «Шеке» Мәдишені шақырып алып: «мынаны танисың ба?» — десе біресе дамбалға ұмтылып, біресе жылайт дейді. Ой, масқаралық- ай!.. Әлгі соны айтып, бірқатар күлгеніміз ғой... Бұ қыз кәпірге дауа жоқ... Қазақ пен ноғай жетпеді ме екен...— деді.

Қызды бұлайша сөккеніне Бекболат көңіліне ауыр алып, Ақбілекті арашалағалы:

— Өз еркімен сүйтеді екен-ау!— деді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий