Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бесатардың оғы — шыққан жерін алақандай қып үңірейтіп, жұлып әкетеді. Емдеуі келіспей, асқынып кетсе, ол оқ тиген адам жуырда мал болмайды. Сол бесатардың оғы Бекболаттың иығын ала, қарынан тиіп, сырт жағын үңірейтіп кетіп еді. «Бұған сормақта тарту керек... малдың жыны да мың да бір дәрі...» деп, әркімі әр түрлі ем айтып жатқан үстіне, қаладан келген бір «үнүстрүк»: «Дәрігерге көрсетпесе, өледі» деген соң, Бекболатты дуанға апарып еді. Мамырбайдың Төлегені не дегенмен қайынағасы ғой, барған соң, кеңседен-кеңсеге жүгіріп жүріп, ауруханаға жатқызып емдеуге қағаз алған еді.

Бекболат ауруханаға жатқалы жиырма күнге жуықтады. Дәрігердің қарауы күшті болғаны той: он бес күн дегенде қолы икемге келіп, жарасы бүріліп біте бастады. Алғашқы кезде аурухананың сары төсегіне, сасық дәрісіне, шөп тамағына үйрене алмай, мұрнын тыжырып, іші пысып, уайым басып жатса да, жүре-жүре аурухананың өз адамындай болып, бойы үйренейін деді.

Дәрігер күн шуаққа шығып отыруға рұқсат еткен соң, Бекболат бір күні тысқа шықты.

Үсті-басына ақ киген, ақ орамалмен желкесінен бір түйген сары матүшкелер сыпсыңдап кіріп-шығып жүр; қолдарында бөтелке, шәйнек, орамал, шылапшын. Мұртын тазының құрығындай ширатқан, шашын енесі жалаған бұзаудай тарап, жылтыратқан, ақ киімді дәрігер де матүшкелерге орысшалап, ауру жатқан үйлерді нұсқап, бірдеңе тапсырып жүр. Аурухананың қабырғалары да, төбесі де, табаны да сүргі тартқандай теп-тегіс, маса тайғандай, тап-таза. Мыналарды көргенде, өзі жазылған соң, Бекболат: «Ауру қалай жазылмасын» деп ойлайды.

Аяғында көттік пен өкшеден шырай жоқ, сылпылдаған башмақ, үстінде березе жағалы ұзын сары шапан, басымда ақ орамал — Бекболат судан шыққан тышқанша солбырайып, сенекпен ептеп аяңдап, алақтап дәрігерлердің қасынан өтті. Дәрігер «Неге кетіп барасың?» дегендей, Бекболаттың бетіне бір ажырая қарап, рұқсат бергені есіне түскен соң, «Жүре бер» дегендей кірпігін бір қақты. Бұрын ауыз сенекте олай-бұлай жүріп буынын бекіткен ғой, бойы тыңайған, тәрізді.

Бекболат сыртқы есікті ашып тысқа шықты. Аурухананың төрт қабырғасы, табыт төсегі, сасық дәрісі басырқып тастаған екен, күні жарқыраған, әуесі саңғыраған, көгерген көк аспанды көргенде, бойы да кеңіп, жадырап, реңі шырайланып, ажарланып, ойы да көтеріліп, шарықтап елге қарай бет қойды... еліне тезірек қайтқысы келді. Жар дегенде есіне Ақбілек түсті. «Мен міне құдайдың жарық күнін көрдім, жазылдым. Ол осы күнде не күйде екен? Әлде тұтқында екі көзі жаудырап, жасын бұлап жүр? Әлде, орыстар өлтіріп тастады? Әлде бір сары орыспен құшақтасып отыр? Әлде бәрі жабылып...»— деген ойға келгенде, шауып келе жатып, биік жардың ернеуіне төніп қалған кісіше, денесі шіміркеніп, жүрегінің астыңғы жағындағы бір нәзік қыл үзіліп кете жаздағандай болды. Бұл ойды Бекболат жараның беті қайтқалы күні де, түні де ойлаған, жардың ернеуіне бір емес жүз, мың қайтара таянған, жүрегінің нәзік қылы да соншама тырсылдаған; сонда да бұ жолғы жүрегінің қағысы бұрынғыларға ұқсамады. Бұ жолы Ақбілекті ойламайын десе де кең дала, еркін, сайран өмірі еске түскенде Ақбілек те сол сұлу өмірдің гүліндей жылтырап, көзіне іліне берді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий