Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Осы арам демімен, арам аузыммен әкемнің иманды жүзіне қалай жақындармын, қайтып оны да арамдармын? Құдайдан қорықпай, оның құтты қадам мешіттей үйіне қалай кірермін? Кәпір сүйген, аймалаған аяғыммен жайнамаз салатын жерін қалай денем шімірікпей басармын? Көпірді құшақтаған арам қолымды қайтып әкемнің адал дастарқанына апарып, қайтып бір табақтан ас ішермін! Мұны бұрын ойласамшы! Бұларды есіме алсамшы! Шыбын жан құрғырды ойлай беріппін-ау... Япыр-ау! Бұлар мен туралы не ойлайды екен? Мені арамдалмай аман келді деп кім ойлайды дейсің? Әлде менің тірі қалғанымнан да өлгенімді тіледі ме екен? Кім біледі, сөйткен де шығар. Мені көргенде, «Пәленшенің орыс бүлдіріп... кеткен қызы» деп, кім көрінген ішінен ойлап тұрады-ау! Әлде біреу әкеммен, не өзіммен егескен күні айтып та салады-ау!..

Ойбай-ау! Менің күйеуім ше? Ол енді менің маңыма жолар ма? Орыстан қалған салдаманды ол неғылсын? Тым болмаса бұзылмаған қаймағым, соған да бұйырмады-ау!.. Ол алмаса... онда мені кім алады? Мен бір ел-жұртқа әйгілі көзге шыққан сүйел болған екем ғой! Ақылымнан адасқан сорлы мұны білсемші!.. Кеше түнде арам денемді қасқыр боршалап неге жеп қоймады екен?!

Мені көргенде ауыл-үйдің адамы үркіп тұрады-ау!.. Мен өзгердім ғой. Қатын болдым ғой, кәртайдым ғой; көзімнің алды көк таңба шығар; егім сылқылдап, денем бос қалған шығар; белім бүкірейіп, бөксем жалпиған шығар; аяғым талтаңдап, жүрісімнен жаңылған шығармын. Менде не сын қалды дейсің? Ернім кезеріп, жатым суалған шығар: орыстың айнасына қарағанда, ажарым, тайған сықылды еді ғой. Жасыма жетпей кемпір қылды-ау, жасаған! Мен енді әкеме құрт аурудан жаман бір масыл болдым ғой! Өлмей менен құтыла алар ма?..

Ей, тәңірім-ай! Осы келе жатқанда бір қазаға ұшырап кетсемші! Астымдағы ат омақа асып, астында тіл тартпай, қатсамшы! Немесе жер ойылып жұтып қойсайшы. Болмаса үстімізден қара бұлт төніп, нажағай соқсашы. Әйтпесе албасты басып тұншықтырсашы! Әнеугі қаңғып келген орыс енді келіп алып кетсеші! Ең болмаса, есімді біліп тірі барғанша, әкемнің алдына апарғанда, кірпігім қимылдап жатсамшы!

Ақбілек аспанға қарады — аспанды мезгілсіз бұлт құрсар емес; жерге қарады — жер баяғы жер, қозғалар емес; сүрінер ме екен деп өкшесін тебінді — кер жорға сүрінер емес, өзге аттарды сау желдіріп тепсең де теңселіп келеді. Ақбілек қасындағы ағаларына қарады — ағалары Ақбілекке қарар емес, көздері алдында; сипай қамшылап, «Ауылға қашан жетеміз?» дегендей, тебінгілері сартылдап келеді.

Ақбілек алдына қарады. Қараса ауылға кеп қапты. Ауылын көргенде, жылағысы кеп кетті. Әнекей, бұлардың қарасын көргеннен қатындар Ақбілектің үйіне қарай шұбырды. Әнекей, өз үйінің иттері де ұлыды. Әнекей, бұзаулар да Ақбілекке көрісетін кісіше бері қарап мөңіреді. Мінекей, дауыс қылған қатындардың ащы айғайы құлағына келді. Жер-дүние күңіреніп дауыс қып тұрғандай болды. Жан жарасы сол дауыспен жеңілетіндей, көп дауысқа қосылып, Ақбілек те егілді. Екі көзі жасқа толып, жарық күн шымылдық құрғандай бұлдырап тұман боп кетті. Сол тұманның ішінде басы ағарған адамдар қолтығынан ұстап, сүйемелеп, әлдебір жерге әкеліп, үп-үлкен бір адамның үстіне жалп еткізді. Ақбілек жылай берді, жылай берді...

Сорлы Ақбілек! Сен жыламай, кім жыласын? Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың!

Келешектегі бақытты өміріңнің кілтіндей көріп, сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айрылдың! Ар-ұятың төгілді, адамшылығың жойылды. Жас нәуетек жүрегің соқпай жатып, өрт болды. Жаңа шыққан жауқазын піспей жатып жоқ болды. Шам шырақтай жас жаның, жанбай жатып шоқ болды. Есіл, ерке балалық, аяққа құйған астайын, шолтаң етті, тоқталды. Жыла, жасың бұла! Жасыңмен қайғың жуылсын! Жасыңнан теңіз жиылсын, теңізді дауыл толқытсын! Құтырсын толқын, туласын! Зарлатқан сені мұндарлар тұншықсын — сонда уласын! Қатын-қызы тұл қалып, сендей болып шуласын.

ЕКІНШІ БӨЛІМ

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий