Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Шырағданы түскір қайда кетті жоғалып? – деп, қатын сипалап күңкілдеп жүріп, тысқа шығып кетті. Аздан кейін қара құманның қақпағына істеген білте шырағданын тапал пештің ернеуіне қисайтып қойып, тұмсығына сұқ қолымен май тигізіп, қағып-қағып уқалады. Сөйтті де қолын көлеңкелеп, төр жаққа – Ақбілекке қарады. Қатын бірдеңе сұрап қала ма дегендей, Ақбілек жалма-жан:

— Жеңеше, суыңыз бар ма? — деді.

— Су жүрегіңді алар, салқын айран бар еді, – деді.

— Ендеше айранға су қосып беріңіз: шөлдегенім әлей еді.

— Берейін, қарағым, берейін, – деп, қатын күйбеңдеп, қазандық жақтағы аяқ-табағын салдырлата бастады. Сол кезде пештің бұрышынан ертегінің қызындай кішкене қара қыздың дудыраған басы қылтиды.

Дуана асасын арт жағына сүйеп қойып, шарт жүгініп ыңылдап отыр. Қара қыздың көзі бажырайып тұр.

Ернеуі кетік-кетік, жайпақ, қоңыр зеренмен сусын әкеп беріп жатып, Ақбілектің бетіне үңіле қарап, бір тамсанып қойды. Ақбілек сусын ішіп болғанша, қатын көйлегінің жыртық жерінен ышқырын тыр-тыр қасып қарсы қарап тұрды. Қатын аяғын алып кетісімен, Ақбілек арт жағын сипалап, бұрыш бұрышта жатқан шекпен бе, шалбар ма, кім білсін, — әйтеуір бір үйіндіге басын қойып, шапанын жамылып, жантая бастады. Ақбілек жантайған кезде дуана сырылып орын беріп, қозғала-қозғала тысқа шығып кетті. Ақбілектің жатып қалғанын көрген соң, қатын да қораға шықты. Содан арғысын Ақбілек білген жоқ, әбден талығып келген сорлы сусын жұтып, басы жерге тиген соң, дамыл алып қата қапты.

Қатын даладағы дуананы айналдырып, Мамырбайдың қызы деген соң: «Ә!» деп іші сезе қойды. Дығырдай Мамырбайдың қызын бір жұтым шалаппен жатқызуды жөн көрмей, «Саулы бозінгеннен» бір қылым ұн сұрап алғалы және үйіне Мамырбайдың қызы қонып отырғанын айтқалы, дереу сол үй жаққа жөнелді.

«Саулы бозінген» дегенге түйе екен деп қалмаңыз. Түйеден кісі ұн сұрай ма? Бұ қазақтың да жыны бар ғой, әжептәуір кісіні «Бозінген» деп шығарып, «Бұт жимас» демегеніне шүкіршілік! «Саулы бозінгеннің» кім екенін айта кетеміз бе? Неміз кетіп барады? Бос сөзге жанымыз құмар ғой. Айтсақ айта кетейік.

Қулардың неліктен «Саулы бозінген» деп шығарып жүргенін ит біле ме? Бұл өзі Мұсабайдың қатыны еді. Аузы даладай боп кәртайып қалса да, «Бозінген» жаулығына кір жуытпайтын, мақтаншақ, ұры кеппелеу кісі болатын. Тықпа сақал, бір мойын жаман Мұсабай «Бозінген» бірдеңе айтса «Іңга» дей алмайтын. О түгілі «Саулы бозінгеннің» бір ауылға би болудан да дәмесі болатын; өзге қатындарға талай мойын салып, айғырлық қылам десе де, Бірмағанның тымырсық қызыл қатыны әлде неше жерде әпігін басып, аузын ашырмай жүретін. Әйел шіркін ұрысқанда қайдағы-жайдағыны қазатын әдеті емес пе?.. Қойшы не болса, о болсын! Әлгі кедейдің қатыны сонымен «Бозінгенге» жөнелді дедік қой. Ол өзі туысы бір табан жақын қызыл қатынға неге бармады екен? Жоқ, қызыл қатынға бармай «Бозінгенге» жөнелуі де қулық еді: қызыл қатын екеуінің араздығымен пайдаланып, «Бозінгенді» тағы бір сауып алмақ еді. (бұрында талай сауған ғой). «Жаман иттің атын Бөрібасар қояды», демекші «Бозінген» әлгі бір шатасының атын Әнуарбек қойған еді (қызыл қатын ғой оны «Шаза» деп жүрген. «Бозінген» құлағы түрік кісі ғой: түріктің Әнуарбегін естіп, баласын соңдай қылмақ қой).

Көрші қатын үйге кірген кезде, «Бозінген» аузын қайыстай созып:

— Қойшы енді, Әнуаржан! Ұйықташы, қалқам! – деп, бір қолымен Әнуаржанды қағып, келіншегімсіп қыпшасын қылмитып, бөксесін бұлтитып, өз денесіне өзі сүйсінгендей қылымсып жатыр еді. Көрші қатын сипаңдап босаға жақта тұрғанын көріп, «Бозінген» маңызданып қасын келіп:

— Күмсінай, жәй жүрсің бе?— деді.

— Жәй емес... бір жұмыспен... – деп, Күмсінай бір жамбастап сырғып, «Бозінгеннің» қасына келді. «Бозінген» әлдебір қызық өсек айтады екен деп кимешегін желкесіне қарай бір тартып, жампаңдап, құлағын таяй қойды. Күмсінай сыбыр етті. «Бозінген»:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий