Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Іскендірде үй жоқ. Кез келген үй — оған үй. Тау, тас, сай-сала, ескі мола – бәрі де оған үй. Онда ел де жоқ. Оның елі — дүйім қазақ. Онда мал да жоқ. Тұрған күйі әлгі өзіңіз көрген. Ол дүние жимайды. Ақша берсең, кез келген ауылдың балаларын жарыстырады да, бәйгеге үлестіріп жібереді. Іскендір дорба салмайды: ірімшік, құртыңды алмайды. Оған қолма-қол ішетін тамақ берсең болғаны. Төрдің алдына шарт жүгініп отырады да: «Алла һақ!» деп бір ақырып, қылқ еткізіп қағып салып, асасын бір тіреп тұрып кетеді. Тана-моншағын, үкісін сұрасаң Іскендір бере салады. Бірақ қыз-келіншектерден өзі сұрап алады.

Іскендір өтірік айтуды, кісі алдауды білмейді, адам баласына жамандық ойламайды. Үлкенді – әке, аға – деп тұрады. Мейлі жаңа түскен келіншек болсын, қатын біткенді «шеше» дейді. Еркек, әйел деп айырмайды, бала біткенді «балақайым» дейді. Кісіге өмірі қатты сөз айтпайды. Өзін ренжіткен адамға түк демейді, тек басын шайқайды.

— Дуана, міне бір қияңқы баланы қорқытыңызшы!— десе:

— Қой, балақайым жақсы, қорқытпа, қорқытпа!—деп басынан сипайды.

Іскендір әсіресе балаларды жақсы көреді. Іскендір келсе, бала біткен шұбырып соның соңында болады. Ит біткен шулап артында жүреді. Іскендір асасын жайқап аяңдай береді, асасынан тістеп жатса да итті ұрмайды. Балалар оқып жатса, Іскендір жетіп барып молдасына қол береді, балалар да қуанып дуанаға қол береді. Іскендір балаларды молдадан жалынып сұрап алып, азат қылады. Кейде қонған ауылда кешке таман Іскендір үй жанында жүгініп отырып, оң қолының білезігінен бір балаға ұстатады; олай-былай сілкіп, баланы жығады. Ол күрескені. Балалар қызық көріп, кезек-кезек күреседі. Бала жығылып қалса: «А, балуаным, жығылып қалдың» деп қолын қоя береді; жығылмаса: «А, балуаным, сен жықтың» деп, басын сипайды.

Іскендір не десең соған нанады. «Пәленше сені шақырыпты, қаладан көмір әкеп берсін» депті десе: «А, солай ма?» деп, салып жүріп кетеді. Қыстың қызыл шұнақ аязында Іскендір елу шақырым жердегі қаладан Исақай ешенге бір қап көмір әкеп берген күндері болған. Сонда қарды бұрқыратып, жалаң аяқ жүреді; ол өмір бойы аяғына лыпа ілген жан емес.

Іскендір мақтағанды сүйеді. «Дуана еке, порақотпен жарыстыңыз ба?» десе: «Е, әке, жарыстық қой» дейді. Ол жүйрікпен де, жорғамен де, от арбамен де жарысқан болады. Бірінен қалдым деп айтпайды. Бар мақтанатыны — жүйріктігі. Кейбір көрген адамдар бәйге атынан қалып қойған деседі. Ауыл маңында ерегестіріп, тай, байталмен жарыстырғанда, екі-үш шақырымға дейін оздырмайды. «Дуана, неғып шаршамайсың?» десең, «Е, құдай қуат береді де» дейді.

Іскендір бір жерде байыз тауып отыра алмайды. Бір үйге кірсе, «һақ!» деп бір ақырып, бетін бір сипап, шығып жүре береді.

Ол құмалақ салмайды, бал ашпайды. «Обал» деп басын бірақ шайқайды. Ол намазға да онша құнтақты кісі емес. Кейде жұрт намаз оқып жатса, дәрет алмастан жалаң аяқ барып, қатарға тұра кетеді. Көбінесе оқымайды. Біраз аузы жыбырлап, ішінен ыңылдап бірдеңе айтып жүреді. Анда-санда «һақ!» деп күңірене ышқына бір ақырып қояды.

Іскендір көп сөйлемейді. Жауапты қысқа-қысқа қайырады. Сөйлесе кейде тақпақтап кетеді. «Дуана, союға қойымыз жоқ еді» десе:

А, қойыңыз болмаса ойыңыз болды,

Ойыңыз болса, тойыңыз болды...— деп жыбырлатып әкетеді.

Іскендірдің қабақ шытқанын жан көрген емес, қашан көрсең де жайраңдап, жымиып отырғаны. Іскендірдің неғып мұндай» боп жаралғанын, оның кеудесінде не қылған жүрек, тамырыңда қандай қан, бойында неткен қайрат барлығын ойлайтұғын бір адам жоқ. Ел тек оны «Дуана, дуана» дейді, «Бір алуан адам» дейді. Іскендірдің өмірі жұмбақ. Қалайда Іскендір – адам. Бұл неткен адам?..

Әлгі Ақбілекке кез болған Іскендеріңіздің жайы осы еді. Дуана Ақбілекке жетіп келіп:

– А, балақайым, алақайым, шырақайым... Қайдан келесің? деп басын сипады.

Ақбілек не дерін білмей күбілжіп, міңгірлеп қалды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий