Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

– Дуана еке, мен... мен... Мамырбай ақсақалдың... – дей берді. Орыстар алып кеткенін айтуды ұят көрді. Үндемеудің тағы да жөні жоқ; қалайда бірдеңе айту керек болды. Мандайын сипап, көзін жыпылықтатып, төмен қарап: — Мен Мамырбай ақсақалдың баласы едім... ауылымнан адасып,.. ауылымды таба алмай жүрмін...— деді.

Дуана қалай, неғып адасып жүргенін сұрамады:

– Е, балақайым, адасып қалдың ба?.. Мамырбай, Мамырбай, Тәуірбай, Сауырбай... білем, білем... алып барайын, бағып қарайын, жолға салайын, — деп қолынан жетелей бастады. Қайдан, неғып келе жатқанын сұрамағанға Ақбілек қуанып, еріп жүре берді. Дуана сол қолымен Ақбілекті жетелеп, оң қолындағы асасын жыбырлата тіреп қара ағаштай қатқан аяқтары қаздаңдап қатты аяңға басты. Анда-санда: «А, балақайым, а балақайым! Кезі мөлдіреп, табаны үлдіреп, қарны ашып, қаны қашып қалған екен ғой...» деп, жыбырлатып, тақпақтап қояды. Ақбілек не дерін білмей, біресе дуананың шошаңдаған бес тал сақалына, біресе күнге күйген қошқыл омырауына қарап қояды. Түрпідей сүйек саусақтары Ақбілектің білезігінен, мықтап ұстап алыпты. Үйіне қазір алып бара қоятындай-ақ ентеңдей басып келеді. Ақбілек өзі шаршап, қолтаулап әрең жүріп келе жатқан сорлы жетелеген жағына бос жағы ере алмай шешесі сүйреген жас балаша қырындай береді. Бір мезгілде Ақбілек сүрініп кетті.

– Дуана-еке, кішкене жайырақ жүрсеңіз...— деді.

– Ә, шаршадың ба, балақайым? – деп қолын қоя беріп, жайырақ аяңдады. Әйтсе де сау аяңға дағдыланған дуана әупілдеген кеше бұқаша кеудесі куілдеп, әудем жерге бармай-ақ, Ақбілекті тағы артына тастап кетті. Дуананы сөзбен тежегелі Ақбілек: – Дуана-еке, ауыл алыс па? – деп сұрады. Дуана: – А, деп тоқтай қап: — Жетеміз, жетеміз,— деді.

Дуана тағы озып кетті. Ақбілек шаршауға айналды. Бірақ шаршадым деуге ұялды. Тағы да сөзден бөгейін деп:

– Дуана! – деп бір дауыстады. Бұл жолы Ақбілек маңайда орыстардың бар-жоғын сұрады. Дуана: – Ә, орыс па. Нән жауғырлар, бар ғой, бар ғой,— деп жыбырлатып жөнді жауап айтпады. Жауабына жарымай, Ақбілек өз ауылының қай тұста екенін сұрады. Дуана: — Анау көрінген тұмсықтың астында болады, деп, көгерген тауды нұсқады. Ақбілек ауылына бүгін жете алмасына көзі жетті. Жақын арадағы елге қонуға әрең деп жетсе сол. Дуана желпілдеткенмен, Ақбілекке бәрі де алыс сияқты, өйткені аяғы жүруге жарамай, мүлде салдырап қалып еді. Бірталай жер жүрді. Сонда да жете ал ар емес. Алыста, көз ұшында, адырдың бөктерінде әлде қарауытқан мал, әлде қарауытқан томар секілді бірдеңелер көрінеді. Күн еңкейіп, намаздігер болды. Ақбілектің қарны ашты, қажыды. Аяғын кебіс соғып, қажап тастады. Әлден уақытта жүруге мұршасы келмей, дымы құрып отыра кетті. Дуана жарты шақырымдай озып кеткен еді; дауыстаған соң, жылдам аяңдап жетіп келді. Ақбілек жүруге жарамайтынын білдірді.

— Ә, балақайым, көзің мөлдіреп, табаның үлдіреп, ...шаршап қалдың ба? А, балақайымды арқалап алайын. Кел, міне ғой!— деп, алдына келіп арқасын тосты.

Ақбілек мінерін де, мінбесін де білмей, именіп, аз отырды. Үлкен еркектің мойнына дардай басымен мінуді ұят көрді. Қара мұртқа қатын болғаны, оның құшақтағаны, сүйгені... балаша көтеріп жүргені дереу есіне түсті. Дінсіз орыс еркелеткен арам денесін, қасиетті дуананың арқасына артуды обал көрді. Бірақ дуана:

«Міне ғой, міне ғой» деп күтіп отыр. Ел алыс, жүруге әлі жоқ. Амалсыздан орнынан тұрып, бір тамсанып, күрсінді де, екі қолын ептеп дуананың мойнына апарды. Денесін тигізуге өзінен-өзі жиіркенді. Мойнына қолы баруы мұң екен, шәлкес аттай адуын дуана: «Яу, пірім!» деп көтеріп түрегелді. Ақбілектің салбырап тұрған екі аяғын екі қолымен икемдеп, қысып алып, асасын Ақбілекке ұстатып, бір лықытып қалды да әлуетті дуана адымдай жөнелді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий