Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Шапаны биқасап, әдібі батсайы, жеңсізі дүрия, көйлегі бәтес екенін айтысып, біреуі: Айтжанның көйлегі тәрізді екен,— деп енді бірі: Айтжандікі бұдан гөрі қаттылау, — деп тұрғанда «Бозінген» Ақбілекті былай қойып, көйлек жайынан қыздармен айтысып кетті. Оның айтуынша қыздар дым білмейтін болып шықты; Айтжандікі бес есе артық боп кетті. Айтжан қарағы ұзатылмағанда, орыстар қырылысып қалатын екен, масқаралықтан құдай бір сақтапты, өйткені аманында бергенін «өзі» қалапты (екіқабат болғаны есінде жоқ).

Қатындар, қыздар біраз дауласып, қарқыны басылған соң, үйді-үйіне тарады.

«Бозінген» үйіне келген кезде Мұсабай бірталай ой ойлап, уысына еш нәрсе түсіре алмай дал боп, қисайып жатыр еді. Keп былай: Мұсабай жаңадан байыған, мал жанды, қалтырауық адам болатын; (бұрын қаланың жатағы ғой, қатыны да жатақтың қызы ғой). Үйіндегі бас көтерер адам — қатыны; соның арқасымен кісі боп жүретін. Ана жылы жоғалған бір-екі биесі Мамырбай төңірегінен шығып, соған қолы жете алмай жүретін. Өйткені Мамырбайға да ел керек қой: төңірегінің ұрлық-қарлығына ара түспесе, адамдығы қайсы? Мына қызы қолға түсіп тұрғанда, соның қаржуын қайыруға болмас па екен деп, Мұсабай жаман ойына жүгіртіп еді. Қызды тығып қояйын десе ауылы құрғыр түгел естіп қойды. Өзге айтпағанмен Бірмаған барып жеткізеді ғой. Бірмағанмен оның малайын азғырып алған туралы жаздай араз болып, қатындарының шайырғал екені есінде. Қызды біреуге беріп жіберуге кім даяр тұр? Ол тағы білінбей қалмайды. Ақбілекке сұрау салып жүргені мәлім. Әлде бір епті жігітке масқаралатса қайтер еді? Бірақ онымен де не кегі бітеді? Мамырбайды шығындатқандай бірдеңе табу керек қой. Қалай шығындату керек? Міне, бұл мәселе — мәселенің қиыны болды. Қатыны келіп қыздың сұлулығын мақтағанда, өзінің жаман делебесі де қозды. Бірақ «Бозінгеннен» асар қауқар қайда?

— Қайтейін, сұлу болса! — деп кейіді.

— Қайт дедім саған?— деп қатыны да тежеп тастады. Сонымен Мұсабай күшеніп, төңбекшіп жатып қалды. «Әрі жат!» деп, қатыны да шынтағымен бір түртіп, теріс қарап, өткен дәуренін есіне алып, есінеп: «Осы жаманға қайдан тидім» – деп, тағы да өкінді.

Түнде шайға оятқанда Ақбілек тұрмай, жатып қалған. Таңертең Ақбілек көзін ашса, үй толған кісі. Оң жағына қараса, немере ағасы Әмір отыр.

— Қарағым-ай,— деп Әмір кемсеңдеп құшағын жайды.

— Ағажан-ай!— дегеннен басқа аузына сөз түспеді; ағасын бас салып, солқылдап ағыл-тегіл жылады. Ауылынан келген екі жігіт бірінен соң бірі көрісіп, кеңкілдеп, Күмсінайдың жаман үйін басына көтерді.

Көріскен кісіні айырғанды парыз көріп алған қатындар тоқтау айтып, айқасқан қолдарын жазып, салиқалы «Бозінген» де пешке сүйеніп:

— Енді қайтсын! – деп есіркеген болды.

Алайда қатындардың көңілі бұл көріске жарымады: өйткені Ақбілек суырылып сөйлей алмады; жайшылықта, қыз ұзатқанда, кісі өлгенде айтылатын жырлардың бірде-бірін айтпады; тұтқиылда тығылып қалған жүрек қызыл тілге құшырын төге алмады; ішке толған қалың шер кернеп келген бұлақтай қатты ышқынған жас болып, ыршып-ыршып кетті. Ақбілек: жыр жаттап та көрген жоқ еді; қыз болып ұзатылуға да әлі талай заман бар ғой деп, балалығы айырылмай жүрген 15 жасар бала ғой: Шешесі өлгеннен бері дауыс қып, жоқтағандай болған жоқ; өз басына күн туып кетті. Қатыңдар онысын есеп қыла ма, сөйлемей көріскенін жас баланың жылағанындай көріп, айыздары қанбады.

Жыласып, көрісіп үндемей темен қарап, біраз отырысты. Әлден уақытта Әмір атасы отырып:

— Түнде осы ауылдан хабаршы барған соң, жата алмай қолға түскен атпен жүріп жеттік, – деп қалай келіп қалғанын білдірді.

Мұсабай жаман ойдың ұшығына шыға алмай жатқанда Бірмаған жақсы атты кісі бола қалайын деп, түнде шапқызған екен. Бірмағанның қызыл қатыны өзгеден төрі омыраусып, Ақбілектің қолын ұстап айырып жүргені сол екен. Қызыл қатын қарап тұрмай:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий